Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер:

1. Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000

2. Ш.К. Бектуров, А.Ш. Бектурова. Казахский язык для всех. Алматы, «Атамұра», 2004.

3. А.О. Мұса, Ж.Ш. Әбіш, І.М. Төленов. Қазақ тілі (оқу құралы). Алматы, «Экономика», 2001, 380 бет.

4. Ж.Ш.Әбіш, Р.Қ. Әдісханова, Ж.О. Мұсаева ж.б. Қазақ тілі (жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқу құралы). Алматы, «Жания-Полиграф» баспасы, 2004, 380 бет.

Қосымша оқулықтар:

1. Ш.К. Бектұров, А.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, «Атамұра», 2004.

2. Н.Қ. Мамыров, А.О. Мұса, Ж.Ш. Әбіш. Қазіргі экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, «Экономика», 2000, 402 бет.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш. Құрастырғандар: Сүлейменова Ж., Орынбаев А., Абитжанова Ж. Алматы: «Эверо» баспасы, 2009ж., 248 бет.

Аға оқытушы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы

3-сабақ. Ресми іс қағаздар тілінің нормасы

Тірек сөздер: Ресми ісқағаздар, ресми стиль, ісқағаздар стилі, кеңсе стилі, әдеби тіл, жалпы халықтық тіл, жазба мәдениеті, ресми құжаттар, мемлекет жұмыстары, ел билеу, өтініш, өмірбаян, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, түйіндеме, хабарландыру, құттықтау, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, бұйрық, есеп, хаттама, шарт, міндеттеме, нұсқау хаттар, сот процесі, елшілік кездесулер.

Ресми ісқағаздар тілі – әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі. Әдеби тіл жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі – көркем әдебиеттің, ғылымның, ісқағазардың, өнер-білімнің, баспасөздің тілі.Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениеті арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі. Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі – бірізділік. Бұл бірізділік тілдің орфогафиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуы тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болу керек. Ресми ісқағаздар тілі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, ісқағаздар стилі деп те айтылады. Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігі, онда факт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені ісқағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ісқағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, т.б. жатады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері , сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Қолданылатын орны. Ісқағаздарында, нұсқау хаттарда, кеңсе құжаттарында жазба түрі, ал сот процесі кезінде, елшілік кездесулерде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынастарында ауызша түрі қолданылады.

Қарым-қатынас мақсаты: хабарлау, нақты мәліметтер беру. Тілдік амал-тәсілдері: сөз, сөз тіркестері тіліндегі өз мағынасына сай жұмсалады. Мысалы, ресми стильде жазушы сөзі сөз зергері, қаламгер деп қолданылмайды. Жеңіл автомобиль атауы, сөйлеу тіліндегідей, жұмсақ машина деп айтылмайды. Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда, ісқағаздары қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылып, сөйлемдері тиянақты, ой аяқталған болып келеді де, мазмұны көбінесе «тапсырма», «бұйыру» ыңғайында болады.Ресми стильде кітаби реңктегі сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен термин сөздер пайдаланылады. Мысалы: орындау міндеттелсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге асырылсын, ұйымдастыру қолға алынсын, баса көңіл бөлінсін, баса назар аударылсын, ескеріп отыратын болсын, қамтамасыз етілсін, қаулы етеді, осы анықтама берілді, жарлық етеді, т.б. күрделі тіркестер көбірек кездеседі. Ісқағаздары көбінесе өткен шақ формасында жазылады, айқындап тұратын сөздер жиі қолданылады.

Стильдік сипаттары: ресмилік, нақтылық. Айтылатын ойды бұрмалауға не екіұшты түсінуге жол бермейтіндей дәлдіктің болуы; автордың жеке басының сезім күйі тежеулі, сөзі ресми сипатта болуы

1-тапсырма.

1. Ісқағаздары, оның түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Ісқағаздарының қандай жағдайда жазылатынын, мазмұндық-құрылымдық жүйесін т.б. дерекшеліктерін есте сақтаңыз.

2. Ісқағаздары, оның түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

1-кесте

Құжаттың аты

Мазмұндық-құрылымдық жүйесі

Қандай жағдайда жазылады

Өмірбаян

Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, білімі, оқыған оқу орындары, қоғамдық-саяси қызметі, ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет, қазіргі жұмысы, мекен-жайы

1.Қызметке орналасу кезінде

2.Оқу орнына түсерде

Түйіндеме

аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, мекен-жайы, телефоны, отбасы жағдайы, азаматтығы, білімі, бітірген, оқу орындары, кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі, тілдік дағдылары, компьютерлік сауаттылығы, жеке қасиеттері -    қызығушылығы туралы мәлімет, қосымша ақпараттар

Өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесінің, мамандығының икемділігін ұтымы көрсете отырып, ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу

Мінездеме

Тақырыбы, мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет, негізгі мәтін, қорытынды, мінездемені талап етуші үйымның аты, мінездеме берілген күн, ай, жыл, мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы, қосымша (егер болса), мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Қызметкерді басқа бір вакансияға немесе оқу орнына ұсыну мақсатында жазылады.

Өтініш

Мекеменің толық аты, басшының қызметі, атағы, аты-жөні, құжат аты, мазмұны, жазылу мерзімі, қолы, өтініш берушінің аты жөні, кейде мекен жайы.

 жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау   жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т.б.

Сенімхат

құжат атауы,күні, айы, жылы, мекен-жайы, сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі), сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі), алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі), қайтарылатын нақты уақыты, қайтара алмаған жағдайдағы шарты, нотариалдық мекеме мөрі.

Өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір адамға берерде жазылады.

2-кесте

Құжаттың аты

Мазмұндық-құрылымдық жүйесі

Қандай жағдайда жазылады

Өмірбаян

Түйіндеме

Мінездеме

.

Өтініш

 

Сенімхат

.

2-тапсырма. Сіз бөлім бастығысыз, жұмысқа жаңа қызметкер қабылдаңыз. Сұхбаттасып көріңіз.

- Сәлеметсіз бе? Кіруге бола ма?

- Сәлеметсіз бе? Кіріңіз. Қандай шаруамен келдіңіз?

- Мен сіздердің фирмаларыңызға хабарландыру бойынша келіп тұрмын. Сіздерде менеджерлік бос орын бар ма?

- Иә, бар. Сіз қандай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?

  • Қазақ экономикалық университетін қызыл дипломмен бітірдім.

  • Жұмыс тәжірибеңіз бар ма?

  • Иә, бес жылдық жұмыс тәжірибем бар.

  • Сіз қазақ, ағылшын тілдерін жақсы білесіз бе?

  • Қазақ тілінде жақсы сөйлеймін, ағылшын тілін де біршама тәуір білемін.

  • Өте жақсы. Ондай болса, сіздің жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарыңыз дайын ба?

  • Иә. Менде жоғары білімім туралы диплом, жеке куәлік, төлқұжат, еңбек кітапшасы(жеке іспарағы), әлеуметтік жеке код(ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН), зейнетақы шарты бар.

  • Онда сіз жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз. Мінездеме мен өмірбаян керек. Сонымен бірге түйіндеме жазып қалдырыңыз. Ертең келіңіз.

  • Рақмет, сау болыңыз!

  • Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]