Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М. Балақаев. М. Серғалиев. « Қазақ тілі». Алматы. − Санат.2005ж.

2. Тұрақты теңеулер сөздігі. –Алматы: Арыс баспасы,2007ж.

3. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж.

4. Г. Тайсюганова, З.Рахмет. Қазақ тілі. Қызықты грамматика. Алматы: Кітап. 2007ж.

5. М. Шәбжантайқызы. Шығарма тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы. Көкшетау. 2007ж.

Дәркенбаева Г.Қ.

15-тақырып. Сөздің тазалығы. Баяндама, есеп беру үлгілері.

Тірек сөздер: баяндама, мәлімет, дереккөз, интеллектуалдық еңбек, ғылыми пікір, құрылым, тұжырым, нақтылау, сөз, тіл тазалығы, бөгде сөз, тілді шұбарлау, ғылыми пікір, лауазым, хабарлау, талқылау.

Баяндама немесе есеп беру - бұл ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат. Баяндама әрдайым құжаттық мәлiметтердiң негізінде дайындалады. Бұл іс қағазы басқармаға немесе лауазымы жоғары тұлғаға қандай да бір қызметтік ақпаратты жеткізу үшін қолданылады.

Баяндама – белгілі бір тақырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында, көп жағдайда ауызша баяндалатын хабарлама.

Баяндаманың түпкi мақсаты – ақпарат және дерек беру, сонымен қатар мәтiнде ұсыныстар да болады.

Құжаттың құрылымы: кiрiспе, зерттеу әдiстерi, нәтижелер және талқылау.

Баяндамалардың (есеп берудің) төмендегідей түрлері бар:

  • ғылыми есептер-баяндамалар;

  • әскери есептер;

  • тексеріс бойынша есептер;

  • бағалау бойынша есептер;

  • несие бойынша есептер;

  • демографиялық есептер;

  • полицей есептері;

  • іс сапарлар есебі;

  • тергеу жұмысына қатысты есептер;

  • бюджеттiк есептер;

  • аудиторлық есептер;

  • жылдық есеп, т.б..

Ғылыми баяндамалар мазмұнының берілу әдісіне қарай ауызша, қысқаша жазбаша және толық түрдегі жазбаша болып үш түрге жіктеледі.

Ауызша баяндама. Баяндаманың бұл түрі әдеттегiдей, жазбаша баяндаманың негiзiн салушы болып табылады және оны өңдеуге көмектеседi немесе керiсiнше, iстелген жұмыстың қорытындысы ретінде есептеліп, нәтижелердi түсіндірудің тиiмдi құралы болып табылады. Ауызша баяндаманы талдап талқылауға берілген уақыттың үштен бір бөлігі ғана осы ауызша баяндаманы хабарлауға кетеді. Ал қалған уақыт баяндаманы талқылауға беріледі.

Баяндаманың мұндай түрі барынша ақпаратты, түсінуге жеңіл әрі тыңдаушының есінде тез сақталатындай болуы керек.

Жазбаша (қысқа) баяндама. Көлемі бойынша бұл баяндаманың түрi 20 беттен аспайды. Әдеттегiдей, қысқаша жазбаша баяндама зерттеу барысында өте маңызды мәлiметтi қорытып жеткізетін құжат болып табылады. Баяндаманың бұл түрінің құрылымы әдетте мынадай: кiрiспесі, мақсаты, әдiстемесі, нәтижелері, ұсыныстар.

Жазбаша (толық) баяндама. Баяндаманың бұл түрі қысқа баяндамадан баяндама мазмұнындағы зерттеу қорытындыларына негізделген мәліметтің көптігімен ерекшеленеді. Мұндай толық баяндаманың жалпы көлемі 60 бетке дейін жетуі мүмкін. Баяндаманың бұл түрін әдістемелік жағынан барынша дұрыс құрылған және оқуға жеңіл етіп жазуға тырысу керек.

Баяндаманың о р т а қ б е л г і л е р і

баяндаманың үш түрі де белгілі бір мәліметті жетізуге байланысты дайындалады.

- баяндаманың үш түрінің де құрылымы бірдей болады.

- келтірілген фактілер нақты, дәлелді болу керек. т.б.

Студенттер тарапынан дайындалатын баяндамалар.

Баяндама тақырыбы ретінде сол оқу курсының дәрiстерінде айтылмаған, талданбаған материалдар, мәселелер жеке студентке семинар сабақтарында қорғайтын өздік жұмыс ретінде беріледі. Мұндай семинар сабақтарында даярланған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыруға және оқытушының студенттің өздік жұмысты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттен өзіндік интеллектуалдық еңбекті талап ететін баяндамаларды әзірлеу төмендегідей қадамдардан (этап) тұрады:

  • таңдалған тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген әдебиеттермен танысып, оқып шығу;

  • сол тақырып төңірегінде айтылған әр түрлі ғылыми пікірлерді жинап, салыстыру, зерттеу;

  • тақырып төңірегіндегі ойын жинақтап, толық жоспар формасында логикалық құрылымын құрастыру;

  • баяндама мәтінін жазуда ғылыми стиль талаптарын ескеру.

Кез келген ғылыми жұмыстардың құрылымы сияқты баяндама құрылымы да дәстүрлі үш бөлікиен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.

Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі.

Негізгі бөлімі логикалық жағынан нақты құрылуы керек. Мәліметтер өзара байланысты, дәлелді әрі нақты болу керек. Негізгі мәтінде айтылған ой қайталана бермеуі тиіс.

Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжырымдар жасалып, негізгі мәселелер нақтыланады.

1-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  1. Баяндама дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

  2. Баяндаманың құрылымдық жүйесі қандай?

  3. Баяндама қандай мақсатта дайындалады?

  4. Баяндама жазуда қандай стиль қолданылады, ол стильдің ерекшелігі не?

  5. Баяндаманың басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарынан өзіндік ерекшелігі неде?

  1. тапсырма. Кестені толтырыңыз.

  1. 1–кестедегі мәліметтерді оқып шығып, баяндаманың түрлерін, өзіндік ерекшелігін есте сақтаңыз.

  2. Ғылыми баяндама түрлеріне қатысты мәліметтерді еске түсіре отырып, 2-кестені толтырыңыз.

1-кесте

Баяндама түрлері

Ауызша баяндама

Жазбаша (қысқа)

баяндама

Жазбаша (толық)

баяндама

Ө з і н д і к е р е к ш е л і к т е р і

О р т а қ б е л г і л е р і

3 - лексикалық тапсырма.

1 – сұхбат:

Тіл жайлы адамдардың ой-пікірін білгім келіп тұратын әдетім бар. Сондай бір кезде «мобил агнетте» отырып «шағын блогқа»: «Жамағат сәлем» десе, неге «Привет!» деп жауап бересіңдер, неге «салем!» деп қазақша жауап бермейсіңдер? – деп сұраған едім, сол кезде бір қыздан «это привычка» деген жауап келді. Диалог әрі қарай былай жалғасты: -Неге «привычка»? -Соған үйреніп кеткенмін ғой. -«Сәлем» деп қазақша жазуға да болады ғой.- -Не а. -«Жоқ» десеңші. -Айттым ғой, міне тағы да«привычка». -Ал сен «привычка» қылма. Қазақ емессің ба? (Осы кезде ол шығын болгына: «Мне насрать вашего мнение.» деп жазды) -Несіне ашуланасын, мен Қазақ болайық деп жатырмын ғой?! -Итак Қазақпыз ғой. -Ол тек ауызбен айтқанға, дәл қазіргі айтып отырғаның анау болса, сенен қайдағы Қазақ шығады? -Мен орысша сөйлеймін, потому что ол маған керек. Орыс тілін білмесек болашағымыз жоқ. -Біл, саған кім «білме» деді? Игілігіңе жарасын, бірақ өз тіліңді ластамай-ақ сөйлесең болмай ма? -Өзім білемін, ешкімнің шаруасы болмасын! -Маған десең орыс болып кет! Мен саған «ұлтшылдық» мағынада емес, «ұлтжандылық» мағынада айтып жатырмын. -Боламын орыс, онда не жұмысың бар? -Ешқандай жұмысым жоқ. Бірақ, бүгін осылай сөйлеген сенен және сен сияқтылардан Қазақстанның ертеңін елестетудің өзі ұят. Қаныңды оңай сатып жібереді екенсің. Мен өз тілі бола тұра, өзге тілге бағынышты болып қалған адамды «бейшара, байғұс біреу» деп білемін. -Өзің біл, кім десең де.

  1. сұхбат:

  • Диалогтарды оқып, талдаңыздар.

  • Екі тілді араластырып сөйлеудің қауіптілігі неде?

  • А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөзінің мәнісін осы диалогтармен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.

  • Өз бетіңзше ой қорытып, тұжырым шығарыңыз.

«Только үш-төрт сом қостық. И все».

«Ия, шумиха болды».

«Бағаны көтерген жоқпыз, потому что ешкім алмайды»

***

«Мынау нағыз уйықтайтын погода екен».

«Иә, бірде қар, то дождь».

«Бүгін целый день снег жауад деген».

«Снег па, дождь ба?»

«Снег деп айтты».

«Холод болады деп айтты ма?»

«Холод бола қоймас. Временами деді ғой».

***

«Саулеша, анау үшінші палатадағы старушкаға укол салдың» ба?»

«Жоқ, ол пока система алып жатыр».

«Сахарға анализ тапсырып па еді?»

«Кеше сдавать еткен».

«Онда хорошо».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]