Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Дипломатиялық стиль қандай ортада және қандай мақсатта қолданылады?

2. Дипломатиялық протокол дегеніміз не?

3. Дипломатиялық нота дегеніміз не?

4. Сенім грамотасы қандай жағдайда кіммен беріледі?

5. Дипломатиялық стильде қандай тілдік құралдар жиі қолданылады?

6. Дипломатиялық стильде белсенді қолданылатын 10 сөз айтыңыз.

Соөж тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқыңыз, дипломатиялық қарым-қатынаста қолданылатын сөздер мен құжат тілінде қолданылатын сөздерді екі айырып жазыңыз. Сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Үлгі:

Дипломатиялық стиль

Құжат тілі

Мемлекетаралық келісім

Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы

КЕЛІСІМ

Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, бұдан былай Екі жақ деп аталады,

өзара сыйластық негізіндегі достық қатынастарды дамытуға ұмтылушылықты ескере келіп,

теңдік пен өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды көздей отырып, төмендегілерге келісті:

1-бап

Екі жақ елдің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдар мен ережелердің шеңберінде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы мақсатпен тиісті қолайлы жағдайлар жасайды.

2-бап

Екі жақ екі елдің тиісті органдары тауарларды сырттан әкелуге және сыртқа шығаруға лицензиялар берілуін және кедендік баж салығы үшін елдегі тауарлар үшін белгіленгендегіденжоғары болмауын қамтамасыз етуге келісті.

3-бап

Екі жақ сауда және экономиканың түрлі саласындағы ынтымақтастығы үшін өздерінің кәсіпорындарын, фирмалары мен ұйымдарын ынталандырып отыруға келісті.

4-бап

Осы Келісімнің шеңберінде өзара тауар жеткізу мен қызмет көрсету әрбір елдің қалыптасқан заңдары мен ережелеріне сай екі елдің жеке адамдары мен құқықты жақтардың арасында жасасқан шарттардың негізінде жүзеге асырылатын болады.

5-бап

Екі жақ өзара тауар жеткізу және қызмет көрсету дүниежүзілік баға мен халықаралық сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылатындығына келісті.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келісім не туралы?

2. Мемлекетаралық келісімнің әдеттегі келісімнен айырмашылығы неде?

3. Келісімнің мақсаты не?

4. Екі жақ қандай келісімдерге келді?

Сөж тапсырмасы

1.http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals сайтынан «Дипломатия жаршысы» журналынан дипломатиялық мәтін үзіндісін орысшадан қазақшаға аударып, жазылуын, мазмұнын талдаңыз.

2. «Халықаралық ұйымдар және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында баспасөз материалдарымен жұмыс істеңіз. Онда қандай халықаралық мәселелер көтерілгенін, өту барысын зерттеп, келесі сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

1. Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Кеңесінің ресми құрылған кезі қай кез? А. 1977

В. 1975.

С.1973

Д. 1974

2. ЕҚЫҰ қандай бағытта жұмыс атқармайды?

А. Қауіпсіздік

В. Ынтымақтастық

С. Адам құқығы

Д. Еңбек бөлінісі

3. Еуропада болуы мүмкін дағдарыстың, жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық процестерді дамыту ЕҚЫҰ-ның –

А.Мақсаты.

В. Қызметі

С.Жетістігі

Д.Жұмыс нәтижесі

4. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қашан мүше болды?

А.1993

В.1994

С.1992

Д. 1996

5. ЕҚЫҰ-ның ҮІІ Саммиті қашан қай жерде өтті?

А.2010, 1-2 желтоқсан. Астанада.

В. 2010, 1-2 желтоқсан. Алматыда.

С. 2011, 1-2 желтоқсан. Румынияда.

Д. 2009, 1-2 желтоқсан, Венада

6.Келесі сөздердің толық атауы мен қызметін жазыңыз.

БҰҰ, ИКҰ, ЕК, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]