Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

- мемлекеттің салық жүйесінің қлыптасуы;

- салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

- арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

- салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін біршама қиындықтар болды, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынды. Қазіргі кезде бұл тұрақты жүйе болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Салық түрлері:

Корпорациялық табыс салығы.

Жеке табыс салығы.

Қосылған құн салығы.

Акциздер.

Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

Әлеуметтік салық.

Жер салығы.

Көлік салығы.

Мүлік салығы.

Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін және оны реттейтін жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің көздері болып табылатын жергілікті салықтар қолданылады. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

- қосымша құнға салынатын салық;

- акциздер;

- құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

Жергілікті салықтарға мыналар жатады:

- жер салығы;

- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- көлік құралдарына салынатын салық;

- жол салықтары.

5-тапсырма.

1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

2.Мәтінге жоспар құраңыз.

3.Мәтінге бес сұрақ қойыңыз.

4.Сұрақтарға мәтіннен жауап жазыңыз.

6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін жаттап алып, олармен сөйлем құраңыз.

Салық жүйесі – налоговая система

Салық саясаты – налоговая политика

Мемлекеттік басқару – государственное управление

Салық механизмі – налоговый механизм

Салық қызметі – налоговая услуга

Табыс салығы – подоходный налог

Әлеуметтік салық – социальный налог

Жер салығы – земельный налог

Көлік салығы – налог на транспорт

Мүлік салығы – налог на имущество

7-тапсырма. Мысалы: М. Әуезов аудандық салық комитетінде салықты уақытында төлемеген кәсіпкерлермен жұмыс. Сұхбат.

Салық қызметкері Сәлеметсіз бе? Сізбен хабарласып тұрған М. Әуезов

аудандық салық комитетінен.

Фирма директоры Сәлеметсіз бе? Сізді тыңдап тұрмын.

Салық қызметкері Сіздер 2011 жылдың соңғы қараша, қазан, желтоқсан

айларының салығын төлемеген екенсіздер.

Фирма директоры Иә. Кешіріңіз. Аталған айлардан бастап фирма

уақытша жұмыс істемей тұр. Біраз уақыт берсеңіздер,

бәрін төлеуге уәде беремін.

Салық қызметкері Үш күн уақыт береміз. Сонымен қатар

кешіктіргендеріңізге байланысты үстеме пайыз

төлейсіздер.

Фирма директоры Әрине, бәрін де төлеп тастауға тырысамыз. Рахмет.

Сау болыңыз.

Салық қызметкері Үш күн, ұмытпаңыз. Сау болыңыз.

8-тапсырма. Сөйлемдегі бос орындарға қажетті сөзді қойып жазыңыздар.

«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ... ... ... ... ерекше.

салық инспекциясы

«Пайдаға салынатын салық» - ... ... ... аса маңызды заңдарының бірі.

пайдаға салынатын салық

Салыққа байланысты ... ... ... – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан ... ... туралы» Заңда ескерілген.

Ынталандыруға

Бүгінгі таңда ... ... ... салықтың мөлшері 35 пайыздан 25 пайызға дейін.

Қазақстан Республикасының Заңының орны

алынатын салық

Салық – экономикамызды дамытудағы ... ... .

нарықтық экономика

Салықтың ... ... кезіндегі рөлі мен мәні зор.

реттеуші күш

Өндіріс өсімін ... ... бағытталған жеңілдіктер көзделген.

жаңа салық жүйесіндегі

Мемлекеттік ... ... меншік түрлеріне қарамастан тексеріс жүргізе алады.

соңғы кездегі жаңалық

9-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Экономикалық терминдерді тіркестерімен теріп жазып алып, сөздік құраңыз.

Организация взимания налогов

Организация налогообложения сводится к построению и функционированию налогового механизма, включающего формы налоговых отношений,то есть конкретные наименования видов налогов, а также порядок и методы, их применения, способы действия. В налоговом механизме применяется специальный инструментарий из взаимосвязанных элементов.

К элементам налогообложения относится: субъект, носитель налога, источник налога, единица обложения, налоговая база, налоговая ставка, квота, налоговый оклад, налоговые льготы, сроки и порядок уплаты, права и обязанности налогоплательщиков и налоговых органов, контроль за уплатой налогов, санкции за нарушение налогового законодательства.

Налоговым обязательством считается обязательство налогоплательщика перед государством, возникающее в соответствии с налоговым законодательством.

Налоговый период – период времени6 установленный применительно к отдельным налогом и другим обязательным платежам согласно особенной части настоящего Кодекса, по окончании которого определяется налоговая база и исчисляется сумма налогов и других обязательных платежей, подлежащих уплате в бюджет.

Субъект налога (налогоплательщик) – это физическое или юридическое лицо, на которое законом возложена обязанность уплачивать налог.

Понятие налоговый агент означает – индивидуальный предприниматель, частный нотариус, адвокат, юридическое лицо, в том числе нерезидент, осуществ-ляющий деятельность в Республика Казакстан через постоянное учреждение, филиал, представительство, на которых возложена обязанность по исчислению, удержанию и перечислению налогов, удерживаемых у источника выплаты.

Носители налогов – физические лица: конечные налогоплательщики, на которых падает фактическое налоговое бремя, то есть граждане государства.

Объект налога – доход, имущество, вид деятельности, оказание услуг, денежные операции, предметы (товароматериальные ценности), которые являются основой налогообложения (с которых исчисляется налог). Объектом обложения является также передача имущества, пользование приролными ресурсами, добавленная стоимость продукции, работ и услуг, хозяйственный оборот и т.д.

Источником налога является доход, из которого уплачивается налог; по некоторым налогом (например, налог на прибыль) объект и источники совпадают; в некоторых случаях источником налога может быть часть имущества, которую продает плательщик, чтобы выплатить налог.

Понятие налоговая база, которая представляет собой стоимостную, физическую или иную характеристику объекта налогообложения и объекта, связанного с налогообложением, на основании которых определяются суммы налогов и других обязательных платежей, подлежащих уплате в бюджет.

Единица обложения – единица измерения объекта налога, установленная для счета (1 тенге, 1 гектар, 1 метр, единица измерения товара и др.)

Налоговая ставка – это величина налоговых начислений на единицу измерения налоговой базы; она характеризует норму налогового обложения; выраженная в процентах к доходу налогоплательщика, называется налоговой квотой.

По методу построения ставки налогов бывают твердые и процентные.

Твердые ставки устанавливаются в абсолютной сумме к единице обложения, независимо от размеров доходов (применяются при обложении реальными налогами – земельным, имущественным).

Процентные ставки бывают трех видов: пропорциональные, прогрессивные и регрессивные.

10-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.

Валюта курсы арасында/ Пайда әпереді/ Маржа – сатушы мен сатып алушының/ Банктің шығындарын/ өзгешелік/Жабуға пайдаланылады. Оның жасалатын уақыты/ Валюталық келісім үшін/Әрбір нақты/Мен орнының маңызы бар. Әсер етеді/ Маржаның көлеміне/ Рыноктың айналым да. Төмен болған сайын/ Өзгешелік те жоғары болады/ Ол неғұрлым/ Сатушы мен сатып алушының \ Курстары арасындағы. Немесе капитал мөлшеріндегі/ Маржа пайдасы дегеніміз -/ Өткізілген өнім/Найданың пайыздық көрсеткіші. Өзгерту мақсатымен/ Заемды конверсиялау-/ жаңасымен алмастыру/ Заемдік пайыздық мөлшерін/ Оның мерзімін және/ Бұрын шығарылған заемды. Шығындарын/ Қалыптастыруға арналған/ Бұл айналым. Ұстап тұруға\ Өндірістік қорлар/ Жоғары дәрежеде\ Өнім шығару/ Шектеулі болғандықтан/ Қаржының өсуін ұдайы. Пайда болған/ Ақша қатынасы/ XV-XVII ғасырларда/ Тұңғыш рет. Қолданылды/ ОЛ\ Ең алғаш / Италияда. Басқарылатын материалдық/ Қаржы қатынастары/ Объект құрайды/ Формаларымен ақшалай/ Қаржы қорлары.

11-тапсырма. Ресми құжаттар. Бұйрық

Кәсіпорынның жарлықшылық қызметі кәсіпорын директорының тікелей бұйрық шығаруымен құжатталады.

Мазмұнына қарай бұйрық екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке құрамы бойынша.

Бұйрық негізгі қызмет бойынша нормативті құжат болып табылады, яғни өндірістік-шаруашылық қызмет саласы бойынша басқару шешімін жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие беру, өнімді өткізу, сыртқы экономикалық қызмет, кәсіпорынның құрылымдық және ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдету т.б. білдіретін ресми құжат түрі.

Бұйрықтар жобасын кәсіпорын мамандары даярлайды. Бұйрық дайындау кезінде негізгі алдыңғы қатарлы мамандармен, заңгермен, бас есепшімен келісіледі және бұған кәсіпорын директоры (басшысы) қол қояды. Кәсіпорын басшысының қолы қойылған бұйрықты іс-қағаздарын жүргізуші қызметкер тіркейді. Егер мәтінде басқа мерзімі көрсетілмесе, бұйрық қол қойылған сәтінен бастап заңды күшіне енеді. Негізгі қызметке байланысты бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылды. Бұйрықтың негізгі деректемелері мыналар: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы, күні, индексі, мәтіннің бас тақырыбы, бақылау белгісі, мәтін, қолы, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы және компьютерге көшірілгендігі туралы белгі.

Бұйрық мәтіні екі бөлімнен тұрады: анықтау (белгілеу, констатирующий), өкімгерлік. Анықтау бөлімінде бұйрықты шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады, бұйрықтың шығу себебі түсіндіріледі. Ұйғарымның қолданылу күші, мақсаты мен міндеті белгіленеді. Өкімгерлік бөлімінде бұйрықтың , ұйғарымның орындалу мен орындалуына жауапты лауазымды адамдардың аты-жөні көрсетіледі. Өкімгерлік бөлімі анықтау бөлімінен «Бұйырамын» деген сөз арқылы ажыратылады. Мысалы: Штаттық кестеге өзгеріс енгізу туралы бұйрық формасы

Кәсіпорын аты

БҰЙРЫҚ

18.01.2012ж

Алматы. Кәсіпорын аппаратының штаттық кестесіне өзгерістер енгізу туралы

байланысты

Бұйырамын.

Кәсіпорын аппаратының штаттық кестесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.

2.

3.

4.

5.

Кәсіпорын басшысы Елубаев Е.Н.

Бұрыштама

12-тапсырма. 1. Мәтіннен бұйрық түрінің бірнешеуін таңдап алып, мысалдар келтіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]