Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Менің анкетам

-        Туған жерің?

-        Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

-        Туған жылың?

-        1931. Құрдасымын Шәмілдің.

-        Жынысың кім?

-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...

-        Партияда барсың ба?

-        Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

-        Шыққан тегің?

-        Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

-        Білімің ше?

-        Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

-        Ана тілің?

-        Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге?

-        Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

-        Сөгіс алып көрдің бе?

-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

-        Шетелдерде болдың ба?

-        Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жайыммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

-        Мекенжайың?

-        Мекенжайым - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

М.Мақатаев

15-тапсырма. Мақал-мәтелдерді қазақ тіліндегі бар нұсқаларымен аударыңыз.

Үлгі: За много дел не берись, а в одном отличись – Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

Не откладывай на завтра то, что можно делать сегодня.

Какие труды, такие плоды.

Терпение и труд, все перетрут.

Труд человека кормит, а лень портить.

Тест тапсырмалары

1.Іс жүргізе алу артықшылық ....................

А) көрсетеді

В) жасайды

С) береді

Д) етеді

Е) қылады

2. Іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын құжат түрі:

А) түйіндеме

В)визит карточкасы

С) арыз

Д) сенімхат

Е) өмірбаян

3. Жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары белгіленетін құжат түрі:

А) шарт

В) еңбек туралы заң

С) бұйрық

Д) кесім

Е)қызметтік хат

4. Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін етістіктер:

А) қамтамасыз ету, мәлімдеу, баяндау, хабарлау

В) жүктеу, келгенде, көріпті, өтіну,

С) асықты, ақпарат берді, баға бегілеу, ұсынды

Д) жоспарлады, айықты, көмек көрсетсін, анықтау

Е) қуансын, жіберу, мәлімдеді, тексерген

5. Іс қағаздарын жазу барысында хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:

А) - ... туралы мәлімдеймін, ... ұйым хабарлайды, ... туралы сізге мәлімет жеткіземін, баяндаймын

В) - ... ақпарат беріңіз, ... шешім қабылдады, ... жол берілмесін, ...айтып берді

С) - ... мүмкін емес, ... көңілді отырды, ... жиналыс өткізді, ...баяндама жазды

Д) - ... туралы айтамын, ... хабар береміз, ... жайында жаздық, ... туралы келістім

Е) рұқсат етемін, іссапарға барыңыз,

6.Мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілекті білдіретін құжат ________ деп аталады.

А) Қолхат

Б) Өмірбаян

С) Өтініш

Д) Сенімхат

Е) Кепілхат

7. «Атқарып жүрген қызметіне лайық» деген қорытынды қай құжатқа тән?

А.Өмірбаян

В.Мінездеме

С.Түйіндеме

Д.Өтініш

Е. Қолхат

8. Сөйлемді толықтырыңыз: Жұмыстан босату... сұраймын.

А) –да

Б) –ды

С) –ға

Д) –ыңызды

Е) –ың

9. Кадрлар бөлімінде толтырылатын бланктік қағаздың бір түрі ________ деп аталады.

А) өмірбаян

Б) мінездеме

С) түйіндеме

Д) хаттама

Е) жеке іс парағы

10. Сөйлемді толықтырыңыз: Өтінішке ________ қол қояды.

А) студент

Б) мекеме басшысы

С) оқытушы

Д) топ басшысы

Е) өтінішті тіркеуші

11. Анықтама қандай мақсатта жазылады?

А. Кепілдік беру мақсатында

В. Деректі растау мақсатында С. Ақпараттың растығын анықтау мақсатында Д. Мәліметтерді жинақтау мақсатында Е. Бір нәрсе жайында өтіну мақсатында

12. «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

А) кезексіз демалыс

Б) кезектен тыс демалыс

С) мерзімсіз демалыс

Д) уақытша демалыс

Е) уақыттан тыс демалыс

13. Ең қысқа көлемде жазылатын ісқағазының түрін атаңыз.

А. Сенімхат

В. Анықтама

С. Өтініш

Д. Хаттама

Е. Кепілдеме

14. Сөйлемді толықтырыңыз: Демалысқа ..................байланысты өтініш бердім.

А) кетуіме

Б) алуыма

С) жетуіме

Д) шығуыма

Е) шақыруыма

16. Жеке қасиет - ..........................

А) ағылшын тілін білу

В) басшылық қызмет

С) компьютерді білу

Д) парасаттылық

Е) еңбек өтілі аз

17. «Әскери міндетті» тіркесінің аудармасы

А) военный

Б) военное подразделение

С) воинское звание

Д) военное формирование

Е) военнообязанный

18.Іс қағазының қай түрінде мерзімдік деректің нақтылығы ерекше талап етіледі?

А) сенімхатта

В) келісімшартта

С) хатта

Д) жарнамада

Е) түсініктемеде

19. Құндылығы жоғары заттарды алу барысында рәсімделетін құжат түрі.

А.Қолхат В.Сенімхат С.Кепілхат

Д. Қызметтік хат

Е. Бұйрық

20. Іс қағазының қай түрінде орындаушыға нақты міндет жүктелгені көрсетіледі?

А. Кепілдемеде

В. Жеделхатта

С. Бұйрықта

Д. Арызда

Е. Анықтамада

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]