Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Жағдаяттық тапсырма

Сіз бір үлкен мекеме басшысысыз. Сізге жұмысқа тұру жөнінде ұсыныс жасап келген үміткерлерді жұмысқа қабылдауыңыз керек. Сіз үміткерлердің қандай сапалық белгісіне ерекше көңіл бөлер едіңіз?

12-тапсырма. Жұмысқа тұру үшін қажетті негізгі құжаттың бірі өзіңіздің түйіндемеңізді жазып көрсетіңіз.

13-тапсырма. Төмендегі үлгіге қарап, өзіңіз бір ресми құжатты толтырыңыз. Ол құжат жұмысқа қабылдау туралы болсын.

Үлгі.

Жұмысқа қабылдау туралы

(аты - жөні) экономист мамандығы міндетін уақытша атқаруға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15 – бабының 1- тармағына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14- бабының 8- тармағына сәйкес 2012 жылдың 10 қаңтарынан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін үш айлық сынақ мерзімімен қабылдансын.

Төлем қолданылып жүрген еңбек заңына сәйкес жүргізілсін.

Негіздеме: конкурстық комиссияның 2012 жылғы 5 қаңтарындағы шешімі, жеке еңбек келісім-шарты.

Директор қолы аты-жөні

Өлең жаттайық!

Жетісу

Отанымның орнығып кең төріне,

Айналасын ақ таулар көмкеруде.

Жаралғандай Жетісу ертегіден,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.

Еркелейді,

Еркелейді,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.

Ұясынан ұшырған балапаны,

Даңқын елге жетісу таратады.

Болашағы баламның Жетісуым,

Әлпештеген анамның алақаны.

Әлпештеген

Әлпештеген

Әлпештеген анамның алақаны.

Күншығыстан алаулап таң атарда,

Қасиеттеп қарайьын жан отанға.

Сәлем берем бас иіп Жетісуға,

Сәлем берем бас иіп Алатауға.

Сәлем берем,

Сәлем берем,

Сәлем берем бас иіп, Алатауға!

Сәлем берем бас иіп Алатауға!

Сәлем берем бас иіп Алатауға!

14-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, оны жаттап алыңыз.

Туған жер, Отан туралы өз ойыңызды, отансүйгіштік сезіміңізді білдіріңіз.

Соөж тапсырмалары

1. «Жұмысқа орналасу» деген тақырып бойынша өзара сұхбаттасыңыздар.

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

3. Өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін атаңыз.

Сөж тапсырмалары

Құжатты рәсімдеу заңдылықтары туралы реферат жазыңыз.

Тест сұрақтары

1 .Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі ... болып саналады

А. құжаттау-

В. сұрау

С. есептеу

Д. реттеу

Е. санау

2. Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат ...

А. ресми құжат -

В. Заңды құжат

С. көшірме құжат

Д. ақпараттық құжат

Е. есеп беру құжаты

3. Құжаттың негізгі реквизиті не?

А. адресат

В. құжат атауы

С. уақыты

Д. авторы

Е. Мәтін

4. Құжат әзірлеу неше кезеңнен тұрады?

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5

5. Рәсімдеу сөзінің орысша баламасын табыңыз.

А. оформить

В. контролировать

С. систематизировать

Д. выполнять

Е. назначить

6. «Жеті Жарғыны» Заңы қай ханның тұсында қабылданды?

А. Абылайхан

В. Қасым

С. Тәуке

Д. Жәңгір

Е. Әбілқайыр

7. «Жеті жарғы» неше бөліктен тұрады?

А. 7

В. 6

С. 9

Д. 4

Е. 3

8. Устав сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А. құқық

В. үкім

С. жарғы

Д. шешім

Е. қаулы

9. Мазмұнына қарай құжаттардың атауын табыңыз.

А. жай және күрделі-

В. ішкі және сыртқы

С. заңды, заңсыз

Д. құпия, құпия емес

Е. жеке, жалпы

10. Құжаттар шығарылымына қарай қалай аталады?

А. түпнұсқа және көшірме -

В. жай және күрделі

С. қолжазба

Д. заңды, заңсыз

Е. ескі, жаңа

11. Жарғы дегеніміз не?

А. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемемен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы. -

В. қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім

С. жазба құжатқа қатысты ақпараттық элемент.

Д. құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібі.

Е. жиналыс, конференция т.б. талқыланған мәселе бойынша қабылданған шешім.

12. Өз ... жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

А. еркіммен-

В. ойыммен

С. шешіміммен

Д. ретіммен

Е. пікіріммен

13. Сөйлемді толықтырыңыз. Мені жұмысқа қабылдау... сұраймын.

А. - ыңызда

В. - ға

С. - мен

Д. - ыңызды

Е. – ды

14. Мақалды толықтырыңыз. Тәртіпсіз ел болмайды,...

А. Тәртіпке бағынған ел болмайды.

В. Тәртіпке бағынған ер болмайды.

С. Тәртіпке бағынған құл болмайды. -

Д. Тәртіпке бағынған бай болмайды.

Е. Тәртіпке бағынған қорқақ болмайды.

15. Жұмыс істейтін адам мен оны жұмысқа қабылдаған мекеме арасында жасалған шарт қалай аталады?

А. еңбек келісімі -

В. еңбек жолы

С. еңбек өтілі

Д. еңбек арнасы

Е. еңбек майданы

16. Сөйлемді қазақшаға аударыңыз. Прошу меня принять на работу.

А. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтіндім.

В. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтініп жүрмін.

С. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінемін.-

Д. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінермін.

Е. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінгенмін.

17. «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ... жолы»

А. тар

В. кең

С. түзу

Д. дұрыс

Е. ескі

18. «Жеті жарғы» нешінші ғасырда қабылданды?

А. ХІІІ ғасыр

В. ХІІ ғасыр

С. ХV

Д. ХV

Е. ХVІІ

19. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне және табысқа жетуіне ...

А. көмектеседі

В. ықпал етеді-

С. кері әсер етеді

Д. қажет болады

Е. зиянын тигізеді

20. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін ... сәйкес жүргізеді.

А. жарғыға

В. қаулыға

С. өтінішке

Д. сұранысқа

Е. табысқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]