Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.

  2. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

  3. Құжат – заңды күші бар материалдық ақпарат.

  4. Іс қағаздарын жүргізу – кеңсе істерін жүргізу, мекеменің қызметін құжаттандыру және онда құжаттарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың жиынтығы.

  5. Дубликат – түпнұсқаның орнына жасалған құжат, заңды күші түпнұсқамен бірдей болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Хасанұлы. Іс жүргізу әлемі мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы.оқу құралы .А: 2011.

2. К. Тышқанбайұлы. Тәрбиелік, даналық сөздер. Қызылорда. 2006.

3. Г.О.Байжанова,Г.А.Маймақова . Ісжүргізу. Астана. 2007.Фолиант.

4. М. Мақатаев. Аққудың қанатына жазылған жыр. Алматы. 2001. Шартарап.

5. С. Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы.Алматы. «Қазақ университеті» 2011.

Құрастырушы: п.ғ.к., доцент м.а. Ж.М.Бектұрғанова

Келіссөз жүргізу әдебі. Сөздің қисындылығы.

Тірек сөздер: Келіссөз жүргізу, шарт, талап, келісім-шарт, тасымалдау, баға, ішкі/сыртқа нарық, мүмкіндік, тапсырыс, атақ-бедел, шығын, жоспар, шешім, төлемақы, есеп-шот, қарастыру, қабылдау, ескеру, бас тарту, ұсыну, келісімге келу, келісімге отыру, бизнесмен, кәсіпкер

Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне және сөйлеушінің ойды жеткізу стилі мен жанрына, автор мен адресаттың даралық ерекшеліктеріне сай өз орнында қолданылуын айтады.

Қисындылық сөздің: 1) стиліне 2) контекстегі жағдаятына 3) сөйлеушінің және тыңдаушының жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне байлаулы болады.

Сөздің қисындылығы

Стильдік қисындылығы Әдеп-ережелермен қисындылығы

Контекстің қисынына сай қолданылуы

«Он жеті мен он сегіз жас аралығындағы төбе көрсетіп үлгермеген талант – сазгерлердің республикалық «Үкілі үміт» байқауы үкісін желбіретіп өтті».

Мұндағы асты сызылған салтанатты мазмұнды сөздер қысқаша хабарлама мәтінінде орынсыз болады.

Өтіңіз», «кешіріңіз», «кіріңіз» деген сөздерді қатаң дауыспен, ашумен және тым баяу, сосын тез айтып, мағынасын ажыратып көріңіз. Сол сияқты үстелдің басында әдепсіздік танытып, адамның тамаққа деген тәбетін қашыратын сөздерді, әңгімелерді айту, келіссөзде немесе іскерлік тамақасыда дастарқан иелерінің көңіліне тиетін сөздер айту үлкен әбестік, орынсыз болады.

«Осы жағдайды пайдала отырып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіруге рұқсат етіңіз». Бұл сөздерді күнелікті тұрмыста айту ерсі, бірақ дипломатиялық қарым-қатынас жағдайында орынды болып есептеледі. Осы сияқты іскерлік келіссөз жүргізу барысында «Өлә!», «Масқара!», «неғып», «шіли» сияқты сөздерді айту орынсыз әрі артық болады.

Сөздің стильдік қисындылығы

Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді. Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ақылға сыйымсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғаммен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де.

Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы

Сөзді қарым-қатынас жағдайына сай бұрмалап қолданып жатамыз. Кейде ол сәтті, ал кейде сәтсіз шығып жатады. Бұл жағдайда сөздің қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне қызмет етуі басты талап. Сөздің контекстік қисындылығының болуы стильдік қисындылықпен тығыз байланысты. Кейде контексті, стильді ескермей, сөздің қисынын кетіріп жататын кездеріміз де болады.

Әдеп-ережелермен қисындылығы

Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу тек лингвистикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәнге ие. Сөз тек ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, сөйлеушінің қоршаған ортаға, өзге адамдарға деген қарым-қатынасын да білдіреді. Сол себепті де сөйлеуші өз сөзінің адамдарға қалайша әсер ететіні туралы ойлануы керек. Кей кезде орынсыз ойланбай айтқан сөзімізбен біреудің жанын жаралап, байқаусызда ар-намысына тиіп, кейін бармағымызды тістеп жатамыз. Кейде сөзіміздің тым дөрекі әрі жасанды шыққанын байқап, өзімізден-өзіміз қуыстанып жатамыз. Сондықтан сөздің тұлғалық-психологиялық орнықтылығы дегенде адамның ішкі мәдениеті мен парасатын, өзге адамдармен қарым-қатынасын, сыпайылығын, тіл табыса білу қабілетін, өзге адамдармен қарым-қатынас орната алу қабілетін айтамыз. Дұрыс айтылған сөз сізге сәттілік әкеліп қана қоймайды, моральдық және физикалық саулығыңыздың да кепілі болады.

Ақылға сыймау – Бұрмалау-

Бөгет болу – Әлеуметтік мәнге ие -

Сый-құрмет – Жанын жаралау -

Сәттілік – Бармағын тістеу -

Беделін өсіру – Қуыстану -

Мерейі үстем болу – Ішкі мәдениет -

Талғам – Парасат -

Ақылмен салмақтау – Көңіліне тию –

Әбестік – Жасанды –

ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!!!

Сөздердің орысша аудармасын

немесе мағынасын жазып алыңыз.

1-тапсырма. Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.

«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген білек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да игі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не білесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны білеймін және Олардың болашағына кәміл сенемін, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994. 507-508бб.).

Сөздік қорымызға сөз қосайық!

-Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді тауып, жазыңыз.

  1. Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес _________________

  2. «Әулиелік ету», білгірсу _____________________

  3. Бірігу, тату болу _______________________

  4. Сый-құрметке ие болу _________________________

  5. Күмәнсіз, айқын ________________________

  6. Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады ____________________

  7. Ыңғайы, реті, сәті түспеу ______________________

  8. Ауыртпалық зардабы, азап, қиыншылық __________________________

  9. Берік, мықты, мығым болу ___________________________

2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңдегі кейіпкердің және автордың сөзінің қисындылығына баға беріңіз. Кейіпкердің сөз саптауында қандай кемшіліктер бар және оған қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз? Пікір алысыңыз.

Жолдастар! ...ім...ім....ім...

Жолдастар! Сендердің бүгінгі

Жиылыстарыңды өзімше...

Жүрегім бір түрлі неткен соң,

Әлбетте сендердің алдыңда...

Бұлайша азырақ айтып:

Әм және ... өзімнің

Бір түрлі қуанған,

Бір түрлі неткен мақсұтты сөзімді

Айтпақшы мақсұтым болған соң,

Бүйтіп сендердің неғылып

Жатқандарыңды нетіп...

Қарсы алып құттықтамақшы боламын...

Әлбетте... бұлайша қарсы алып...

Сендерге нетіп тұрғандықтан....

Һәм және бір түрлі өзімше...

Мақсұтты сөзімді айтып...

Сендердің бұлайша жиналып...

Бір түрлі қуанып неткендіктен...

Һәм тағы өзіміз не қылсақ,

Жүзеге асар деп сенемін...

Сондықтан бүгінгі қуаныш,

Мәжілісті өзімізше қарсы алып,

Сендердің алдыңда кішкене,

Мақсұтты сөзімді аңғартып,

... Және келешек күнде де,

Бұлайша неғылып трғанда...

Әлбетте, жүде, олай болғанмен,

Жүзеге асар деп сенемін.

Әрине, біздерге бұлайша нетуге...

Һәм және мақсұтқа жетуге болғанмен,

Бір түрлі бұлайша кірісіп...

Жұмыла нетпесе болмайды...

Сонда да біздерге жиналып...

Былайша бір түрлі неғылсақ...

Негізінде жүзеге шығады деп ойлап,

Жалпы айтқанда, бәріміз де...

Мақсатымыз осы ғой деп ойлаймын.

Ал енді жолдастар!

Табыс жағына келейін,

Анық есебін білмеймін...

Әрине, уақыт болса, болып қалды.

Сондықтан мен немді көп созбайым,

Бағанадан жасасынға жете алмай тұр едім.

Енді жеттім - бәрі жасасын,

Осы борышымды өтейміз деп...

Иманымыз кәміл.... (Қ.Қуанышбаев. «Шаншарлар»).

  1. Мәтіндегі кейіпкердің тіліндегі қате және қажетсіз сөздердің астын сызып шығыңыз.

  2. Өздеріңіздің тілдеріңізде жиі қолданылатын сөздерді жазыңыз. Олар тыңдаушыға қалай әсер етеді? Пікір алысыңыз.

3-тапсырма. Келесі сөздердің тыныс белгілерін қойып, 3 түрлі тонмен айту мүмкін/мүмкін еместігін анықтаңыз. Және олардың қандай жағдайда, контексте қолданылатынын жазыңыз.

Мысал

Контекстік мағынасы

Өтінемін отырыңыз

Сабырға шақыру мағынасында

Сыпайылық білдіру мақсатында

Бұйыру мағынасында

Сәкен Сәрсенұлы мен бұған келісе алмаймын

Келіссөздер қашан басталды

Бізге біраз уақыт беріңіз

Қолдаса жақсы

Мен келісе алмаймын

Сенімдеріңізге көп рахмет

Біз сіздерден күтпеп едік

Бір-екі күн күте тұруыңызды сұраймын.

Иә мен сізді тыңдап тұрмын.

4-тапсырма. Келесі сөздерді түрлі тонмен қандай контексте және қандай мақсатта қолданатыныңызды айтыңыз.

1) Маған сеніңіз (өтініп, сеніммен, кекесінмен, сұрап)

2) Серіктестігіміз жемісті болатынына сенемін! (қуанып, қуланып, сызданып айтыңыз)

3) Сөзіңізге қалай сенуге болады (ашумен, ренжіп)

4) Құттықтаймын! (қуанып, ұстамдылықпен, кекесінмен)

5) Сіздердің компанияларыңызды білеміз (білгішсініп, сенімсіздікпен, сеніммен).

6) Бұл біздің кінәміз емес (ашумен, сабырмен, ақталып)

7) Иә, айыптымыз (кешіріммен, ашумен, өкінішпен).

8) Сене алар емеспін (таң қалып, ашумен, өкінішпен).

9) Бәке, сабыр етіңіз (сабырмен, бұйырып, жанашырлықпен)

10) Сәке (ескертіп, қаратып, ашумен, сұрап, қуланып, кекесінмен)

11) Сәкен Сәрсенұлы (таң қалып, сұрап, сүйсініп, кекесінмен, бұйырып, қаратып, қуланып)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]