Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Тест сұрақтары

1. Жерді де таңдай біл, оны баптай да біл. Құрмаластың түрін анықтаңыз.

А. Себеп-салдар;

В. Түсіндірмелі;

С. Қарсылықты;

Д. Ыңғайлас;

Е. Талғаулы.

2. «Предпринимательство» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А. Біліктілік;

В. Білгірлік;

С. Іскерлік;

Д. Кәсіпкерлік;

Е. Кәсіпшілік.

3. Сөйлемде сызықша не үшін қойылған, көрсетіңіз.

Жұт – жетеу, содырмен сегіз,

Салақпен тоғыз, олақпен он.

А. Бастауыш та, баяндауыш та есім сөзден;

В. Жалпылауыш мүшенің алдынан;

С. Айқындалушы мүше мен оңашаланған айқындауыш арасында;

Д. Баяндауыштың оңашаланған мүшесімен ажырату үшін.;

Е. Бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болған жағдайда.

4. Қаржыландырудың көп таралған түрі қайсысы?

А. Ішкі қаражат;

В. Меншікті қаржы;

С. Несиелік қаржы;

Д. Сыртқы қаражат;

Е. Инвестор қаржысы.

5. Бірнеше банк біріксе, халық салымдарының ... жасайды.

А. Мемлекеттік қорын;

В. Жиынтық қорын;

С. Сақтық қорын;

Д. Ұлттық қорын;

Е. Жеке қорын.

6. Синтаксис нені қарастырады, зерттейді?

А. Сөзді;

В. Дыбысты;

С. Сөз құрамын;

Д. Сөз тіркесін;

Е. Сөз таптарын.

7. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің екінші деңгейіне жатпайтын банк қайсысы? Анықтаңыз.

А. ТұранӘлемБанк;

В. Халық банк;

С. АТФ Банк;

Д. Даму банкі;

Е. Альянс банк.

8. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта: Бұл жердея сен тұрасың, я мен тұрамын.

А. Кезектес;

В. Себеп-салдар;

С. Түсіндірмелі;

Д. Талғаулықты;

Е. Ыңғайлас.

9. «Жарғылық капитал» тіркесінің орысша баламасы:

А. Объявленный капитал;

В. Зарегистрированный капитал;

С. Оплаченный капитал;

Д. Уставный капитал;

Е. Резервный капитал.

10. Кезектес жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

А. Киімім қалың, әрі құрғақ;

В. Шөп сұйық, бірақ нәрлі;

С. Алдынан машина не арба шығады;

Д. Қар суы да, жаңбыр суы да араласты;

Е. Біресе күлкісі, біресе ызасы келеді.

11. Ашық буынды көрсетіңіз.

А. Орман;

В. Мектеп;

С. Алаша;

Д. Дәптер;

Е. Қисық.

12. «Источник финансирования» тіркесі қазақ тіліне қалай аударылады?

А. Қаржылау көзі;

В. Қаржы көзі;

С. Қаржыландыру көзі;

Д. Қаржылық көз;

Е. Қаражат көзі.

13. Үй тұрмысына қатысты архаизмді анықтаңыз.

А. Лашын;

В. Үй;

С. Кілем;

Д. Төсек;

Е. Күпі.

14. Қазақ тілінде жұрнақтар неше топқа бөлінеді?

А. 1;

В. 3;

С. 5;

Д. 2;

Е. 4.

15. Несие алуүшін керекті құжат түрі.

А. Кәсіпорынның бизнес жоспары;

В. Кәсіпорын ұсынған жоба;

С. Кәсіпорынның анықтамасы;

Д. Кәсіпорынның жарғысы;

Е. Кәсіпорынның өндірістік жоспары.

16. Қай сөзде «көк» сөзі бөлек жазылады?

А. Көк (қайнар);

В. Көк (шіл);

С. Көк (әр);

Д. Көк (жал);

Е. Көк (жиек).

17. Фразеологизді (тұрақты тіркесті) табыңыз.

А. Жазира дала;

В. Жақын туыс;

С. Шежірелі ел;

Д. Қолы ашық;

Е. Жол мұраты.

18. КСРО кезінде Қазақстанда.... банк жүйесі жұмыс істеді.

А. Үш сатылы;

В. Бір сатылы;

С. Төрт сатылы;

Д. Екі сатылы;

Е. Бес сатылы.

19. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А. Сенім;

В. Білім;

С. Тегім;

Д. Ілім;

Е. Көрім.

20. Зат есім тудырушы жұрнақтар қайсы?

А. -да,-де;

В. -лың, -лік;

С. -и,-у;

Д. -ым, -ім;

Е. -дың, -дік.

ГЛОССАРИЙ

Инвестиция – пайыздар мен дивиденттер алу үшін, сонымен қатар машиналар, құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүліктер сатып алу арқылы активтер құны өседі деген үмітпен қаражатты қаржылық активке орналастыру.

Ипотека, ипотекалық несие – жылжымайтын мүлік сатып алуға қарыз беру жөніндегі шарт, бұл кезде осы жылжымайтын мүлік қарызды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Маркетинг – тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту үшін пайдаланылатын әдістер мен құралдар; нарықты талдау; дизайн; сатуды ұйымдастыру; жарнама және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]