Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

2.Қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз.

Подчиниться приказу, приказ по личному составу, отдать приказ, ознакомиться с приказом, издавать приказ.

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұйрық қандай құжат түрі?

Қандай бөлімдерден тұрады?

Өкім мен бұйрықты қалай ажыратуға болады?

13-тапсырма. Құжат мәтінінде қолданылатын стандартты бірліктерді жаттап алып оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.

Ақпарат-анықтама құжаттары, жедел жеткізу, кәсіпорын басшысы, орындаушы, ұйымдастыру құжаттары, бұйрық, құқық, штат кестесі, лауазымдық қызмет нұсқаулары, анықтау, жарлықшы құжаттар, тармақ, сілтеме, өкім, дәлелді себеппен, бірлескен, нұсқау, шешім, алқалы ұйымдар, рәсімдеу, күн тәртібі, ұжым.

14-тапсырма. Дұрыс баламасын сәйкестендіріп, сөздікті жаттап алыңыз.

Салық жеңілдігі

Неналагооблагаемый оборот

Салық реформасы

Налогоплательщик

Салық саясаты

Единица налогообложения

Салық төлеуші

Налоговая льгота

Салық жөніндегі жеңілдіктер

Налоговое регулирование

Салық салу өлшемі

Уклонение от налогов

Салықтық реттеу

Источник налога

Салыққа үстеме

Налоговая реформа

Салық көзі

Налоговая система

Салық жүйесі

Регистрационный номер налогоплательщика

Салық салушының тіркелу нөмірі

Источник налога

Салық салынбайтын айналым

Налоговые льготы

Салықтардан жалтару

Налоговая политика

Салық көзі

Надбавка к налогу

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

Көрмес түйені де көрмес.

Алаған қолым береген.

Қарыз күліп келіп,

Жылап кетеді.

Келген дәулет –кеткен бейнет.

Ырыс алды ынтымақ.

Бір күн ұрыс болған жерде

Қырық күн ырыс болмайды.

Қырық күн ырыс болмайды.

Саудада достық жоқ.

Аларманға алтау аз,

Берерменге бесеу көп.

Үкіметке халықтан салық қымбат.

15-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін көшіріп жазып, сөйлем құраңыз.

Таяқ тастам жер, ақпақұлақ, ақ жүрек, иек асты, қолы ашық, айтқаны айдай келу, ит өлген жер, жерден жеті қоян табу, қызыл шоқ, өткір сөз, тіл қатпау, жылы жүз, қара жер, мамық жастық, қайнаған еңбек.

Тест сұрақтары

1.Экономикаға байланысты мақалды табыңыз.

А).Өнер алды-қызыл тіл ;

Б).Өнерді үйрен де, жирен;

В).Атың шықпаса, жер өрте;

Г).Саудада туыс жоқ.

2.Әлеуметтік сала дегеніміз - …

А).Отан қорғау, білім бері, денсаулық, ғылым ;

Б).Салық салу инспекциясы;

В).Көне дәуір заманы;

Г).Қаржы, банк, қаржы органдары.

3.Жеке немесе заңды тұлғаларды салықтан жартылай не толық

босату.

А).Салық жеңілдігі ;

Б).Салық салу мөлшері;

В).Салық салу өлшемі;

Г).Салық өсімпұлы.

4.Нарықтың негізгі қызметі - …

А). білім беру;

Б). денсаулықты сақтау;

В). спортты дамыту;

Г). Өнерді дамыту

5.Банк не шығарады?

А). бағалы қағаз

Б). жеңіл көліктер

В). оқу құралдары

Г). пайдалы қазбалар.

6.Рай категориясының түрлерін табыңыз.

А). Өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз

Б). есімше, көсемше

В). ашық, бұйрық, қалау, шартты

Г).осы шақ, өткен шақ, келер шақ

7…. – тауардың ақшалай құны.

А). баға

Б). құн

В). пайда

Г). табыс

8.Салық алғаш реет қай мемлекетте пайда болды?

А). Қазақстанда

Б). Ресейде

В). АҚШ-та

Г). Қытайда

9.Салылықтан түскен табыс кімдерді қаржыландырады?

А). бизнесмендерді

Б). дәрігерлерді

В). кәсіпкерлерді

Г). саудагерлерді

10.Демеулік шылауды табыңыз.

А). ма/ме, ба/бе, па/пе

Б). әрі, бері, таман

В). мен, бен, пен

Г). да/де, та/те,

11. Салық салу тәсіліне қарай … және ... салық болып бөлінеді

А). тура, түзу

Б). төте, жанама

В). төте, тура

Г). жанама, түзу

12. Салық ставкасының бірінші түрі …

А). прогрессивтік

Б). регрессивтік

В). пропорционалды

Г). индикативті

13. Салық ставкасының екінші түрі ...

А). прогрессивтік

Б). регрессивтік

В). пропорционалды

Г). стратегиялық

14. Салық ставкасының үшінші түрі ...

А). прогрессивтік

Б). регрессивтік

В). пропорционалды

Г). индикативті

15. Синтаксистің зерттейтін объектісін көрсетіңіз

А). дыбыс

Б). сөз табы

В). сөз

Г). сөйлем

16. Сөйлемді толықтырыңыз: Заңды төлем құрамын, банкноталарды шығаруға құқы бар мемлекеттік орган - ...

А). қаржы министрлігі

Б). салық комитеті

В). ұлттық банк

Г). парламент

17. Үлес сөзінің аудармасы

А). доля

Б). фонд

В). срок

Г). стоимость

18. Жанама салық дегеніміз не?

А). әлеуметтік салық

Б). салық төлеушінің кірісіне қатысты салық

В). жеке адамдардың, заңды ұйымдардың салығы

Г). салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты салықтар

19. Салық негізінен нешеге бөлінеді?

А). беске

Б). үшке

В). екіге

Г). төртке

20. Салық мемлекетке қандай пайда келтіреді?

А). жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді

Б). халықтың әл-ауқатын жақсартады

В). ұлттық табысты құрайды

Г). шетелдермен байланысты күшейтеді

Глосарий

Құрылымдық стилистика – контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін сала.

Функциалды немесе қолданымдық стилистика – тілдің әртүрлі қарым–қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім.

Стиль – стилистика ғылымының ең басты категориясы.

Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі.

Жеке норма – стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды қамтитын норма.

Жалпы норма –тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функционалды-стилистикалық тармақтарына ортақ норма.

Ғылыми стиль – бұл сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болатын стиль.

Салық – мекеменің, оның бюджеттік салаларының (армияның, білім берудің, денсаулық сақтаудың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің т.б.) өмір сүруінің басты көзі болып табылатын салық төлеуші жеке және заңды тұлғалардан мемлекет өндіріп алатын міндетті төлемдер.

Салық агенті – салық инспекциясының лауазымды адамы; салық және сақтандыру төлемдерін қабылдайды.

Салық айырмасы – орташа пайыз бойынша салық төлейтін ұйымдарда пайда болатын айналым салығы бойынша кем төленген немесе артық төленген сома.

Салық жүйесі – мемлекетте алынатын салықтардың, сондай–ақ олардың құралу нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады: табыс, мүлік, мұра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]