Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

2. В чём преимущество и польза бизнес-презентаций

1. Информативная ёмкость

2. Компактность

3 Эмоциональная привлекательность

4. Наглядность

5. Мобильность

6. Интерактивность.

7. Экономическая выгода

8. Многофункциональность.

9. Престиж 

11-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

отечественный товар товар

спрос выставка

биржа номинация

конкурс экономический регион

озеленение контракт

золотая качества национальный фонд

экспорт приход

номинация халықаралық

12-тапсырма.

Лизинг баспасөз

тұсаукесер Компания

Капитал контракт

Келісімшарт производство

Кәсіпорын структура

Құрылым финансировать

Техникалық база кризис

Дағдарыс проект

Қаржыландыру залог

Нормативтік құқықтық база пресса

Жоба стратегия

Кепілдеме процент

Пайыз сюрприз

Тосынсый обычай

Дәстүр коммуникация

Коммуникация лизинг

Баспасөз капитал

Компания техникалық база

Стратегия нормативная правовая база

13-тапсырма. Төмендегі мамандыққа байланысты сөздерді топтастырып жазыңыз.

Қаржы, валюта, салық, экология, әлеуметтік жұмыс, ақпараттық жүйе, кеден, менеджмент, маркетинг, басқару, есептеуіш машиналар, банк,бағалы қағаздар,жарнама,есеп, статистика, бухгалтерлік есеп, несие, биржа, жергілікті басқару, калькулятор, аудитор, сервис, бағалау, есептеу техникасы, сапа, экономика,акция, интернет, табиғи ресурс, ғаламтор, қор, сауда.

14-тапсырма. Төменде «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Тұсаукесерінің негізгі мәселелері көрсетілген. Өз фирмаңыздың Тұсаукесерін қалай өткізер едіңіз?

Жоспар құрыңыз.

«Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»акционерлік қоғамы қызметінің

ТҰСАУКЕСЕРІ Тұсаукесердің негізгі мəселелері:

• Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру тəртібі немен реттеледі?

• Бас келісім қалай жасалады?

• Ипотекалық кредит бойынша Кепілдікті қалай алады?

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мұрындық болып, Астанада отандық тауар өндірушілердің форумы болып өтті . Шараға ұлттық компания мен даму институттары өкілдерінің, бизнес-ассоциациялар мен отандық тауар өндірушілердің, барлығы 600-ге жуық адамның басын қосқан. Сондай-ақ форум жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасы Қайрат Келімбетов, Вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Атамекен» одағы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысып, үкіметтің қолдауына үміткер кәсіпорын жетекшілерінің баяндамасын тыңдады.

Ұлттық компаниялардың отандық тауарларға деген сұранысы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң аясынан шығарылып, еркін жүзуге жіберілген болатын. Енді компаниялар мұндай үдерісті өз ережелеріне сәйкес ұйымдастыратын болды. Қазір сол ережелерге сәйкес, сатып алу процесін Ұлттық Қор тобына кіретін 260 ұйым атқаруда. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, «бүгінгі таңда ұлттық компаниялардың тұтыну тауарларының тізімі анықталған. Оның ішінде негізгілері – электр энергиясы мен мұнай өндірісі, химиялық-металлургиялық салаға, машина жасауға қажетті тауарлар. Үкімет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді сәтті жүзеге асыру үшін осы сұраныстарды дұрыс қамтамасыз ету қажет».

Қор төрағасы Келімбетов мырза:

Отандық тауар өндірушілерге деген қолдау еселене түсетін болды. Ұлттық компаниялар мен даму институттары олармен серіктестікті жоғары деңгейге көтеру мақсатында жаңа жоспарлар қабылдаған. Оған сай, ұзақ мерзімді серіктестікке отыру арқылы үкімет «Қазақстанда жасалған» тауарлардың саны мен сапасын арттырмақ ниетте.

Қор төрағасының екінші көтерген мәселесі – отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру жайы. Осы мақсатта ұлттық компаниялар ағымдағы жыл ішінде жалпы алғанда 665 млрд. теңгеге келісім-шарт жасаған. Форум арқасында оның көлемін тағы 100 млрд. теңгеге ұлғайту көзделіп отыр. Аталған сома тек тауар өндірушілерге ғана емес, отандық экономикаға құйылған үлкен қолдау екені сөзсіз. Оны Қор төрағасы Келімбетов мырза да айтып өтті. Сондай-ақ ол: «Ұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының басты тірегі ретінде отандық экономиканы жаңарту функциясын атқаруы керек. Ал модернизация жаңа технологияларды игеру арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» қоры ішінен арнайы инновациялық комиссия құрылып отыр. Ол өз кезегінде ұлттық компаниялар құрамындағы ғылыми-техникалық кеңестің басты үйлестірушісі болады», – деді. Қазақстанда мемлекеттік тапсырысқа бөлінетін жылдық қаражат көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құрайтын көрінеді. Оның жартысынан көбі құрылыс саласына бағытталған. Бұл – Вице-премьер Әсет Исекешевтің келтірген мәліметтері. «Қазақстанда мемлекеттік сатып алу көлемі 14 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш 120 млрд. долларға тең, ал Беларуссияда – 7 млрд. Сол себепті біздің сандар жайында жақсылап ойлану қажет. Қазір бірыңғай экономикалық аймақ құру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікті артырып жатуға уақыт өте тығыз. Ал-ғашқы кезеңде ресейлік, беларуссиялық тауар өндірушілермен бәсекелес-тікке түссек, кейін ДСҰ-ға мүше боп кіргенімізде бүйірден қытай компаниялары кіргелі тұр. Сол себепті қазір «Самұрық-Қазына» қорының ұсынып отырған жәрдемі – отандық тауар өндірушілер үшін зор мүмкіндік», – деді Исекешев мырза.

Форум соңы жалпы сомасы 108 млрд. теңгеге тең көмір, темір бетон бұйымдары, радиотехникалық құрылғылар тасымалдау бойынша отандық тауар өндіруші 11 компанияның екіжақты ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қоюымен аяқталды. Олар – энергетика, темір жол, көмір өндіру саласындағы ірі ойыншылар – «KEGOC» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және т.б. Отандық тауарлардың делдалсыз сауда-саттығы жасалатын сауда биржасы құрылады. Енді кәсіпкерлер бұл жерден бидайдан бастап, мұнайға дейін таба алады. Мемлекет сауда биржасында сатылымға шығатын тауарлардың тізімін де анықтап қойыпты. Соңғы мәліметтерге қарағанда, отандық бидай мен цементке деген сұраныс артқан. Қазір аталған тауарлардың сауда-саттығын оңтайландыруды көздейтін ортақ алаң ашу жұмыстары қарастырылуда. Бұл өз кезегінде бағаның реттелуіне сеп болуы тиіс.

«Тұтынушылар мен саудагерлерге делдалсыз жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл бәрі үшін тиімді. Жәрмеңкеде сауда ашық жүргізіледі. Өйткені барлық сауда-саттық декларацияланады. Яғни мемлекет қоржынына салық мол түседі деген сөз. Аталған жәрмеңкеде кез келген тауар түрі сатылады. Бұған қоса, ортақ баға белгілеу жүйесін енгізуге болады», - деді «ETS» сауда биржасының атқарушы директоры Сержан Мәдиев.

Оның сөзіне қарағанда, егер тауардың ең құрығанда 20 пайызы биржада сатылса, онда нарықта баға біршама реттелмек.

«Мысалы, қазір бидайдың нақты бағасын ешкім айта алмауы мүмкін. Ал барлық дамыған елдерде тауар биржада сатылады. Бұл өз кезегінде еркін нарықтағы бағаға сөзсіз әсер етеді. Биржадағы сауда аукцион түрінде болуы керек. Яғни сатушы да, сатып алушы да ұнаған тауарды қалаған бағасына сатады әрі сатып алады», - деп есептейді Мәдиев.

Сарапшылар ортақ сауда алаңын ашу үшін биржадағы сауда-саттыққа деген талапты күшейту керек деп пайымдайды. Ал мұндай алаңдар елімізде алдағы 3-5 жылда пайда болады деп жоспарлануда.

Ойтүрткіі3і.

Отандық тауар өндірушілердің жетістігіне баға беріңіз. Өз пікіріңізді қосыңыз.

Елімізде отандық тауарлар биржада сатылады. Басты әрекет: экономика, биржа, жәрмеңке,тауар.

15-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтып,отандық тауарлар туралы не білетініңізді әңгімелеңіз. Отандық тауардың шетелдік тауардан өзгешелігі туралы не айтар едіңіз? Мамандыққа байланысты экономикалық терминдерді тауып, оны дәптерлеріңізге жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]