Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі

Мәтінді оқып шығып, мазмнын айтып беріңіз.

Алғашқы банктер қашан пайда болды?

Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы ФранциядағыДжона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген банк өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы несие беруге және клиентінің ағымдағы есеп-шотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20-ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, көлік, сауда және басқа да акционерлік қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20-ғасырдың алғашқы ширегінде ҰлыбританияменГерманиядаірі-ірі банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 “қалалық банк” (Мицубиси бэнк,Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл несие жүйесіндегі активтердің 46%-ын өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның несиелік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер — Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын (“Боинг”, “Геркулес”, “Монсанто” компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр.

Оқып шығыңыз. Жазылу мәнерін есте сақтаңыз.

4. Банкте

Салымшы: – Сәлеметсіз бе?

Банк қызметкері :– Сәлеметсіз бе! Біздің банкке қош келдіңіз!

Салымшы: – Мен «Кең дала» Акционерлік қоғамынан келіп тұрмын. Өзімнің қаражатымды депозиттік салымға салсам деп едім. Сіздің банктеріңіз маған көмектесе ала ма?

Банк қызметкері – Әрине, көмектесеміз. Сіз салымыңызды қандай валютамен салуды ұйғардыңыз?

Салымшы: – Теңгемен салсам деп едім.

Банк қызметкері – Қандай көлемде салым жасамақсыз? Бізде ең төменгі салым шамасы – жүз мың теңге.

Салымшы:– Иә, мен бес жүз мың теңге әкелдім.

Банк қызметкері – Біз сізге қызмет етуге дайынбыз.

Салымшы:– Рахмет!

Банкте

Несиегер: Сәлеметсіз бе?

Несие алушы: Қайырлы күн, мен сізден 1,5 млн. теңге несие алып, өзіме автокөлік алғым келеді. Шарттарыңызды білейін деп едім.

Несиегер: Біріншіден, сіздің құжаттарыңыз керек, олар:

  • жеке куәлік;

  • салық тіркеу нөмірі;

  • жалақыңыз туралы анықтама;

  • турақты мекен-жайыңыз туралы анықтама;

  • зейнеткерлік қордан анықтама;

Екіншіден, сіз автокөліктің құнының 50 % төлейсіз, қалған ақшаны 3 жылға ұзартуға болады. Бір жылда 30 % төлеу керек.

Үшіншіден, сіз автокөлік алатын фирмадан кепілдік қағазын алуыңыз керек, содан кейін сақтандыру қорына тіркеуіңіз керек. Осы құжаттар дайын болған соң, біз сізге 3 күннің ішінде несие береміз.

Несие алушы: Егер мен несиені уақытынан бұрын төлесем, сіздер маған қандай жеңілдіктер ұсынасыздар?

Несиегер: Ондай жағдайда, келесі алатын несиенің пайызын төменірек береміз.

Несие алушы: Сонда пайызы қаншаға төмендейді?

Несиегер: Ол сіздің алатын ақшаңызға байланысты. Егер сіз бізден 2 миллион теңгеден жоғары несие алсаңыз, жылдық пайызыңыз 10 % төмендейді.

Несие алушы: Берген кеңесіңізге рахмет. Ұсыныстарыңыз жайлы ойланып көремін.

Несиегер: Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]