Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kniga_po_kazakhskomu.docx
Скачиваний:
416
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.77 Mб
Скачать

Ұлылардан ұлағат

10-тапсырма. Сөз өнері туралы айтылған даналық сөзді есте сақтаңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Алмас қылыш майданда серік,

Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

Сөз асылы – мақал.

Сөз түбін сөз табар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

Сөзден тәтті нәрсе жоқ,

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл. (Бөлтірік шешен)

Сөз сиқыры туралы

Айтар босаң, әр ойыңды қадап айт,

Бір сөзіңді мың толғамға балап айт.

Тілесең сен есендікте жүруді,

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

Біліп айтқан сөз – даналық деседі,

Біліксіз сөз, қайран басты кеседі!

Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

(Жүсіп Баласағұн)

Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп -тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,

Ол ақынның білімсіз бишарсы,

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... (Абай)

Бақылау сұрақтары

1. Тыныс белгісін қойыңыз.

Мерекең құтты болсын

2. Қыстырма сөзді табыңыз.

Сөз жоқ, қуанып тұрмын.

3. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

Жобаларды іске асыру керек.

Жоғалған затыңды тауып берген адамға қалай алғыс білдірер едіңіз?

Адам тәрбиесі туралы қандай даналық сөзді айтар едіңіз?

Аты аңызға айналған тұлға деп кімді айтасыз?

11-тапсырма. Радиода, телеарналарда берілетін хабарлардағы ой дәлдігі мен сөз қисындылығы туралы пікіріңізді айтыңыз. Тіл мәдениеті туралы сұхбат жүргізіңіз.

12-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің орнын қандай сөздермен ауыстыруға болады, баламасын тауып жазыңыз.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселесі туралы ерекше ойлаймын. Меніңше, соңғы үш жыл бойында облыс аумағында жұмыс істейтін кен игеруші кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларға бөлетін қаражат көлемі 4 есеге өспек. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен қосақтала отырып, 2009 жыл облыста «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жылы деп айтылды. Соның арқасында 2009 жылы Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы ашылса, болады. Оларды заманауи құралдармен жабдықтау айтылуда. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жалғасады. Білім беру саласында жоғары сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу, кәсіптік оқыту жүйесі мен мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту басты назарда қала бермек.

13-тапсырма. Берілген сөз тіркесін пайдаланып, «іскерлік ортадағы сөйлеу мәдениеті» жайында ой бөлісіңіздер.

Сөз құдіреті;

адам өміріндегі сөздің алатын орны;

іскер адамның бейнесі;

жастардың телефон арқылы сөйлеу мәдениеті;

іскер адамның түрлі мінезді адамдармен жұмыс жүргізуі;

іскер басшы мен бағынушының арасындағы қарым-қатынасты сөйлеу мәдениетін сақтауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]