Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Математике каз готово.doc
Скачиваний:
1169
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
10.61 Mб
Скачать

§4.6. Жоғары peттi дербес туындылар мен толық дифференциалдар. Тейлор формуласы

1. Жоғары peттi дербес туындылар. z = f(x,y) функциясының (х,у)Gнүктелерінде дербес туындылары:

бар болса, онда бұл туындьшарды G -жиынында берілген жаңа функциялар деп қарастыруға болады.

Осы функциялардан алынған дербес туындылар f(x,y) функциясының екінші peттi дербес туындылары деп келесі түрде белгілінеді (олар төртеу):

жэне - туындылары аралас деп аталады; оның бipiншісі алдымен х, содан соң у бойынша, ал екіншісі, керісінше, алдымен у, содан соң х бойынша дифференциалдау арқылы алынған.

Егер (x,y)Gнүктелерінде екінші ретті туындылар (барлығы немесе қандай да бipeyi) бар болса, онда үшiнші peттi туындылардың бар болуы туралы сұрақ туады.

Жалпы, n-шi peтті дербес туынды деп қандай да бip n -1)-ші ретті туындының кез келген бip айнымалысы бойынша дербес туындысын айтады. Мысалы,

бipiнші peттi дербес туындылар, ал f-функциясының өзін нөлінші peтті дербес туынды деп атайды.

Дербес туындыларды келесі символдармен де белгілейді:

Егер координаталарытepicемес бутін сандар болатын вектор болса, онда,

деп жазады.

Дифференциалдау нәтижесі дифференциалдау ретіне тәуелді ме деген сұрақ тууы мүмкін.

Теорема (аралас туындылар туралы). Функция u = f(x,y) пен оның дербес туындылары

нүктесінің қандай да бip маңайында анықталсын.

Егер

Р0 нүктесінде үзіліссіз болса, онда

(1)

яғни, дифференциалдау нәтижесі дифференциалдау ретіне тәуелді болмайды.

Ескерту. Егер үзіліссіздік шарты орындалмаса, онда Р0 нүктесінде аралас туындылар өзара тең болмауы да мүмкін.

2. Жоғары ретті дифференциал. z=f(x,y) функциясының біріншіpeттiдербес туындыларыP= (x,y)Gнүктесінде үзіліссіз болсын. Онда оның толық дифференциалы

(2)

түрінде жазылады. Мұнда dz теуелсіз айнымалы х пен у-ке және олардың дифференциалына dx, dy тәуелді Р(х,у) нүктесінде үзіліссіз дербес туындылары болатын кез келген и = и(х,у) және v = v(x,y) функциялары үшін келесі қасиеттер орындалады:

сонымен бipгe, жақшадағы функциялардың дербес туындылары Р(х,у) нүктесінде үзіліссіз болады.

Енді z = f(x,y) функциясының екінші peттi дербес туындылары үзіліссіз болсын. Анықтама бойынша оның екінші peттi дифференциалы деп бірінші peттi dz толық дифференциалдың толык, дифференциалын айтады және мұнда dx пен dy тұрақты, яғни х пен у-ке тәуелсіз деп саналады. Сонымен,

Бұдан, екінші ретті аралас туындылардың үзіліссіздігін ескертіп

аламыз.

Дәл осылайша кез-келген жоғары peттi дифференциалды анықтауға болады, мысалы,

Математикалық индукция әдісін қолданып, n-i peттi дифференциалды жазуға болады. Оны бiз символ арқылы жазайық:

(5)

Біз мұнда алдымен өрнекті n-дәрежеге дәрежелейміз де, содан соң n символының астынаzжазамыз.

3. Тейлор формуласы. z - f(x,y) функциясының р0(x0,y0) нүктесінің маңайында l-шi peттi қоса алғанға дейінгі дифференциалдарының барлығы үзіліссіз болсын. Осы маңайдан p1(x0 + х., у0 + у)нүктесін аламыз.

z = f(x,y) функциясының роо,уо) нүктесінің маңайындағы толық, өсімшесі

мынадай формуламен өрнектеледі.

(6) формула z = f(x,y) функциясының Тейлор формуласы деп аталады.

Қорытынды. № 45-46 лекциялардан кейін студенттер көп айнымалылы функцияның туындысы мен дифференциалын табуды меңгереді және оның геометриялық мағынасын біліп қолдыну бағытын білетін болады. Айқындалмаған функцияның туындылары мен дифференциалдарын табуды үйренеді.

47-48 лекциялар. Көп айнымалылы функцияның экстремумын табу тәсілі көрсетіліп көптеген мысал арқылы айтылады және шартты экстремум ұғымы беріліп оны табу жолдары көрсетіледі.