- •Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) арналады.
- •Ішкі аурулар Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
- •Ажту – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
- •Га – гипертония ауруы
- •Гкмп – гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Гн – гломерулонефрит
- •Тт – тыныс тұншықпасы
- •Т ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң а у р у л а р ы Жедел бронхит және бронхиолит
- •Созылмалы бронхит
- •Тыныс тұншықпасы (тт)
- •Бронхоэктазия ауруы
- •Пневмония
- •Ауруханадан тыс пневмония
- •Ауруханаішілік пневмония
- •Атипиялық пневмониялар
- •Аспирациялық пневмонияны емдеу
- •Созылмалы пневмония
- •Өкпенің инфекциялық деструкциялары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесі)
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпенің созылмалы себінді аурулары (өсса)
- •Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
- •Созылмалы өкпе-текті жүрек
- •Плевриттер
- •Транссудат пен экссудаттың белгілері
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- •Тыныс жетіспеушілігі
- •Спонтандық пневмоторакс
- •Ересектердің респираторлық дистресс – синдромы (ердс)
- •Өкпе артериясындағы гипертензия
- •Бірінші ретті өкпе артериясының гипертензиясы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
- •Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
- •Қалыпты артериялық қан қысымы
- •Аққ көтерілуінің дәрежелері
- •Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
- •Қатерлі артериялық гипертензия
- •Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы
- •Артериялық гипертензияда қолданылатын негізгі дәрілер
- •Антигипертензивтік емнің тәсілдері
- •Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
- •Антигипертензивті дәрілердің құрамалары
- •Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын дәрілер
- •Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
- •Ренальдық аг.
- •Эндокриндік аг.
- •Иценко-Кушинг ауруы және синдромы
- •Гемодинамикалық аг
- •Нейрогендік гипертензиялар.
- •Дәріден болатын аг.
- •Атеросклероз
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Кенеттен болатын коронарлық өлім
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Тұрақсыз стенокардия классификациясы
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •Миокард инфарктісі
- •Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші
- •Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
- •Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі
- •Кардиогендік шоктың ауырлық дәрежелері
- •Ауырғандықты тию алгоритмі.
- •Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
- •Ревматизм қызбасының классификациясы
- •Жрқ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері
- •Инфекциялық эндокардит
- •Инфекциялық эндокардиттің классификациясы
- •Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер
- •Миокардтың коронарогенді емес аурулары
- •Миокардиттер
- •Миокардиодистрофиялар
- •Кардиомиопатиялар
- •Дилатациялық кардиомиопатия
- •Гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Рестрикциялы кардиомиопатия
- •Жүрек ақаулары
- •Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
- •Митральдық қақпақ кемістігі
- •Өкпе артериясы сағасының стенозы
- •Антиаритмиялық дәрілердің “Сицилиан гамбиті” классификациясы
- •Жүрек аритмиялары Экстрасистолия
- •Пароксизмальды тахикардия
- •Суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялардың айырықша белгілері
- •Қарыншаішілік блокада
- •Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы
- •Сжә-де дәрілерді таңдау
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Асқорыту мүшелерінің аурулары Өңеш аурулары Гастроэзофагальды рефлюкстік ауру
- •Гэра мен жиа екшеу-іріктеу диагнозы
- •Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
- •Қалыпты асқазан секрециясы
- •Гастриттің ерекше түрлері
- •Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
- •В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
- •Нр байланысты созылмалы гастритті емдеу. Емнің мақсаты – асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабығындағы нр жою.
- •Жара ауруы
- •Жара ауруының асқынулары.
- •Ішек аурулары Созылмалы энтерит
- •Созылмалы колит
- •Бейспецификалық жаралы колит
- •Крон ауруы
- •46-Кесте ка мен бжк екшеу-іріктеу диагнозы
- •Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
- •Классификациясы (Гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, Лос-Анджелес, 1994).
- •Бауыр жетіспеушілігі
- •49-Кесте Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассыз холецистит
- •Бауыр циррозы
- •Бадд – Киари синдромында болатын цирроз
- •Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
- •Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
- •Бауыр циррозының сирек түрлері.
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жқж клиникалық варианттарының жұмыс классификациясы
- •Жқж активтілік дәрежелері
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:
- •Жүйелі склеродермия
- •Дерматомиозит
- •Буын аурулары Ревматоидтық артрит
- •Ра жұмыс классификациясы
- •Жүйелі өзгерістер жоқ ра.
- •Жүйелі зақымданулар болатын ра.
- •Ерекше синдромдар
- •Ра синовиальды сұйықтықтың көрсеткіштері
- •Ра түрлеріне қарап емдеу
- •Негізгі клиникалық түрлері
- •Подагра
- •Жүйелі васкулиттер
- •Түйінді периартериит
- •Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
- •Бейспецификалық аортоартериит
- •Такаясу ауруының критерийлері
- •Вегенер гранулематозы
- •Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері
- •Жедел гломерулонефрит
- •Бүйрек амилоидозы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Анемиялар
- •Теміржетіспеушілік анемия
- •Витамин в12-жетіспеушілік анемия
- •Гемолитикалық анемиялар
- •Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
- •Г-6-фдг жетіспейтін анемия
- •Талассемия
- •Қолорақ клеткалы анемия
- •Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
- •Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия
- •Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
- •Гемобластоздар
- •Лейкоздар
- •Жедел лейкоздар
- •Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Полицитемия
- •Геморрагиялық диатез
- •Гемофилия
- •Виллебранд ауруы
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)
- •Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
- •Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері
- •Тамыріші себінді қан ұю синдромы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Тестілер жауаптарының эталондары
- •Б) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша
- •Қолданылған әдебиет тізімі жалпы әдебиет
- •Несеп бөлу жүйесінің аурулары бойынша
- •М а з м ұ н ы
Қолорақ клеткалы анемия
Қолорақ клеткалы анемия – аномальды S гемоглобин түзілуімен және эритроциттердің қолорақ түрін қабылдау қасиеті болуымен сипатталатын тұқым қуалайтын гемолитикалық анемия. Ауру Закавказьеде және Солтүстік Кавказда, АҚШ-та, Африкада кездеседі.
- полипептидтік тізбектер генінің мутациясы нәтижесінде физикалық – химиялық қасиеттері өзгерген аномальды S гемоглобин пайда болады. Ол нашар ериді, полимеризациялану мен талшық түрінде шөгуге қабілетті болады. Бұл өзгерістер эритроцит мембранасының функциональдық күйін бұзады, эритроциттерді деформациялайды (олар қолорақ түрін қабылдайды) және гемолиз тудырады. Сонымен қатар, эритроциттер бір-бірімен қосылып, микроциркуляция жүйесінде қан ағысына кедергі тудырады, ішкі органдар тамырларының тромбозы пайда болып, инфаркті дамуы мүмкін.
Клиникасы. Аурудың гомозиготалық түрінде созылмалы гемолитикалық анемия белгі-лері, гемолиз криздері және ауыр инфекциялық процестермен асқынатын тамыр окклюзиясының белгілері болады. Аурудың белгілері нәрестенің жасы 6 айға толғанға дейін білінбейді, себебі бұл мезгілде қанда фетальдық гемоглобин (НвF) басым болады. Кейін аурудың ауыр белгілері тез өрбиді, науқас адамдардың 25-50% 2 жасқа дейін өледі. Тек 5-10% ғана толысқан жасқа дейін өмір сүре алады.
Гемолиз бен анемия нәтижесінде терінің түсі қуқыл тартады және болмашы сарғаяды. Балалар нашар өседі, олардың дене тұлғасы астениялық болып келеді, аяқ-қолдары ұзарған, бас сүйегі мұнара тәрізді, мұрынның түбі кеңейген болып келеді. Ауру адам дұрыс дамып жетілмеген, гипогонадизм және евнухоидизм белгілері болады. Гемолиз криздері кезінде өмірге қауіп төндіретін коллапс, сарғыштық, гепатоспленомегалия анықталады.
Қан стазы үдей түскен және тіндер ишемиясы туындаған аймақта тамыр окклюзиясының кризі көрініс береді. Сүйектер, буындар, іш, кеуде ауырып, қызба пайда болады. Ішкі органдардың ірі инфарктілері дамыған жағдайда тиісті аймақта ұзаққа созылған және өте күшті ауырғандық орын алады. Күшті және ұзаққа созылған қызба инфекциямен асқынғанды меңзейді. Ересек адамдарда талақтың қайталамалы инфарктісі оның атрофиясын, фиброзын және кальцификациясын тудырады. Абдоминальдық ауырсыну криздері кезінде жүрек айну, құсу, қызба, «іш теспе» белгілері болады, олар бауырда, талақта, сирегірек омыртқа жотасының белдік бөлігінде микротромбоздармен байланысты бой көрсетеді.
Буын криздері жайылмалы полиартрит белгілерін береді. 2-4 жаста грамтеріс бактериялар әсерінен остеомиелит дамуы мүмкін.
Жүрек анемиялық миокардиодистрофия, қайталамалы микроинфаркт, кейде өкпе артериясының гипертензиясы түрінде зақымданады.
Өкпеде инфекция (пневмония), ұсақ инфарктілер мен фиброздың дамуы, өкпе гипертензиясы мен созылмалы өкпе-текті жүрек белгілері болады.
Бүйректердің зақымдануы бүйрек тінінің инфарктісін және некрозын, кейін оның фиброзын тудырады. Нефроз синдромы болуы мүмкін.
Нервтік – психикалық бұзылыстар микротромбоздар нәтижесінде туындайды: бас ауыруы, бас айналуы, парестезия, ауыр жағдайларда – гемиплегия, афазия, құрысу, менингеальдық синдром белгілері байқалады. Миға қан құйылу, бактериялық менингит өлім себептері болуы мүмкін (әсіресе олар ересек жастағылар мен балаларда).
Көз зақымданғанда конъюнктивит, көз торына қан құйылу белгілері анықталады.
Бұл белгілермен қатар септицемия белгілері болуы мүмкін, ол бала жасында көбіне өлім себебі болады.
Аурудың клиникалық белгілері алуан түрлі болатындықтан диагноз қоюда лабораториялық мәліметтердің маңызы үлкен болады.
Қанның жалпы анализінде: гемоглобиннің азаюы, нормохромды, нормоцитарлық анемия. Пойкилоцитоз, анизоцитоз, полихроматофилия болуы мүмкін, эритробласттар кездеседі. Ауруға тән лейкоцитоз, ол екінші ретті инфекция қайталауына тәуелсіз бой көрсетеді. Тромбоцитоз болуы мүмкін.
Диагноз қою үшін қан жұғындысында қолораққа ұқсас эритроциттерді табу өте маңызды.
Сүйек миында: ретикулоцитоз, эритробластоз.
Қан сарысуында: гипербилирубинемия, темірдің көбеюі (гемолиз белгілері).
Гетерозиготті қолорақ клеткалы анемия көбіне симптомсыз дамиды, анемия белгілері болмайды. Бірақ денеге ауқымды күш түскенде, ауыр гипоксияда (анестезия, биіктікте болу) жоғарыда көрсетілген криздар болуы мүмкін, кейде олар өліммен аяқталуы мүмкін.
Емі.
1) Жуылған және жылытылған эритроциттерді құю негізгі ем тәсілі болып табылады.
Эритроциттер құю көрсетпелері:
гемоглобин мен ретикулоциттердің өте азайып кетуі;
бұрын болған инсульт;
қайталап болатын ауыру ұстамалары (әдеттегі анальгетиктер тоқтата алмайды);
қуыс мүшелерінде болатын операцияға әзірлік;
сирақтағы трофикалық жаралар (құрама ем компоненті);
2) Дегидратация мен гипоксияның алдын алу (олар аурудың қайталауына түрткі болады).
3) 3 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда инфекциялық күйлердің алдын алу – күнде пенициллиннің ішке қабылдайтын түрінің 125-500 мг, 3 жастан кейін – поливалентті пневмококк вакцинасымен вакцинациялау. Профилактикалық мақсатта антибиотик қабылдау ересектерде тиімсіз болады.
4) Гемолитикалық анемия белгілері көрініс бергенде ішке фолий қышқылының 1 мг күнге 1 рет қабылдау.
Профилактикасы. Гемоглобинопатиялардың алдын алу шаралары – аномальдық эритроциттер гені бар адамдар арасында некеге отыруды болдырмау. Ол үшін медициналық – генетикалық кеңестер (аномальды ген иелерін табады) қызметін кең қолдану керек.
Амнион сұйықтығының (екіқабаттылықтың 16-аптасынан кейін жасалған амниоцентезде алынады) клеткаларының көмегімен орындалатын пренатальды диагностикасының белгілі бір маңызы болады.