Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4434
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші

Көрсеткіштер

Қанда көбею мерзімі

Норма

Басы

Ең жоғарғы деңгейі

Ұзақтығы

Т-тропонині

3-4 сағ.

12-72 сағ.

10-15 күн

0-0,1 нг/мл

J тропонині

4-6 сағ.

24 сағ.

5-10 күн

0-0,5 нг/мл

Миоглобин

2-3 сағ.

6-10 сағ.

24-32 сағ.

50-85 нг/мл

Креатинфосфоки-наза (КФК)

3-8 сағ.

24-36 сағ.

3-6 күн

10-195 ХБ/л

КФК – МВ (МВ – фракциясы)

4-8 сағ.

12-24 сағ.

2-3 күн

0,24 ХБ/л (жалпы КФК < 6%)

КФК – МВ изоформалары

1-4 сағ.

4-8 сағ.

12-24 сағ.

МВ2/МВ1 > 1,5

КФК – МВ mass

3-4 сағ.

12-14 сағ.

3-4 күн

0-5 нг/мл

Лактатдегидро-геназа

8-10 сағ.

24-72 сағ.

10-12 күн

0,8-4 ммоль/сағ.л 370С (Севел және Товарен бойынша)

ЛДГ1 (изоформ 1 ЛДГ)

8-10 сағ.

48-72 сағ.

10-14 күн

240-480 ХБ/л оптикал тест жалпы ЛДГ 15-25% ЛДГ1/ЛДГ2 – 0,45-0,74

Аспартатаминотрансфераза (АСТ)

6-8 сағ.

24-36 сағ.

5-6 күн

0,1-0,45 мкмоль/ч. мл

Дене қызуы

1-2 тәул.

2-3 тәул.

3-7 күн, ауқым-ды трансму-ральды ми 10 күнге дейін

370 жоғары емес

Лейкоцитоз шеткі қанда

3-4 сағ.

2-3 тәул.

3-7 күн

4,0-8,0х109

ЭТЖ

2-3 күн

8-12 күн

3-4 апта

Еркек. 10 мм/сағ. дейін

Әйел. 15 мм/сағ. дейін

Серомукоид

1-ші тәул.

-

10-14 күн

0,22-0,28 г/л

Сиал қышқылдары

24 сағ.

5-10 тәул.

1-2 ай

0,130-0,200 бірл.

Гаптоглобин

2-тәул.

3-4 тәул.

1-2 апта

0,28-1,9 г/л

Фибриноген

48 сағ.

3-5 тәул.

1-2 апта

2-4 г/л

Бұл кезеңнің ұзақтығы 6-8 апта. Жеделше кезең ұзақтығы некроз зонасының көлеміне, науқас адамның реактивтілігі мен жасына және МИ-ң асқынуының бар – жоғына байланысты болады. Асқынбаған МИ-да жеделше кезеңнің даму барысы жағымды болып келеді. Науқас адамның жалпы күйі қанағаттанарлық дәрежеде болады. Ауырғандық әдетте болмайды. Жүрек – тамыр жүйесі жағынан ЖЖЖ мен АҚҚ (артериялық гипертензия болуы мүмкін) қалыпты деңгейге оралады, систолалық шу жойылып кетеді.

Жеделше кезеңінде резорбциялы – некроз синдромының белгілері жойылады.

ЭКГ. «Миокард инфарктісіндегі ЭКГ» қараңыз.

Инфарктіден кейінгі кезеңде некроз ошағында тыртық толық қалыптасып, жүрек – тамыр жүйесі жаңа қызмет ету жағдайына толық бейімделеді.

Бұл кезеңде ауырғандық болмайды. Кейде инфаркттан кейінгі стенокардия пайда болады. Некроз ошағы бар екенін және тыртық қалыптасу процесін көрсететін барлық көрсеткіштер (ЭКГ, ферменттердің белсенділігі) қалыпты күйге оралады. Аурудың жедел кезеңінде пайда болатын инфарктан кейінгі синдром (Дресслер синдромы) ұзақ сақталуы мүмкін. Аритмиялар мен созылмалы жүрек әлсіздігінің белгілері болуы мүмкін.