Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе дегенімізбұл өзара байланысқан жүйелік бағдарламалар кешені, ол пайдаланушының компьютермен өзара әрекеттесуін және басқа бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыруға арналған.

Операциялық жүйе бір жағынан компьютер аппаратурасымен орындалып жатқан бағдарламалар және екінші жағынан пайдаланушының арасындағы байланыстырушы буынның ролін атқарады.

Операциялық жүйе әдетте компьютердің сыртқы жадында – дискіде сақталады. Компьютер қосылған кезде ол дискілік жадыдан алынып, ЖЖҚ-ға орналастырылады.

Бұл процесс операциялық жүйенің жүктемеленуі деп аталады.

Операциялық жүйенің қызметтері төмендегілер:

  • пайдаланушымен сұхбат жасау;

  • мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

  • программаларды өңдеуден өткізу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру;

  • ресурстарды (жедел жады мен кэшті, процессорды, сыртқы құрылғыларды) үлестіру;

  • программаларды орындалуға арнап іске қосу;

  • әртүрлі қосалқы қызмет көрсету әрекеттері;

  • әртүрлі ішкі құрылғылардың арасында ақпараттың берілуі;

  • шеткі құрылғылардың (дисплейдің, пернетақтаның, дискілік жинақтауыштардың, принтердің және т.б.) қызметін программалық қолдау.

Операциялық жүйені компьютерді басқару құрылғысының программалық жалғасы деп атауға болады. Операциялық жүйе пайдаланушы мен аппаратураның арасында аралық қатпар құрумен одан аппаратурамен өзара әрекеттесудің керексіз қиындықтарын жасырады. Соның нәтижесінде адамдар компьютердің аппаратымен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру жөніндегі өте ауыр жұмыстан босатылады.

Бір мезгілде өңдеуден өткізіліп жатқан міндеттердің саны мен өздеріне ОЖ қызмет көрсете алатын пайдаланушылардың санына қарай операциялық жүйелер төрт негізгі топқа бөлінген:

  1. бір пайдаланушыға бір міндетке арналған операциялық жүйелер, олар пернетақтамен жұмыс істейді және тек бір ғана міндетпен (бір мезгілде) жұмыс істей алады;

  2. бір пайдаланушыға бір міндетке арналған фондық басылымы бар операциялық жүйелер, олар негізгі міндетпен қатар, әдетте, ақпаратты басып шығаруға бағытталған бір қосымша міндетті іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл үлкен көлемдегі ақпаратты басып шығарған кездегі жұмысты жылдамдатады;

  3. бір пайдаланушыға көп міндеттерге арналған операциялық жүйелері, олар бір пайдаланушыға бірнеше міндеттерді қатар өңдеуден өткізуді қамтамасыз етеді. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерді жалғауға болады, олардың әрқайсысы «өз» міндетіне арнап қызмет ететін болады;

  4. көп пайдаланушыға көп міндеттерге арналған операциялық жүйелер, олар бір компьютерде бірнеше пайдалануышыларға бірнеше міндеттерді іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл ОЖ-лер өте күрделі және едәуір мөлшердегі машиналық ресурстарды қажет етеді.

Компьютерлердің әртүрлі үлгілерінде архитектурасы мен мүмкіндіктері әртүрлі болатын операциялық жүйелер қолданылады. Олардың жұмыс істеуі үшін әртүрлі ресурстар қажет етіледі. Олар программа жасау мен дайын программалармен жұмыс істеуге арнап қызмет көрсетудің әртүрлі дәрежесін ұсынады.

Кәсіби қолданысқа бағытталған дербес компьютерге арналған операциялық жүйеде келесідегідей негізгі құрамдас бөліктер болуы тиіс:

  • енгізу-шығаруды басқару программалары;

  • файлдық жүйені басқаратын және компьютерге арнап тапсырмаларды жоспарлайтын программалар;

  • командалық тіл процессоры, ол операциялық жүйеге арналған командаларды қабылдайды, талдаудан өткізеді және орындайды.

Әрбір операциялық жүйенің өзіндік командалық тілі болады, ол пайдаланушыға сол не өзге түрдегі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:

  • каталогты қарауға;

  • сыртқы тасымалдауыштарды белгілеуге;

  • программаларды іске қосуға;

  • басқа әрекеттерді орындауға.

Пайдаланушының командаларын талдау мен орындау ісін, соның ішінде дайын программаларды жедел жадыға жүктемелеу мен оларды іске қосуды қоса алғандағы әрекеттерді операциялық жүйенің командалық процессоры жүзеге асырады.

Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік программалар – драйверлер қолданылады. Стандарттық құрылғылар драйверлерінің жиынтығы енгізу-шығарудың базалық жүйесін (BIOS) құрайды, ол әдетте компьютердің тұрақты ЖҚ-сына енгізіледі.

ОЖ-нің файлдық жүйесі дегеніміз не?

Файлғыл. fileқапшық) — бұл сыртқы жадыда сақтағыш құрылғыда орналастырылған және біртұтас нәрсе ретінде сақталатын, жөнелтілетін және өңделетін кез келген түрдегі мәліметтердің атаулы жиынтығы. Файлда программа, сандық мәліметтер, мәтін, кодталған бейне және т.б. болуы мүмкін. Файлдық жүйебұл файлдардың қандай да бір тасымалдауышта сақталуын ұйымдастыруға арналған құрал.

Файлдар жадының бір бөліктері ретінде физикалық түрде сыртқы тасымалдауыштарда – магниттік дискілерде немесе CD-ROM-да жүзеге асырылады. Әрбір файл дискілік жады блоктарының қайсыбір санын алады. Блоктың әдеттегі ұзындығы — 512 байт.

Файлдарды файлдық жүйенің драйвері деп аталатын операциялық жүйенің арнайы модулі күтімге алады. Әр файлдың каталогта – файлдардың тақырыбында тіркелген атауы болады.

Каталогқа пайдаланушы операциялық жүйенің командалық тілі (кейбір кезде директория немесе қапшық деп аталатын) арқылы қатынай алады. Оны қарауға, онда тіркелген файлдардың атын өзгертуге, олардың құрамындағысын жаңа орынға ауыстыруға және жоюға болады.

Программалық қамту (Software) ретінде есептеу жүйесімен орындалатын программалардың жиынтығы түсініледі.

Программалық қамтуға (ПҚ) сондай-ақ ПҚ-ды жобалау мен әзірлеу жөніндегі бүкіл іс-әрекет саласы жатады:

  • программаларды жобалау технологиясы (мысалы, төмен қарай жобалау, құрылымдық және обектілі-бағытталған жобалау және т.б.);

  • программаларды тестілеу әдістері [сілтеме, сілтеме];

  • программалардың дұрыстығын дәлелдеу әдістері;

  • программалар қызметінің сапасына талдау жүргізу;

  • программаларды құжаттау;

  • программалық қамтуды жобалау процесін жеңілдететін программалық құралдарды әзірлеу және қолдану және т.б..

Программалық қамту дегеніміз — компьютерлік жүйенің ажырағысыз бөлігі. Ол техникалық құралдардың логикалық жалғасы болып табылады. Нақты бір компьютердің қолданылу саласы соған арнап құрылған ПҚ-мен белгіленеді.

Компьютердің жеке өзі ешбір қолданылу саласындағы білімге ие болмайды. Бұл білімдердің барлығы компьютерлерде орындалатын программаларда шоғырланған.

Қазіргі компьютерлерді программалық қамтуға ойындық программалардан бастап ғылыми программаларға дейінгі миллиондаған программалар кіреді.