Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Баспаға арналған pdf

Баспа үшін баспаға немесе типографияға жіберілетін Scribus мүмкіндігі - ол РDF файлдар құру. Алдын ала басу дайындығы - әдетте PDF/X-3. Ол PDF PostscriptLanguage 3тілінде негізделеді екенің білдіреді және ағымдағы компьютерден тәуелсіз түсті бөлі операциясын өткізу үшін ICC түстік профильдері туралы ақпаратты қамтиды.

PDF/X-3 немесе PDF құжаттарының басқа типтерін құру үшін, сонымен қатар оларды принтерден шығару немесе вебте жариялау үшін Scribus терезесінің жоғарыда орналасқан құралдар тақтасындағы PDF сияқты сақтау (Сохранить как PDF) батырмасын шерту керек. PDF-ке экспорттау сұхбаттасу терезесі сі PDF құжаттарының жеңіл желпі параметрлерін баптауға барлық қажеттілікті қамтиды.

98-сурет. PDF-ке экспорттау сұхбаттасу терезесі сі

PDF-ке экспорттау сұхбаттасу терезесі сінде Жалпы (Общие) қосымшасынан бастау керек. Содан кейін Сыйсымдылық (Совместимость) мәзірінен PDF/X-3 таңдаңыз. Төменгі өрісте бейненің кеңейтілуін 300 dpi –ға дейін өзгерту керек.

Түсті басқару

Қаріп (Шрифт) қосымшасындағы барлық қаріптердің символы 100% құжатқа енгізіледі. Түс (Цвет) қосымшасы қажетті түс жіберуді және кірістірілген немесе өз меншік түстік профильді орнатуға мүмкіндік береді.

PDF-ке экспорттау сұхбаттасу терезесі сін шақыртыңыз. Әсерлер (Эффект), Қараушы (Просмортщик), Қауіпсіз (Безопасность), Полиграфия қосымшаларын меңгеріңіз.

Желілік технологиялар

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік бағдарламалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай бағдарламалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.

Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.

Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

  • Web-технологиялар;

  • Сайт жасау экономикасы;

  • Web-дизайн және Web-бағдарламалау маркетинг ісі;

  • Адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Жоспарлау;

  • Элементтерді жасақтау;

  • Бағдарламау;

  • Тестілеу;

  • Жариялау;

  • Жарнамалау;

  • Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

1. Сайттың орны.

2. Сайттың аудиториясы кімдер.

3. Қандай ақпарат жарияланады.

4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың бағдарламалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

1. Навигациялық құрылымын жасау.

2. Беттің дизайнын жасау.

3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламалау. Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңінде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1. Сілтеменің жұмысы;

2. Мәтіндегі қателер;

3. Навигацияның тиімділігі.

4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

5. Графикалық файлдардың ашылуы.

6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріледі.

Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу;

4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ.

Компьютерлік желі - дегеніміз- бір–бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым–қатынас жасауына арналған апарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп, дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік апарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметтерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатнас құруды ұйымдастыру;

  • компьютерлердің арасында мәлімет алмасуды басқару;

  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.