Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Парақ шебері

Баспа үшін кейде бірдей объектілердің бір жерде шоғырлануына жол бермес үшін парақ шебері пайдаланылады. Парақ шебері артық жұмыстан сақтандырып, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Парақ шеберлері құжаттың бір бөлігі болып есептелгендіктен жеке файлға сақталмайды.

85-сурет. «Беттер шеберін түзету» сұхбаттасу терезесі

«Парақ шебері» сұхбат терезесіндегі құралдар тақтасын және ондағы батырмалар қызметін пайдаланыңыз.

Парақ шеберіне түзетуге енгізуге тура келді. Ол үшін оны тізімде ерекшелеп алыңыз. Терезені ашық тізім күйінде қалдырыңыз. Парақта өзгеріс енгізсеңіз, сақтап, құжаттарға атау енгізіп отырыңыз. Сақталғаннан кейін ғана парақ шеберін түзетуге болады.

Парақ шеберімен жұмысқа бәрі дайын. Жаңа құжат ашып, арнайы дизайн пайдалануды шештіңіз. Ол үшін «Парақ» → «Парақ шеберін қабылдау» мәзірін орындаңыз. Парақ шеберін таңдауға арналған сұхбаттерезе ашылады, безендіру дизайнын таңдап, ОК басыңыз.

86-сурет. «Парақ шеберін қабылдау» және сұхбат терезесі

Scribusта жұмыс жасауда парақ шебері де, шаблондар да тиімді болып табылады. Бірақ, әрқайсысы әр түрлі мақсатта қолданылады.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

1-тапсырма

«Әбу Насыр ибн Мұхаммед әл-Фараби: өмірі мен ғылыми еңбектері» тақырыбында бес беттен тұратын кітапша жасау. Бірінші бет-титул парағы, соңғысы – бос. Екінші бетінде – өмірі, үшіншісінде – Фарабиге қатысты суреттер, төртіншісінде – әл-Фарабидің саяси көзқарастары.

Әл-Фарабиге қатысты мағлұмат жинақтауда ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. (http://www.mudrez.uz) Құжатты MicrosoftWordта сақтап отырыңыз.

11 сынып атты бума жасап, оның ішіне «Кітапша» бумасын орналастырыңыз. Папкаға қажетті мәтін құжаттары мен суреттерді сақтаңыз.

87-суреттегі құжат ерекшеліктеріне сәйкес Scribusта жаңа құжатты ашыңыз. (жаңа құжаттың барлық құрылымына зер салыңыз) «Беттер саны» - 5 дегенді орнатыңыз. ОК батырмасын басып, бірінші беттен мәтін блогын алып тастаңыз.

87-сурет

Беттің жоғарғы бөлігінің орта тұсына автономерлеу үшін ені 10 және биіктігі 6 мм-ді құрайтын мәтін алаңын қосыңыз. Ол үшін «Кірістіру» → «Мәтін блогы» амалын орындап, «Кірістіру» → «Белгілер» → «Беттің номері» амалын орындаңыз. (88-сурет)

88-сурет

Мына мәтін блогын бірінші және соңғы беттен басқа барлық беттерге көшіріңіз.

«Кітапша» папкасынан суреттерді пайдалана отырып, титул парағын жасаңыз.

Екінші беттен бастап әл-Фараби жайлы табылған мәліметтерді қойыңыз. Мәтін блоктарын өзара байланыстырыңыз.

2-тапсырма

«Наурыз мейрамы» тақырыбына арналған ақпараттық плакатты жасау

Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Наурыз мейрамының тойлануының ерекшеліктері мен дәстүрлері жайлы мағлұмат табыңыз. (http://ru.wikipedia.org). Дайын мәтіндерді көшіріп, «Наурыз» атауымен сақтап, барлығын «Менің құжаттарым» бумасындағы «Наурызға арналған плакат» папкасына салыңыз.

/ Құжатты орнату

«Жаңа құжат» сұхбат терезесінде Scribus программасын жіберіп, келесі параметрлерді орындаңыз:

  • Құжат макеті — Жалғыз бет

  • Көлемі – А 3

  • Ориентация — Альбом;

  • Жиектердің бағыттары – 20 pt;

  • Мәтін блоктарын құру – қосулы (жалау орнатылған)

  • Бағандар – 3;

  • Бағаналар арасы - 15 pt.

Осыдан кейін үш бағаннан тұратын мәтін блогының беті ашылады.

Мәтіннің жүктелуі

Файлдан мәтінді орналастырыңыз. Мәтін блогын ерекшелеп, «Файл»  «Импорт»  «Мәтінді қабылдау» амалын орындаңыз. Файлды жүктеп, импорт фильтрі «Автоматты» жүйеде блоу керектігіне назар салыңыз. Ақпараттың мереке тарихы, Наурыз және мерекеге дайындық деген үш бағанаға бөлінуін қадағалап, мәтін бөліктерін өшіріңіз.

Құжатты сақтаңыз. Құжат жайлы ақпартты белгілеңіз. (Файл  Құжат параметрлері  құжат жайлы ақпарат)

Шаблон құру

Құрылымды аталған баспаға «Файл»  «Шаблон түрінде сақтау», «Мерекелік плакат» тақырыбымен шаблон түрінде сақтаңыз.

Тақырып

Тар көлемдегі мәтін блогын құрыңыз. Бұл блок негізгі мәтін блогын жауып тұрады.

(F2) құрылым терезесін пайдаланып, екінші мәтін блогындағы суреттеулерді қосыңыз. («Фигура» құрылымы)

Стильдерді түзету

Мәтінге арналған стильдер Scribus программасында сақталады. Мәтіндегі стильдерге түзету енгіземіз. Бірінші деңгейдегі тақырыпты ерекшелеп алып, мәтінді өзгерту батырмасын басыңыз. Келесі амалдарды орындаңыз:

  • Кегль — 30 pt

  • Қоршаулары мен көлеңке

  • Cyan құймасының түсі

  • Орта тұсына қарай тегістеу

  • Трекинг — 10%

Әр бағана тақырыптан басталады.

Негізгі мәтінді ерекшелеп алып 12 pt кегль көлемінде неіне қарай тегістеңіз. Мәтіннің біркелкілігі үшін «Кеңейту» → «Тасымалды қою» амалдарын орындаңыз.

Бағандардың тақырыбын ерекшелеңіз: мереке тарихы, Наурыз және мерекеге дайындық.

  • Кегль — 20pt

  • Көлеңке

  • Мәтін түсі қызғылт

  • Орта тұсына қарай тегістеу

  • Трекинг — 5%

Бейне

Бейнелерге арналған жеке қабат әзірлеңіз. («Терезе» → «Қабаттар» (Ғ6). Бейнені жеке қабатқа орналастырамыз.

«Қабаттар» терезесін ашып, оны «Мәтін» тақырыбына ауыстыр. Жаңа қабатты қосып, оған «Сурет» деген ат қойыңыз. Ол «Мәтіннен» биік тұруы керек.

В деңгейі

1-тапсырма

1-бет. Word – «Әбу-Насыр ибн Мұхаммед әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері» программасынан WordArt тақырыбы (MonotypeCorsica, 28 пт., Ж К) 2 жолға жазбаның стилін, түсін, контурдың қалыңдығын таңдаңыз. WordArt жазбасын Scrubusқа көшіріңіз.

Берілген тақырыпқа WordArt (MonotypeCorsica, 18 пт., Ж К) 2,3 беттерде тақырыптарды орналастырыңыз. (мысалы, өмірі, үшіншісінде – Фарбиге қатысты суреттер, төртіншісіне – Әл-Фарабидің саяси көзқарастары)

Кітапша беттеріне суреттерді қосыңыз.

Мәтін блогындағы мәтін параметрлері: еніне қарай тегістеу, 0,5 бірінші беттен жазу, 12 пт.,қарпімен жазу, TimesNewRomanCyr.

2-тапсырма

Кенепке 4 тікбұрышты, 4 бейнелер блогын орналастырыңыз. Бейнелерді блоктарға қойыңыз. (Ctrl + I)

Әр тіктөртбұрышты бейнелермен топтаңыз. Бұл үшін жұпты ерекшелеп алып, «Обьект» → «Топтау» амалын орындаңыз. (Ctrl + G).

Тіктөртбұрыштың қара рамканы өшіріңіз. (F2) құрылым терезесіндегі «Түс» салымында жүзеге асырылады. «Жоқ» амалын жиектердің түсіне орнату қажет.

Бейнені мәтінмен кіріктіру

«Қабаттар» тақтасында (F6) «Мәтін» қабаты үшін жалау орнатып, құлыптан алып тастаңыз. «Қабаттар» терезесін жабыңыз.

Scribus терезесінің төменгі бөлігінде қаббатарды қосуға арналған тізім бар.

С деңгейі

1-тапсырма

Сызба және мәтіндердің нұсқалары беріледі. Сызбалардың жанына рамка орналасады.

2,3,4 негізгі мәтіндерге қаріптерді орнату.

Кітапшаның титул парағын әзірлеңіз. (рамкасын, фонын, шығарылған күнін)

Соңғы бетіне мазмұнын жазыңыз.

Баспаны PDF форматында сақтаңыз.

2-тапсырма

Бетке түзету енгізу

Бейнелерді мәтінге асқан ұқыптылықпен және ойластырылған түрде негізу қажет. Бейнелерді айналдырып қоюға немесе көлемін өзгертуге болады. Scribus жиынтығынан әр түрлі элементтерді де қосып қоюға болады.

Мәтіннің блок шегінен шығып кететін кездері де кездеседі. Ондай жағдайда мәтін блогының оң жақ бұрышынан арнайы белгіні көресіз. Солай болған жағдайда бейнені кішірейтуге болады, абзац стилін, мысалы, интерлиньяжды кішірейтуге болады.

Шебер-беттерді құру.

Ағымдық қолданыстарды шебер-бетке сақтаңыз.

Басқы бетке арналған бейнені жасау.

Фон пайда болу үшін тағы бір қабат қосыңыз. Қабатты төменгі деңгейге орналастырып, қабатқа қазақ таулары мен қызғалдақтың бейнесі бар суретті орналастырыңыз. Графикалық блокты құжаттың төменгі бөлігіне қойып, мәтін блогының енін тартыңыз. Блок ішіндегі бейнені өзгертіңіз, графикалық блокка эффект енгізіңіз.

Баспа

Pdf форматындағы құжатты экспортта. (кез келген бағдарламаның көмегімен pdf құжатында не пайда болғандығын аңғарыңыз)

Негізгі әдебиет:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

  3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

  1. http://imcs.dvgu.ru/lib/eastprog/revolutio

Бақылау сұрақтары:

  1. Орналастырылған мәтінді мәтін блогына қалай апаруға болады?

  2. Мәтін блоктарын өзара қалай байланыстыруға болады?

  3. Мәтін блоктарының арасындағы байланысты қалай үзуге болады?

  4. Мәтінді түзетудің стилін қалай орнықтырады?

  5. Парақтарға номерді қалай қоюға болады?

  6. Мәтінді тасымалдау қалай жүзеге асырылады?

  7.  Алгоритмді және мәтінге әріптерді қоюды жазыңыз?

  8.  Бетті құжатқа қалай орналастыруға болады?

  9.  Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалана отырып кітап басу ісіндегі «глиф» сөзінің мағынасын табыңыз?

  10. Төмендегі құралдар тақтасы не үшін арналған? Солдан оңға қарай барлық батырмалардың атқаратын қызметін айтып шығыңыз.

  1. Баспа жүйесіне қабаттардың қандай қажеттілігі бар?

  2. Жаңа қабатты қалай қосуға болады?

  3. Қабат қалай өшіріледі?

  4. Қабат не үшін құлыпталады?

  5. Scribus баспа жүйесінде құжаттардың қандай дайын шаблоны бар?

  6. Құжаттың жаңа шаблоны қалай жасалады?

17. Беттер шеберін неге қабылдайды?

18. *Ерте жасалған шаблон қалай пайдаланылады? Алгоритмін дәптерге жазыңыз.

Дәріс №13

Тақырыбы: Беттеу. PDF-құжаттарын құру. Желілік технологиялар. Word Wide Web технологиясы. (2 сағат)

Жоспары: Беттеу. PDF-құжаттарын құру. Интернеттің негізгі түсініктері. Желілер мен телекоммуникациялар. Желілердің ақпараттық және бағдарламалық жабдықтары. Word Wide Web–тің негізгі түсініктері. Word Wide Web технологиясы. Web қосымшаларын жасау технологиялары.

Мақсаты: Беттеумен, PDF-құжаттарын құрумен танысу. Интернет туралы түсінік беру. Желілер мен телекоммуникациялар, желілердің ақпараттық және бағдарламалық жабдықтары, Word Wide Web технологиясы, Web қосымшаларын жасау технологиялары жайлы жалпы мағлұмат беру.

Негізгі ұғымдар тізбесі: Беттеу, PDF-құжаттары.

Беттеу

Баспа үрдісі негізгі қызметі?

Алдында айтылғандай, баспа жүйесінің негізгі қызметі баспа өнімдерінің электрондық беттеуін іске асыратын үрдіс.

Беттеу ұғымының анықтамасын тұжырымдаңыз.

Сонымен, беттеу – ол баспаға дайын, жиналған материалды біркелкі өнімге біріктіру және рәсімдеу.

Қандай негізгі объектілер баспа өнімдерді құруда (беттеуде) пайдаланылады?

Әдетте баспа беттерін рәсімдегенде бірнеше рет төрт негізгі элементтерді пайдаланады, олар:

  • Атаулар (тақырыпшалар) – әр мақаланы ерекшелейтін үлкен жазулар

  • Мәтін – мақаланың өзі

  • Фото (сурет) – мақалаларды сүйемелдейтін фоталар

  • Фоталарға «суреттерге) түсіндірмелер – фотаны сүйемелдейтін мәтін

Атаулар (тақырыпшалар) құру технологиясы

Дизайнер ішінде атаулар ең маңызды элементтері болуы мүмкін. Мақала жақсы жазылар, мақаладағы фоталар анық, әдемі болғанымен атауға көңіл бөлегн дұрыс.

Атауды жазғанда ең бастысы:

  • Атау нақты және дереу қабылданатындай болу керек. Неғұрлым көлемі аз болса, соғұрлым ол тез түсінікті болады.

  • Атау аттарын дәстүрлі сөйлесу тілінде сәйкесінше жазылған дұрыс.

  • Осы шақтың нақты етістігін пайдаланыңыз. Мысалы, ЭКСПО-2017 Парижде талқылауда

Жарияланымда атауларды жазғанда келесі ережелерді ұстайды:

  • Атаулар кәдімгі мәтін сияқты жазылған, яғни дәстүрлі ережелерді қолдану арқылы атаулар пайдаланылады.

  • Сол жақ бойынша тураланады.

  • Көбінесе ені бойынша орналасады.

  • Тақырыпшалар аса қажетті емес.

Газеттер мен журналдарда пайдаланылатын кейбір атаулар типін қарастырайық.

Төбесі (Шапка) - мақалалардың атауының стандартты тәсілі

89-сурет. Төбесінің атауы

Итерушілер (Проталкиватели) - көңіл аударылатын сөздер мен сөйлемдерді арқылы атауды жазады. Әдетте итеруші көлемі негізгі атаудан қрағанда кішірек және безендіруді контрастілейді.

Group 262AutoShape 25

90-сурет. Итерушінің

Балғашық (Молоточки ) – көңіл аударатын үлкен қаріппен жазылған сөйлемдерді пайдаланады. Төмен қарай кеңірек қосылған тақырыпша орналасқан. Мұндай атаулар қатты әсер етеді, бірақ оларды ерекше мақалалар және бөлімдер үшін пайдаланады.

91-сурет. Балғашық атауы

Жаңалығы бар мақалалардың атауын мәтіннің астында орналастырады. Ол күрделі жазылған мақалаларға күрделілеу атаулар керктігін білдіреді, ал бір бағанды мақала үшін атау 1-30-3 деге кодқа ие болуы мүмкін (бір баған, 30-шы кегль, үш жол).

Атаулар үшін оптималды нұсқау – ол 5-10 сөз, қысқаша жазбаларға атаудың 3-4 жолы қажет болуы мүмкін. Газеттер мен журналдар атауының жолдар санынң үлгілері 2-ші кестеде берілген.

2-кесте. Атаудағы жол саны

Атаудың ені (бағанда)

1

2

3

4

5

6

Атаудағы жолдар саны

3-4

2-3

1-2

1

1

1

Мәтінді бағанға рәсімдеу:

-суретте көрсетілгендей мақаланы беттегенде әртүрлі мәтіннің вертикалды немесе горизанталды орналасуын алуларыңызға болады (-сурет.)

92-сурет. Мақалаларды бағанда рәсімдеу

Антиквовтық қаріптерде Сериф (serif — ағылш.тілінен кертпе)— әдетте таңбаның негізгі штрихы басталатын және аяқталатын әріп соныңда перпендикуляр қысқа штрих. Бұрыңғы әдебиеттерде оны бөлгіш деп атайды. Көптеген ойлар бойынша серифтер үлкен массивтерді мәтіндерді оқығанда көмек береді. Олар әріптерді біркелкі сызыққа байланасуына әсер етеді және де визуалды қабылдауды жеңілдетеді.

Газет және журналдар беттерінде фоталар мен суреттерді безендіру.

Мақала беттерің фота мен суреттер жандандырады.

Әр фотаны, суретті беттерге ұтымды қылып орналастыру керек және де мақалада жарияланған әр фота, суреке түсіндірме берген жақсы болады.

Фоталарға түсіндірмелер үшін стильдер

Ені бойынша орналасқан қалың сериф

Қазақстанда жаңа KIA Cadenza жинауда. Қазақстан тұтынушыларына 3,5-литрлік V6 GDI қуаты 290 л.с. мен бірге 6-орынды Sportmatic автоматы барды ұсынады.

Оң жақ жиегі тегіс емес курсивті сериф

Қазақстанда жаңа KIA Cadenza жинауда. Қазақстан тұтынушыларына 3,5-литрлік V6 GDI қуаты 290 л.с. мен бірге 6-орынды Sportmatic автоматы барды ұсынады.

Сан-сериф қалың қаріппен ені бойынша тураланған

Қазақстанда жаңа KIA Cadenza жинауда.

Қазақстан тұтынушыларына 3,5-литрлік V6 GDI қуаты 290 л.с. мен бірге 6-орынды Sportmatic автоматы барды ұсынады.

Полиграфикалық өлшемдерді Дидо французы ұсынған. Олар дюймде құрылған, 1 пункт = 1/72 дюймге.

Компьютерлік қаріп (кегль) өлшемдері типографикалық пункте өлшенеді.

Әдетте бейнелерге түсіндірмелерді төмен, арасында және қасында орналастырады. Оларды көбінесе ені бойынша туралайды. Олар ешқашан фотаның артына кетпеу керек. Кейбір газет, журналдарда аса көп түсіндірмелерді екі бағанға орналастырады, өйткені енді мәтін қиын оқылады. Тағы бір ереже, енді түсіндірмелерде соңғы жол орта сызықпен қиылысу керек.

Кейбір кезде бір-біріне жақын орналасқан екі фотаның бір жалпы түсіндірмесі болады. Әдетте түсіндірмелер фоталар арасында орналасады. Бірақ оқырмандарға қай фото туралы түсіндірме екені түсінікті болу керек. Түсіндірме міндетті түрде фотаға қарай туралану керек. (-сурет)

Астаналық мектептің түлектері ең басты емтиханға –ҰБТке дайындық үстінде, ол маусым айының басында өтеді.

93-сурет. Фоталар арасындағы түсіндірме

Түсіндірмелер фотаның оң не сол жағында орналасады. Бейненің сол жағында орналасқан түсіндірме оң жақтан туралану керек, және керісінше оң жақта орналасқан түсіндірме сол жақа қарай туралану керек. Түсіндірмелер тым қысқа немесе ұзын болмау керек.

Негізгі мәтінді рәсімдеу ережесі.

Американдық стиль – ол кертпесіз қаріп, абзацтар арасында қызыл жолдың орнына үлкейген интервал, ені бойынша және сол жақтан тураланады, кегль 10-12 пункт.

Европалық стиль – ол кертпесі бар қаріп, шегініс қызыл жолдан, ені бойынша тураланады, кегль 11-14 пункт.

Екі стильдеде жоларалық интервал 1-1,5 интервал.

Әдетте журналдар мен газеттерде колонитулдер кездеседі.

Колонтитул деген не? Колонтитул нені қамтиды?

Әдетте колонтитул мазмұны – ол беттер номері, автордың аты-жөні және шығарманың (немесе тараудың бөлімнің) аты және қосымша ақпараттар.

Колонтитул мәтіннен визуалды жеке бөліну керек, сол үшін қаріптің өлшемі кіші болады және колонтитулды баспаның негізгі мәтіннен бөліп тұратын графиктіктік элементті пайдаланады.

Бұл қызықты!