Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Интернет – бұл ғылыми, іскерлік, танымал және көңіл көтеретін ақпаратты ашық түрде сақтау және тарату құрылғысы.

Бұл күнде Интернет тек компьютерлік желі арқылы ғана емес, сонымен қатар: жерсеріктік байланыс, радиосигнал, кабельді теледидар, телефон, ұялы телефон, арнайы оптико - талшықты желілер және электросымдар арқылы да қолжетімді. Дүниежүзілік ғаламтор дамыған және дамып келе жатқан елдердің өмірінде орсан зор орын алады.

Бүгінгі күнге дейін Интернет ең танымал, көлемі үлкен ақпарат көзі болып қалады және іс жүзінде кез келген зерттеу жүргізу кезінде ауыстырылмайтын болуы мүмкін. Интернет (1012) квадрильоннан көп құжаттардан құралған, 20 миллионнан аса деректер қорынан тұрады. Кейбір болжамдар бойынша, Интернет көлемі әр үш жыл сайын екі есе өсіп отырады.

Интернет – аналитика деп нені айтамыз?

Аналитика деп қызмет саласын, кейбір анализдің процессімен әдістемесін айтуға болады.

Интернет-аналитика – бұл аналитиканың жеке жағдайы, нақтырақ айтқанда, процесс және Интернеттің аудиториясын түсінуіне, олардың көздерімен талаптарына қолданылатын әдістемесінің анализі.

Интернет-аналитика Интернет өнімнің пайда болуы мен дамуының ажыратылмас бір бөлігі болып саналады, яғни Интернет өнімнің (сайт, сервис) өмірлік әр кезеңінде онымен бірге жүреді.

Веб-аналитика (ағлш. Web analytics) - бұл өлшеу, жинақтау, анализ, таныстыру және веб сайтты одан ары жақсарту мен үйлесімділеу мақсатында кірушілер туралы ақпаратты түсіндіру.

Веб-аналитиканың негізгі мақсаты: веб–сайтқа кірушілер қатысушылығының мониторингін жасау, сол мәліметтер арқылы веб-аудитория анықталады және веб-ресурстың дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерінің ұлғаюы үшін кірушірердің жүріс-тұрыстары зерттеледі.

Библиометрика

Библиометрия 60-жылдары пайда болды. Библиометрия құжаттар ағындарынын сандық саралаумен байланысты. «Библиометрия» ұғымын ағылшын ғалымы 1969 жылы Алан Причард еңгізді. Бүкіл библиометрия библиографикалық мәліметтердің жариялануының анализіне негізделген.

 

Библиометрика – бұл ақпарат және мәтіндерді зерттеу тәсілдерінің жиынтығы.

Библиометрика дәйексөз (цитата) анализінен және контенттік анализден тұрады.

Вебометрика (webometrics) веб-кеңістікте «библиометрика» ұғымының кеңуіне байланысты пайда болды.

Веб-кеңістік – бұл орталықтандырылған бақылауы жоқ, құрамының индексттік үйлестіруі жоқ ақпараттық ресурстың жаңа түрі.

Веб-кеңістік көптеген жеке адамдар мен топтың өзара әрекеттесу жолымен ұйымдасады. Әртүрлі құжаттар арасындағы байланыс сілтеме арқылы орнатылады. Осы сілтемелерді вебометрика әдістері арқылы зерттеу веб-кеңістіктің құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

Вебометрика (webometrics) – бұл информатика бөлімі оның негізінде сандық құрастыру аспектілері мен ақпараттық ресурстарды қолдану, World Wide Web (Веб) құрылысы мен оған қолданылатын технологиялар зерттеледі.

Вебометрика ұғымын 1997жылы Томас Алминд пен Петер Ингверсен еңгізді

Сауалнамалар (опросники) дегеніміз не және оның жіктеуі?

Сауалнамалар кең тараған диагностикалық құралдар қатарына жатады. Жеке тұлғалық сауалнамалар және сауалнамалар-анкеталар деп бөлінеді. Тесттермен салыстырғанда мұнда дұрыс немесе бұрыс жауап болмайды. Ол тек қана адамның сол айтылған сөздерге келісімінің немесе қарсылығының өлшемін көрсетеді.

Мәліметтермен жұмыс жасау әдістері

Контент-анализ (ағлш. content analysis; content – құрамы, мазмұны) – бұл мәтіндік және графикалық ақпаратты нысандандырылған зерттеу әдісі, зерттеліп отырған ақпаратты сандық көрсеткіштерге ауыстыруға және оның статикалық өндеуіне арналған.

Контент-анализ үлкен қаталдық және жүйелілікпен сипатталады. Контент-анализ әдісінің негізі белгілі бір бірліктердің зерттелетін мазмұнын бекіту және алынған мағлұматтарды квантификациялау.

Контент-анализдың объектісі болуы мүмкін әртүрлі баспа басылымдардың, жарнама хабарландырулардың, радио- және телебағдарламалардың, кинофильмдердің, көпшілік алдында сөз сөйлеудің, анкета материалдарының мазмұны.

Қазіргі уақытта контент-анализдің негізгі процедуралары:

1. Контент-анализдің мағыналық бірліктерін анықтау, олар болуы мүмкін:

а) жеке ұғымдарда көрсетілген түсініктер;

б) бүтін мағыналық абзацтармен, мәтін бөліктерімен, мақалалармен, радиобағдарламалармен және т.б. көрсетілген тақырыптар;

в) есімдер, адамдар тегі;

г) оқиғалар, деректер және т.б.;

д) әлеуетті адресатқа жолданған апелляция мағынасы.

Контент-анализ бірліктері мазмұны, мақсаттарына, тапсырмалар және нақты гипотезалар зерттемесіне байланысты белгіленеді.

2. Анализ бірліктерімен сәйкес келуі мүмкін немесе мүмкін емес шот бірліктерін белгілеу. Бірінші жағдайда белгіленген мағыналық бірліктерді аталу жиілігін санауға кеп тіреледі, екінші жағдайда зерттеуші талдау жасалған материал және ой пікірімен өзі шот бірліктерін ұсынады. Олар келесілер болуы мүмкін:

а) мәтіннің физикалық ұзақтығы;

б) мағыналық бірліктермен толтырылған мәтін ауданы;

в) қатарлар (абзацтар, тыныс белгілері, мәтін колонкаларының) саны;

г) радио немесе теледидар трансляциясының ұзақтығы;

д) аудио- мен бейнежазулар кезіндегі пленка метражы;

е) белгілі мазмұны, сюжетті бар суреттер саны және т.б..

3. Санау процедурасы анықталған топтың дағы қабылдау стандарттарының жіктелуіне ұқсас. Арнайы кесте құру, компьютерлік программаларды, арнайы формулаларды (мысалы «мәтіннің жалпы көлеміндегі мағыналық категориясында салмақты бағалау формуласы») қолдану, мәтіннің түсініктілігі мен тартымдылығын статистикалалық есептеу.

Контент-анализ әдісі қосалқы құрал ретінде психология, әлеуметтану және т.б. ғылымдарда анкета сұрақтарының ашық жауаптарына, бақылау материалдарында, психологиялық тест нәтижелеріне анализ жасағанда, фокус-топтың әдісіндегі нәтижелер анализдері үшін өте кең қолданыста жүр. Осы сияқты әдістер: көп көлемді коммуникация, маркетингтік және тағы басқа зерттеулерде пайдаланып жүр. Контент-анализ құжат көздерінің үлкен бөлігін зерттеуде қолданады, бірақ ол бірдейреттік мәліметтермен әлдеқайда жақсы жұмыс істейді.

Мәтін оқылымын қалай бағалауға болады?