Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Коммуникация – бұл хабарлама, берілім.

«Коммуникация» ұғымы «communication», сөзі ағылшын тілінен аударғанда хабарлау, жіберу, байланыстыру, сұхбаттасу, ортақ қылу деген мағынаны береді.

Материалды-техникалық жабдықталуына байланысты, яғни қолданылып жатқан каналдардан коммуникацияны келесі схема түрінде беруге болады.

100-сурет. Коммуникация түрлері

Бүгінгі таңда коммуникацияның қай түрі көп қолданылуда?

Коммуникация құру әдістері жыл сайын өзгеруде. Қазіргі таңда электронды байланыс жүйелері жиі қолдануда. Электронды коммуникация жаңа технологияға негізделген және пайдаланушыларға бірегей қарым – қатынас, оқыту, зерттеу, бизнес жүргізу мүмкіндіктерін ұсынып, өте танымал болды.

Электронды коммуникацияларды бірнеше түрге бөлуге болады: телефония, Интернет-коммуникациялар және олардың қисындасуы – IP-телефония.

Телефония

Қандай құрылғылар көмегімен телефония жүзеге асырылады?

Телефон – бұл дыбысты үлкен ара қашықтыққа жеткізе алатын кез келген құрылғы.

Қарапайым телефон аппараты екі бөліктен тұрады. Олар: корпус және телефон тұтқасы. Телефон тұтқасында екі кішкентай элемент бар: жіберуші (микрофон) және қабылдаушы (громкоговоритель).

Пейджер дегеніміз не?

Пейджер – жеке қоңырауларды қабылдағыш.

Пейджер пейджинг желісімен келген хабарламаларды алуға мүмкіндік береді. Пейджерге хабарлама жіберу үшін оператордың телефонын теріп, номерін хабарлап немесе абоненттің атын және хабарламаны айту керек.

Мобильді байланыс ұғымы нені білдіреді?

Мобильді байланыс – бұл белгілі бір жерге немесе аумаққа байланбаған, дыбыстық, мәтіндік, графикалық мәліметті сымсыз абоненттік терминалдарға жеткізетін телебайланыс түрі.

Мобильді байланыстың қандай түрлері болады?

Ұялы, жерсеріктік, транкингтік және т.б. ұялы байланыс түрлері болады.

Бүгінгі күні мобильді байланыстың ең көп таралған түрі - ұялы байланыс боп табылады. Бұл байланыстың келесідей жұмыс принципі бар. Ұялы байланыстың негізгі құраушылары әдетте биік жерлерде немесе ғимараттардың шатырларында орналасқан ұялы телефондар және базалық станциялар болып табылады. Қосылып тұрған күйінде ұялы телефон эфирді тыңдап базалық станцияның сигналын табады. Сонан соң, телефон станцияға өзінің бірегей идентификациялық кодын жібереді. Телефон және станция белгілі уақыт аралығында пакет алмасып, үзіліссіз радио байланыс ұстап тұрады. Телефонның станциямен байланысы аналогтық немесее сандық протоколда жүруі мүмкін. Егер телефон базалық станцияның жұмыс аумағынан шықса, ол басқасымен байланыс орнатады.

Әртүрлі операторлардың ұялы желілері бір-бірімен, сонымен қатар стационарлы телефондық желімен байланысқан. (2-с101-сурет). Бұл бір оператордың абоненттері басқа оператордың абоненттеріне қоңырауларды ұялы телефоннан стационарлыға, стационарлыдан ұялы телефонға жасауға мүмкіндік береді.

101-сурет. Әртүрлі операторлардың ұялы желілері бір-бірімен және стационарлы телефондық желімен байланысы

Интернет-коммуникациялар

Ненің көмегімен интернет-коммуникация жүзеге асырылады?

Интернет орта – бұл ақпараттық, техникалық, функционалдық, экономикалық, әлеуметтік, заңдық компоненттердің бар болуын, жұмыс істеуін және жеке мен топтық пайдаланушылардың қызметін қамтамасыз ететін жиынтығы.

Интернет-коммуникацияларды 2 түрге бөлуге болады: асинхронды және синхронды.

Асинхронды байланысқа жататындар: электронды пошта (e-mail), Интернет форумдар, электронды тақталар, жаңалықтар топтары, тарату тізімі, блогтар. Синхронды байланысқа жататындар: жылдам хабарламалар (мысалы Instant Messaging Service, әлеуметтік желілерде), чаттар, видеоконференциялар, дыбыстық конференциялар.

Асинхронды интернет-коммуникациялар

Электронды пошта анықтамасын құрыңыз.