Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Жүйелік программалардың ролі қандай және олар қандай мақсатқа арналған?

Жүйелік программалар қолданбалы программалармен бірге қолданылады және компьютердің ресурстарын – орталық процессорды, жадыны, енгізу-шығаруды басқаруға арналған.

Он мыңдаған жүйелік программалардың арасында ерекше орынға операциялық жүйелер ие болуда, олар компьютердің ресурстарын оларды тиімді пайдалануға арнап басқарылуын қамтамасыз етеді.

Жүйелік программалардың маңызды топтарына сондай-ақ қосымша арналудағы программалар - утилиталар (лат. utilitas — пайда) жатады. Олар не операциялық жүйенің тиісті мүмкіншіліктерін кеңейтеді және толықтырады, немесе дербес маңызды міндеттерді шешеді. Утилиталардың түрлерін қысқаша сипаттап кетейік:

  • бақылау, тестілеу және диагностикалау программалары, олар компьютердің құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін және пайдалану барысындағы ақаулықтарды анықтау үшін қолданылады; ақаулылықтың себебі мен орнын көрсетеді;

  • драйвер-программалар, олар операциялық жүйенің енгізу-шығару құрылғыларын, жедел жадыны басқару жөніндегі және т.б. мүмкіндіктерін кеңейтеді; драйверлердің көмегімен компьютерге жаңа құрылғыларды қосуға немесе қолданыстағыларын стандарттан тыс пайдалануға болады;

  • орап-қаптаушы программалар (архиваторлар), олар ақпаратты дискілерге бұрынғыдан да тығызырақ жазып, сондай-ақ бірнеше файлдардың көшірмелерін бір архивтік файлға біріктіруге мүмкіндік береді;

  • вирусқа қарсы программалар, олар компьютерлік вирустарды жұқтырудың алдын-алу мен вирустарды жұқтыру зардаптарын жоюға арналған;

  • дискілік кеңістікті оңтайландыру мен оның сапасын бақылау программалары;

  • ақпаратты қалпына келтіру, мәліметтерді пішіндеу, қорғау программалары;

  • коммуникациялық программалар, олар компьютерлердің өзара ақпарат алмасуын ұйымдастырады;

  • жадыны басқаруға арналған программалар, олар жедел жадының бұрынғысынан да икемді қолданылуын қамтамасыз етеді;

  • CD-ROM, CD-R жазуға арналған программалар және т.б.

  • утилиталардың бір бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді, ал енді бір бөлігі оған байланыссыз түрде, дербес түрде әрекет етеді.

Windows объектілері. Файл, бума, жарлық. Жұмыс үстелі. Себет. Windows анықтамалық жүйесі. Windows ОЖ-сін баптау.

Сілтеуіш программасы

Ескерту. Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істемейді.

Алдымен MS DOS операциялық жүйесі құрылды, онда командалар қолмен теріледі. Қолдануға ыңғайлы болу үшін командаларды термей-ақ пернелерді басу арқылы орындайтын арнайы программалар құрылды. Операциялық жүйелермен жұмысты жеңілдету үшін құрылған арнайы программаларды операциялық қабыршықтар деп атайды. MS DOS операциялық жүйесі үшін кең тараған операциялық қабыршық ретінде Norton Commander программаларын атауға болады.

WINDOWS операциялық жүйесі ыңғайлы, графикалық түрде құрылған, онда меню, команда, терезе, объект ұғымдары қолданылады.. Бір мезгілде бірнеше программалармен жұмыс істеуге болады және сыртқы құрылғылармен байланысу қызметін де операциялық жүйе өзі атқарады. WINDOWS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін көптеген программалар жазылады, ескі программалар ыңғайланып қайта құрылды. WINDOWS-та қазіргі кезде кең тараған барлық қолданбалы программалар жұмыс істейді десек артық болмайды.

WINDOWS программалары ортақ принципте құрылған оларда меню, команда, терезе ұғымдарымен қатар объект ұғымы және белгілеу кеңінен қолданылады.

Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы «терезелер» екені осыны білдіреді.