Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Қосымша материал Басылымның түрлері

Барлық басылым келесі негізгі түрлерге бөлінеді

Кітап басылымдары

кітап басылымдары кітапшаға (көлемі 5 тен 48 бетке дейін) және кітаптарға ( көлемі 48 бет, одан да жоғары) бөлінеді. Кітап басылымының түрі, жоспарланған пайдалану мерзімі, түрі және материалды мысалмен сипаттау саны, тиражы, теру және көлем күрделілігі, кітаптар бірнеше топша қатарына бөлінеді:

- тарихи әдебиет терімнің бірінші топ күрделілігімен ақ-қара немесе түсті суретпен сипатталады( 25 % дан 85%)

- көркем әдебиет баптаулы оқырман үшін: жеке туынды, шығармалар жинағы, сый және сувенирлік қалаулы туындылар. Жеке туынды және жинақтар орташа 5 % сипатталады. Көркем әдебиеттің терімнің күрделілік тобы – бірінші/екінші.

- оқулықтар орта және жоғарғы мектептер үшін 5 тен 15 дейін сипатталады. Терім күрделілігі оқулыққа байланысты, біріншіден (тарих, әдебиет) төртіншіге дейін (математика, физика, химия). Мектеп оқулықтары жоғары тираждылығымен ажыратылады.

- жоғарға оқу орнының оқулықтары, ортакәсіптік және арнайы оқу мекемелері жұмық тиражбен шығарылады, бір түсті сипаттау 5 %-дан көтерілмейді. Терім күрделілігі-1-4.

- өндірістік – инструкциялы басылымдар: ғылыми танымал және ғылыми анықтамалық шағын пайызбен сипатталады, терім күрделілігі-2-4.

- энциклопедия және энциклопедиялық үлгідегі сөздіктер үлкен көлеммен, негізгі терім ұсақ кегля (8п) қарпімен, 4-топ күрделілігі, шағын пайызбен, жіңішке және берік қағазға сипатталып, берік бекітпе мен мұқабалық жапқышпен ажыратылады.

- сөздік басылымдар: аудармалық сөздіктер, орфографиялық, орфоэпиялық, терминологиялық және басқа да мазмұны, өзгешелігімен ажыратылады. Терім күрделілігі - 4, сипаттау болмайды.

- мектепке дейінгі және кіші мектеп жастағы көркем әдебиеттер 50 % ақ-қара және түрлі түспен, сонымен қатар түрлі-түсті қаріппен жай гарнитураның және үлкейтілген кеглямен сипатталады. Терім күрделілігі -1.

-орта және жоғарғы мектеп жасындағы көркем әдебиеті алдыңғы топшалардан шағын пайызбен және кіші кегля қарпімен(10-12п) өзгешеленеді. Терім күрделілігі -1.

- кіші мектеп жастағы оқушыларға арналған оқулықтар жоғарғы пайызбен (20%-40%), түрлі түсті және кегля қарпімен (12-16п) сипатталады, екігарнитуралық рәсімдеу ықтимал. Терім күрделілігі – 1.

- ресми-деректі және ресми-анықтамалық басылымдар суретсипаттары асырылмайды, терім күрделілігі – 1.

Кітап басылымдары тематикалық және перспективалық жоспарларға сәйкес шығарылады.

Журналдар

Журналдар кітап басылымдарына қарағанда шығарылу жылдамдығымен ерекшеленеді, апта сайын, ай сайын шығарылып тұрады.

Журналдар іс жүзінде мұқабаға рәсімделеді, бекітпенің барлық әдіс-тәсілдері пайдаланынады. Журналдар келесі негізгі түрлерге бөлінеді:

- жаппай аз көлемді (50 бетке дейін) суретті ( жоғары көрнекілігімен 30 % -90% жарнамалық)сипаттайды. Терім күрделілігі -1, қаріп безеңдіруімен байланысты.

- балаларға арналған журналдар жоғары түрлі-түсті көрнекілікпен (50-70%) ерекшеленеді. Жеңіл теріммен(1) және ірі кегля қарпімен ажыратылады.

- өнер журналдары ақ-қара және түрлі-түсті сурет (30%) және жай терім мен бірнеше гарнитура кегля (8-10п) карпімен сипатталады.

- ғылыми танымал журналдар 25 % бір түсті немесе түрлі-түсті, журнал түріне байланысты сипатталады.

- ғылыми және өндірістік журналдар – мерзімді және жалғастырушы материалдар. Ғылыми журналдар теориялық және эксперименттік зерттеу материалдарыннан құралған. Өндірістік журналдар ғылыми-техникалық, өндірістік, ғылыми-методикалық кәсіби ақпараттан құралған. Көрнекілік (ақ-қара сызықтар) -3-5 %. Терім күрделілігі – 3-4. Қаріптік рәсімдеу бір немесе екі гарнитуралық 8-10 кегля қарпі қолданылады.

-Әдеби-көркем журналдар және альманахтар оқырманның кең ауқымды көрнекілігімен 5%, жастар журналының көрнекілігі 15% және әдеби-критикалық журналдар 0-30% көрнекілікпен, сызықтық рәсімдеу екі-үш гарнитуралық кегля 8-10п қарпімен сипатталады. Терім күрделілігі – 1.

-Қоғамдық-саяси журналдар және бюллетеньдер жай мәтін, суретсіз болып сипатталады. Кейбір журналдар 25% суретті болады.

- ресми немесе ақпараттық бюллетеньдер тек қана мәтіндік ақпараттан тұрады. Терім күрделілігі 1-2.

Газеттер

Газет –көкейкесті материалдан, қоғамдық-саяси шұғыл ақпараттан, өндірістік, экономикалық және басқа да сұрақтар мен жарнама басылымынан тұратын ресми басылым.

Газеттер, журнал сияқты жүйелі шығарылады.

Газет өндірісі өнімінің өзгешелігі қысқа мерзімі болып табылады,баспа немесе редакция қатал графикпен шығарады.

Қазіргі уақытта газеттер көлемі мен көркемділігіне байланысты сипатталады.

Күнтізбелер

Күнтізбе – дәйекті тізбенің күн апта, апталардың, айлардың, жыл жексенбі, мейрам күннің және естелік күннің белгісімен анықтамалық басылым.

Күнтізбе бірнеше түрге бөлінеді:

  • Қабырға күнтізбесі: үзбелі жұлдызнама, аудармалы күнтізбе, жылдық парақты болады.

  • Үстелдік аудармалы

  • Қалталы

Қабырға күнтізбелері арнайы қабырғаға бекітуге бейімделген. Үзбелі күнтізбелер арнайы теспеулерімен болады. Кегль терімінің саны 24 п (7,5мм) кем болуы керек. Бекітпенің барлық әдіс-тәсілдері жасалынған. Жоғары көркем суретсипаты түрлі-түсті(үстілдік аудармалы және үзбелі күнтізбелерден басқа), күнтізбенің әрленуі, түріне белгіленуіне қарай кез келген пайдалануы мүмкін(лактеу, үлдіні тығыздау, қолалау, өрнектеу, ойып түсіру, варио-стереолық күнтізбелерге растрдың тығыздауы және т.б.). Басып шығару түрлері – офсетті (басымырақ), терең, биік (қабырғалы үзбелі), трафаретті.

Альбомдар

Альбомдар сурет сипатына қарай үш топшаға бөлінеді:

Өнер альбомдары: көркем сурет, сурет өнері, сәулет, мүсін, суреттер және авторлық(түпнұсқа) көшірмелерден тұрады.

Фотоальбомдар – көріністік, тарихи, туристік репортаж публицистикалық жарнамалық тізімдемелер және т.с.с. суреттер.

Ғылыми техникалық альбомдар: ғылыми, өндірістік, техникалық, оқу атластары (картографиялықтан басқа) сызба, сұлба, сурет, жазу-сызу, техникалық және ғылыми суреттер, жоспарлардан тұрады.

Суретсипат көркемдігі – 1-6, жоғары дауысты жаңғырт. Түпнұсқа суретсипатына сәйкес әр түрлі тәсілімен басылу мүмкін.

Альбомдар (жаппай қолдану: ғылыми танымал, оқу, нұсқаулық, тізімделер, жарнамалық және т.с.с.) түптеуге, кейде супертысқа, қосымша әрлеуге немесе қаптамаға дайындалады.

Репродукциялар (көшірме)

Репродукциялар (көшірме) – көркем өнер бедерлерінің туындылары, жазу-сызу, экстампа, көркем суреттер, қолданбалы және халық өнері, полиграфиялық тәсілмен алынған. Көбінде көркем сурет, ақ-қара немесе түрлі-түсті сурет репродукциясы.

Бұл көркемдігі жоғары өнім (1-4 және көбірек бояулар). Басудың түрлі тәсілі қолданылады, соның ішінде трафаретті; жеке парақпен немесе жинақтамалармен шығарады.

Ашық хаттар

Ашық хаттар парақтан тұрады, көркемдігі жоғары түрлі-түсті өнімге жатады. Ашық хаттар:

- екіжолақты

-төртжолақты

Акциденция

Акциденция -(accidens - кездейсоқ). Баспаның тематикалық жоспарында белгіленбеген, жиі кәсіпорындардан, фирмалардан, жеке тұлғалардан түсетін тапсырыс(баспа акциденциясынан басқа).

Акциденция рәсімдеу және жаңғыртумен ерекшеленеді. Терім күрделілігі – төрт.

Акциденция үш топқа бөлінеді:

1.Баспа акциденциясы –түптеудің бейнелеу элементтері, супертыстар, кітап және журналдық хабарландырулар,бет басы және аяқтамалар, бүктемелер, үнпарақтар,мұқабаның барлық түрлері. Баспа акциденциясының ерекшелігі , баспада рәсімдеу және жаңғыртуға түсетін немесе негізгі түпнұсқа басылымы, түпнұсқа рәсімделуімен, терім, басу негізгі бөлімнен бөлек шығарылады, көбінесе басқа басу пішіні мен тәсілі қорытындылады.

2.Пішіні кішкене акциденция: бланктер, бағдарламалар, шақыру билеттері, дипломдар, аттестаттар, сауаттар, куәліктер, театрлық билеттер, мейрамхананың дастархан мәзірлері, визит карточкалар, куәліктер және т.б. аз тираждық парақты өнімі шығарылады. Әрлеу мен басудың барлық тәсілдері қолданылады.

3.Жариялама-плакатты акциденция(парақты өнім) : жариялама, плакаттар, хабарландырулар, үндеулер, аншлагтар және т.б. дербес дана түрінде, сериялы басылымдар, тематикалық топтамалар бола алады. Құрамдастырылған басу және басу мен әрлеудің барлық тәсілдері қолданылады. Бейнелігі 1-6. Жариялама-плакатты акциденция жарияламалық көрме немесе стендтерге жапсыруға арналған.

Баспа басылымының арнайы түрлері

Түрлері арнайы аталған, өйткені жаңғырту және баспа басуы арнайы материалдар технологиясымен жасалады. Бұл құнды қағаздар,ноттық басылымдар, түсқағаздар(түсқағаз фабрикалары), заттаңбалар және ораушы(картонаж фабрикалар), стерео және вариобасылым, зағип жандарға арналған басылымдар, дәптерлер және блокноттар(таза жазылған тауар фабрикалары).

Полиграфиялық өндірістің технологиясы да халықтың шаруашылығының басқа салаларында пайдаланылады, айталық тоқымалық өнеркәсіпте( маталарда басу), жеңіл өнеркәсіпте(шыныда басу, қаңылтырда, полимерлерде), радиоэлектронды өндірісте(радиоэлектронды басу төлемінің дайындалуы) және т.б.

Дәріс №11