Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1.ЭЕМ-нің кезеңінің қайта санау нүктесінің басталуы қай жыл?

2.Қ азіргі компьютердің қандай көріністері бар?

3.ДК құрылымдық өзгешеліктерге байланысты қалай топтастырылады?

4.Үстелдік компьютердің және ноутбуктардың арасында қандай айырмашылықтар бар?

5.Ноутбуктардың қандай артықшылығы болады?

6.Нетбук дегеніміз не?

7.Ноутбуктар мен нетбуктардың қандай айырмашылығы бар?

8.Нетбуктар неліктен арзан?

9.Қандай компьютерлер планшетті деп аталады?

10.Айпад дегенміз не?

11.Айпадтың артықшылықтары мен кемшіліктері?

12.Органайзер деген не?

13.Қандай компьютерлер қалта компьютері деп аталады?

14.Ойын құрылғылары деген қандай болады?

15.2-кезең ЭЕМ-і қандай ерекшеліктерге ие?

Дәріс №6

Тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды қолдану салалары және түрлері. Мәтінді өңдеу процессінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуі. Құжат терезесінің түрін баптау. Құжатты қарап шығу тәртіптемесі. Терезелерді бөлу және реттеу

Жоспары: Мәтіндік құжаттарды қолдану салалары және түрлері. Мәтінді өңдеу процессінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуі. Құжат терезесінің түрін баптау. Құжатты қарап шығу тәртіптемесі. Терезелерді бөлу және реттеу.

Мақсаты: Мәтіндік құжаттарды қолдану салаларымен және түрлерімен, мәтінді өңдеу процессінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуімен, құжат терезесінің түрін баптаумен, құжатты қарап шығу тәртіптемесімен, терезелерді бөлу және реттеуімен танысу.

Негізгі ұғымдар тізбесі: іс жүргізу, құжат айналымы, ғылыми әдебиет, жарнамалық қызмет.

Мәтіндік құжаттарды қолдану салалары және түрлері

Әдеби шығармашылық және іс жүргізу тарихи мәтіндік құжаттың игерушілігінің ең ерте салалары болып табылады. Іс жүргізу негізінен мемлекеттік және азаматтық жұмыстарға қатысты. Біздің уақытқа дейін сол кездегі көптеген құжаттар жетті, өйткені қағаздың және сиялардың химиялық құрамы көп уақыттқа жетуіне қамтамасыз етті. XX ғасырда іс жүргізудің көптеген құжаттары қолжазба түрінде құралды.

Сіздер калай ойлайсыздар қандай құрылғы XX ғасырдың аяқ кезінде мәтіндік құжаттарды дайындауда негізгі құрал болды?

XX ғасырдың аяқ кезінде компьютер мәтіндік құжаттарды дайындауда ең негізгі құрал болды. Мәтіндік құжаттың түрі мен күрделігіне байланысты әр түрлі технологиялар қолданды. Кез келген адам өзінің кәсіби қызметінде мәтіндік құжаттарды дайындау қажеттілігіне тап болады. Олар өте кішкентай немесе өте үлкен көлемде құжаттар болуы мүмкін.

Мәтіндік құжаттарды қолдануының сіз қанша негізгі бағыттарды білесіз?

Мәтіндік құжаттарды қолданудануының негізгі төрт бағыты бар, яғни төрт түрлі мәтіндік құжаттар: көркем (әдеби) мәтін, ғылыми мәтін, іскер құжат және жарнамалық құжат.

Әдеби мәтіндер көп көлемді (повестьтер, дастандар, әдеби зерттеулер, өмір баян шығармалар) немесе кішкентай көлемді түрлерде (очерктер, өлеңдер, мақалалар, белгілер) болуы мүмкін.

Әдеби шығармалардың құрылымы өте қарапайым, оған сіз кез келген әдеби кітапты ашқанда сенесіз. Мәтін оқығанға ыңғайлы бірдей шрифтпен теріледі, тақырыбы ерекшелінеді, үлкен мәтіндер кей кезде тарауларға бөлінеді. Беттің ені бойынша жолды түзету мәтінді жақсы қабылдау үшін колданылады. Шрифттің өлшеміне және бір парақтағы жолдардың санына белгілі бір талаптар болады. Әдеби шығармада суретші салған суреттер қолданылады. Газеттегі мақалалар суреттермен шығады. Әдеби шығарманың арасында балалар кітаптары ерекше орын алады, мұнда мәтінмен бірге көптеген әдемі суреттер орналасады.

Іс жүргізу деген не?

Іс жүргізу – ол мәтіндік құжаттарды қолданатын терең тарихи тамырлары бар басқа аймақ, оңда іс құжаттары негізгі міндетті атқарады.

Іс жүргізу адам қызметінің кез келген басқа саласының құрама бөлігі болады. Құжат айналымы міндетті түрде кез келген мекемеде орындалады (білім саласында, мемлекеттік мекемеде, өңдірістік кәсіпорында, қоғамдық ұйымда).

Құжат айналымы - бұл құжаттарды дайындау процессі, жұмыс жағдайын көрсетуге және өңдірістік процесстерді басқаруға кажетті.

Мекеменің басқада қызмет түрлерін көрсететін әр түрлі құжат түрлері: хаттар, бұйрықтар, ережелер, актілер, аңықтамалар. Әр құжаттың өзінің ақпаратты ұсыну пішіні мен міндеті бар. Іс құжаттарды құру үшін оындалуға міндетті ережелер бар. Мемлекеттік және аймақтық стандарттар осы ережелерді аңықтайды. Ғылыми әдебиет – бұл мәтіндік құжаттарды қолданатын тағы бір сала.

Ғылыми әдебиет – бұл жазу және баспа туындыларының бірлестігі, олар ғылыми зерттеулер нәтижесінде құрылады немесе теориялық жалпылауда және мамандарды соңғы ғылыми жетістіктер, зерттеулер жүргізуімен нәтижелері туралы ақпараттандыру мақсатында тарайды.

Ғылыми мақалаларда, есеп беруде, монографияларда ғылыми зерттеулердің нәтижесі жазылады. Әртурлі аймақтарда ғылымның негізгі жетістіктері аталған кітаптарда ғылыми әдебиетке жатады. Дайындау тәсілдері бойынша ғылыми мәтіндер көркем мәтіндерден және іс құжаттардан маңызды ажыратылады. Оның жарқын мысалы ретінде Сіздердің мектеп кітаптарды жатқызуға болады. Мәтін тарауларға, бөлімдерге, тармақтарға бөлінеді. Бұл мәтіннің аңықталған логикалық бірліктерін ерекшелеуге қажет. Мәтіндегі аңықтамаларды, аталымдарды, теоремаларды және басқада оқиғаларды белгілеу үшін әр түрлі жазылу қолданылады, оған ерекше назар аудару керек. Жазылған мәліметті жақсырақ түсіну үшін мәтінге қосымша әртүрлі графикалық белгілер қолданылады: сүлбалар, графиктер, формулалар, сызбалар, диаграммалар, түсінік беретін суреттер және фотографиялар.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары ғылыми мәтінің мысалы ретінде кітаптарды қолдана отырып, олар өздері де ғылыми жұмыстарды дайындайды. Әр бір оқушы міндетті түрде дайындаған реферат – бұл ғылыми мәтіннің ең қарапайым мысалы. Мектеп жасынан бастап сізге мәтінді теруді және білуді қажет. Одан кейін Сіз жоғары оқу орындарында курстық және дипломдық жұмыстарды жазасыз. Бұрын мектепте алынған мәтіндік құжаттарды дайындау бойынша тәжірибелеріңіз алдағы өмірде керек болады.

Жарнамалық қызмет – бұл мәтіндік құжаттарды қолданатын тағыда бір сала.

Барлығымызға мәлім, бизнестін табысты дамуының өлшемі ол жақсы дайындалған және құрылған жарнамалық үндеу хат немесе буклет. Жарнамалық қызметтін пайда болуының және дамуының салыстырмалы қысқа аралығында әлдеқашан әлемде жарнамалық құжаттарды құру белгілі ережелер қалыптасқан. Ақпаратты жазу стилі және оларды дайындау тәсілдері, жоғарыда айтылған мәтіндік құжаттарда қолданғандардан маңызды айырмашылығы бар.

Көп жағдайда мәтіндік құжатты дайындау оны кейін баспаға шығуын және қағаз түріне ауысуын жобалайды. Тек қана көшірме саны бойынша ажыратылады. Бұл бір дана, бірнеше дана немесе тираж (100 данадан аса) болуы мүмкін.