Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Бейнені кірістіру және редакциялау

Кез келген баспа жүйесінде беттеудің негізгі элементтерінің бірі бейне болып табылады.

Құжатқа қалай графиктік объектіні кірістіруге болады? Қандай құралды пайдаланасыз?

Құжатқа кірістірілетін барлық бейнелер блоктық құрылымға ие, сондықтан құжатқа орналастырған Scribus графиктік блокты сурет деп атаймыз.

Графиктік блок – бұл файлдан сурет жүктеуін орындайтын аймақ (графиктік объект байланыстырады).

«Суреттер блогы» құралы

  1. Құралдар тақтасынан «Суреттер блогы» құралын немесе Қою Сурет мәзірін таңдаңыз.

  2. Графикалық блоктың кескінін жасап, тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып блокты созыңыз.

  3. Графикалық блоктың ішін бассаңыз графикалық суретті таңдауға арналған диалогтық терезе ашылады (64-сурет)

  4. Графикалық файлды таңдап, ОК басыңыз.

Суретті құжатқа апарып қойыңыз

64-сурет. Кескінді графикалық блокқа қою

Графикалық блоктың ішіндегі суреттің позициясын қалай өзгертуге болады?

Әдетте графикалық блок пен онымен байланысты кескіннің көлемі сәйкес емес. Кескіннің позициясын блоктың ішінде түзету қажет.

Кескіннің позициялануы

1-тәсіл

-Графикалық блокты белгілеңіз

- Тышқанның тінтуірін блоктың ішкі бөлігіне апарып, басыңыз.

- тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, блоктың ішіндегі кескінді позициялаңыз.

2-тәсіл

- Графикалық блокты белгілеңіз

Контекстік мәзір арқылы «Кескіннің көлеміне дейінгі блок» бағытын таңдасаңыз, графикалық блоктың көлемі өзгереді де, қойылған суреттің көлеміне енеді.

3-тәсіл

-Графикалық блокты белгілеңіз

- Контекстік мәзір арқылы «Кескіннің көлеміне дейінгі блок» бағытын таңдаңыз, графикалық кескін блоктың көлемінде өзгереді.

- Суреттің көлемін өзгерте отырып, блоктың көлеміне сәйкестендіру.

Графикалық блокка қойылған кескінді «Кескінді қою» контекстік мәзірінің амалын орындау арқылы ауыстыруға болады.

Егер кескін графикалық блок тізіміне енсе, блоктың көлемін өзгерту арқылы суреттің көлемін өзгертуге болады.

Scribus баспа жүйесінде жай графикалық фигуралар мен түзу және қисық сызықтарды жасау үшін графикалық редактордың көптеген құралдары пайдаланылады.

Scribus AutoShape 226программасының терезесін пайдалана отырып құралдардың атауын дәптерлеріңе жазыңңдар. Жазыңдар

Group 210

«Фигура» құралын қараңыз, ол фигуралардың бірнеше түрінен тұрады. Құжат бетіне бірнеше фигураны әкеліп қойыңыз.

65-сурет. "Көпбұрыш қасиеті" сұхбаттасу терезесі сі

«Көпбұрыш» құралының көмегімен үшбұрыш, көпбұрыш, жұлдызшалар жасауға болады. Көпбұрыш жасау үшін құжат бетінде фигураның орнатылуын орындау керек. Сол кезде «Көпбұрыштың сипаты» диалогтық терезесі ашылады.

Көпбұрышты орнатып болған соң ОК батырмасын басыңыз.

Құжат бетіне әр түрлі көпбұрыштар мен жұлдыздарды орналастыр. Коэффициент және Кривизна шарттарын пайдалана отырып, 6-суреттегідей фигура құраңдар.

«Линия», «Қисық Безье», «Қолдан сурет салу» атты келесі үш құрал сіздерге Inskape графикалық редакторынан таныс. Scribus программасында қисық сызықтың суретін салуды аяқтау үшін Esc батырмасын немесе тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет.

Түзу сызық сызыңыз. Оның көлемі мен бағдарын өзгертіп көріңіз. Шамамен осындай қисық сызық сызыңдар.

Ілмектің көмегімен кез келген салынған фигураны өзгертуге болады. «Құрылым» диалогтық терезесіндегі «Сызба» қатпарында «Сызбаны өзгерту» батырмасы суретті өзгерту үшін пайдаланылады. Осылай фигураға түрлі реңк беруге болады.

«Құрылым» терезесі баспа жүйесінің құжаттарына енгізілген барлық объекттерді (мәтін блоктары, графикалық кескіндер, кестелер) өзгерте алады.

Фигураның құрылымын қалай өзгертуге болады? Мысалы, фигура нұсқасының типі мен түсін өзгерту, оны бояу.

Түзу және қисық болсын, параққа орналастырылған барлық фигуралардың қара нұсқасы борлады. Scribus программасымен басқа да көптеген графикалық редакторлар сияқты сызықтың түсі мен қалыңдығын өзгертіп, мүмкін болған жерлерге түс құйындысын қосуға болады. Ол үшін «Құрылым» сұхбат терезесін қолданылады.

«Құрылым» сұхбаттасу терезесі

«Қасиет» терезесін іске қосу үшін графикалық блокка «Объекттер таңдауы» құралын ерекшелеп, «Қасиет» сұхбат терезесін шақыру қажет. Ол үшін «Терезе» «Қасиет» бағытын таңдап, «Қасиет» терезесінің ашық күйінде графикалық блокты ерекшелеп алу қажет.

«Қасиет» диалогтық терезесін қарап шығыңыз, терезе қандай салымдардан тұрады екен?

«Құрылым» диалогтық терезесі бірнеше салымдардан тұрады. Х, У, Z салымдары графикалық блокты өзгертуге арналған бағыттаулардан тұрады. Элемент атауын өзгертуге болады.

«Геометрия» салымы бұрыштарды орнықтыруға, графикалық блоктың сызбасының көлемін реттеуге пайдаланылады.

«Қатар бөлімі» батырмасы басылған жағдайда графикалық блоктың көлемінің өзгеруі пропорциялы түрде жезеге асады.

«Кескін» салымы графикалық блоктың контурын орнықтыру үшін пайдаланылады және мәтінді қалыптастырады.

«Бейне» салымы графикалық блоктың ішіндегі бейнені жобалау үшін қажет.

«Блоктың көлеміне дейін масштабтау» опциясы бейнені графикалық блоктың контуры бойынша өзгертуге көмектеседі.

«Пропорциялы» опциясы графикалық блоктың өзгермелі жағдайында пропорцияны сақтауға мүмкіндік береді.

66-сурет. «Бейне» қосымшасы

«Бейне әсері» батырмасы графикалық блокка Жарық, Тонерлеу, Дуплекс, Триплекс, Квадроплекс, Контраст, Сұр түстің астарында, Қисық, Негатив, Пастеризация сияқты әсерлерді қосуға мүмкіндік береді.

Графикалық блокка арналған әсерлер қатарын қолданыңыз. Қайсысы ұнады?

Әсерлердің әр түрі түрлі жағдайларда қолданылады. Мысалы, «Размытие» әсері толық композиция құрау мақсатында бір бейнені екінші бейнеге басу үшін пайдаланылады. «Тонерлеу» әсері басылымның алғашқы бейнесіне әкелу үшін қолданылады.

«Құрылым» терезесінде «Бағыт» салымында контурдың типі, қалыңдығы, кесінділердің басы мен соңы сияқты құрылымдар орналасады.

«Түстер» салымында контурға арналған түстер орналасады. Әр түрлі бейне құрастыруға болатындығына назар аударыңыз.

Кез келген фигураны ерекшелеңіз, оның түсін таңдаңыз. (мысалы, жұлдыз) Градиенттердің біреуін таңдаңыз. Пайда болған түстер шкаласына нүктені шерте отырып қосыңыз.Жаңа нүктеге басқа түсті белгілеңіз.

ТӘЖІРИБЕЛК ТАПСЫРМАЛАР

Адеңгейі

1-тапсырма

1.Жаңа құжат құрыңыз - "Құру" түймесінен шертіңіз, құжаттың макетін таңдаңыз "плакат" -өлшем A4.

2.http://ru.wikipedia.org сайтын пайдалана отырып, "Астананың тарихы" атты ақпарат табыңыз.

3.Ақпаратты алмастыру буферіне көшіріп алыңыз.

4.Мәтіндік блокты бетке созыңыз

5. "Мәтінді өзгерту" аспабын таңдаңыз немесе контексті мәзір командасын пайдаланыңыз.

6. Мәтінді Story Editor редакторына айырбас буферінен қойыңыз (контексті мәзір - Paste немесе Түзету-Қою).

7. Scribus редактор Story Editor кіріктірмесінде мәтіндік блокты түзетіңіз.

8. Story Editor редакторындағы мәтінді ерекшелеңіз (Түзету – барлығын ерекшелеу).

9. «еңімен» (по ширине) тегістеуін орнатыңыз, қаріп үлгісі Times New Roman, кегль өлшемі 14 pt (параметрлер - мәтін қарібі...)

10. «мәтінді блокта жаңалау және шығу» (обновить текст в блоке и выйти) түймесін шертіңіз.

11. Story Editor редакторы стандартты тақта түймелерін солдан оңға жазып алыңыз.

2-тапсырма

1.Scribus программасының суретке арналған құралдарын пайдалана отырып жай графикалық объект құрастырыңыз.

Графикалық блокка бір бейнені орналастырыңыз.

Фигураны түрлі түстермен бояп, түрін, қалыңдығын және түсін өзгертіңіз.

Графикалық блокты өшіріп, кез келген салынған фигураны орналастырыңыз.

В деңгейі

1-тапсырма

1. "Астана тарихы" тақырыптамасын қойыңыз.

2.тегістеу тақырыптамасын " орталыққа" пішімдеңіз, қаріп үлгісі Arial Black, кегль өлшемі 14 pt.

3.бет реңін орнатыңыз- түсі ашық-сары.

2-тапсырма

Құжат бетіне 4 баған мен 2 жолдан тұратын кесте орналастырыңыз.

Кестені кейінгі деңгейге орналастырыңыз. (Контекстік мәзір → Деңгей → Төмен)

Графикалық объекттерді ұяшықтардың ішіне орналастырыңыз, қажет болған жағдайда фигураның көлемін өзгертіңіз.

Кесте жолақтарының қалыңдығын, контурдың түсін орнатыңыз.

Кесте ұяшықтарының түсінің анық болуын қадағалаңыз.

Group 207

С деңгейі

1-тапсырма

1.Бет астына Астананың көріністерімен суреттер қойыңыз.

2. "графикалық суреттің мәтінге қойылуы" дәптерге алгоритмін жазыңыз.

3.Қандай өзгерістерді графикалық нысандарымен орындадыңыз?

2-тапсырма

Кез келген екі фигураны өшіріңіз.

2 бейнелі графикалық блокты қойыңыз.

Графикалық блоктарға түрлі эффекттерді орнатыңыз.

Ілмектердің көмегімен бірнеше графикалық фигураларды өзгертіңіз.

Негізгі әдебиет:

              1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

        1. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

        2. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

              1. http://imcs.dvgu.ru/lib/eastprog/revolutio

Бақылау сұрақтары:

1.Scribus программасының форматтарын санап өтіңіз?

2. Scribus программасының интерфейсін суреттеңіз?

3. Scribus- те қолданатын аспаптар панелін санаңыз?

4.Аспаптар панелінен қандай аспаптар сіздерге таныс? Қандай программаларда сіз олармен кездестіңіз?

5. Жаңа құжат параметрлерін қалай орнатуға болады?

6.*"Екі фальцовка" - құжат параметрлерін қалай орнатады? Айтылмыш күйге келтіру не үшін пайдаланылады?

7. PDF- аспаптары аспаптар панелінің түймелерінің мақсатын жазыңыз.

8. Story Editor редакторы стандартты тақта түймелерін солдан оңға жазып алыңыз.

9. Баспа жүйесінің құжат бетіне бейнені қалай орналастыруға болады?

10. Графикалық блоктың ішіндегі суретті қалай өзгертуге болады?

11. Баспа жүйесінің бетіне орналастырылған элемент құрылымын орнықтыру қай диалог терезесінің көмегімен жүзеге асады?

12. «Қасиет» терезесін қалай шақыруға болады?

13. Салынған фигураның құймасының алгоритмін жазыңыз.

14. Фигураның түсін, қалыңдығын және типін орнықтыру алгоритмін жазыңыз.

15. «Сұр түстің астарында» эффектісін қалай орнатуға болады? Ол не үшін қолданылады?

Дәріс №12