Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Ақпараттық жүйелер мен ресурстар

Жүйе дегеніміз кез-келген объект. Жүйені біртұтас объект ретінде немесе бірнеше элементтер жиыны ретінде де қарастырып, алға қойған мақсаттарына жету үшін біріккен жүйе. Жүйелер бір-бірінен мазмұнымен, сонымен қатар, мақсаттарымен деп ерекшеленеді. Информатикада «жүйе» кең ауқымда таралған, жәнеде көп мағынаға ие. Көбіне «жүйе» түсінігі техникалық амалдар мен программалар ретінде алынады.Жүйе деп компьютердің аппараттық жабдықтамасын айтуға болады. Жүйе амалдарды шешуге арналған программалар, құжаттар жазуға арналған қосымша процедуралар және есептерді басқаруға бағытталады деп те алуға болады. «Жүйе» мен «ақпараттық» сөздерінің бірігуінен олардың қандай мақсатта жасалып, жұмыс істейтінің бірден білуге болады. Ақпараттық жүйелер әртүрлі ауданнан есеп қабылдауға қажет ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздеуді қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі проблемаларды талдап, жаңа өнім шығаруға көмектеседі.

Ақпараттық жүйелер (немесе ақпараттық-есептеуіш жүйе) – бұл ақпаратты жинау мен өндеуге бағытталып, өзара байланысқан аппараттық-программалық амалдар жиыны.

Ақпараттық жүйеге мәліметтер ақпарат көзінен түседі. Бұл мәліметтер сақталуға жіберіледі немесе жүйеде өңдеулерден өтіп, тұтынушыға жіберіледі. Ақпараттық жүйелердің заманауи түсінігі – ақпаратты өндеу үшін негізгі техникалық құрал ретінде дербес компьютерді қолдану. Үлкен ұйымдарда ақпараттық жүйелердің техникалық қорына мейнфрейм немесе суперЭВМ кіруі мүмкін. Сонымен қатар, егер адамның ролі есепке алынбаса, ақпараттық жүйелердің техникалық жүзеге асуының мағынасы болмайды.

Компьютермен ақпараттық жүйелердің айырмашылығы неде?

Компьютерлер, арнайы программалық амалдармен қамтамасыз етілген. Олар ақпараттық жүйелердің техникалық қоры мен құралдары болып табылады. Ақпараттық жүйелер компьютерлермен өзара байланыс құратын топтар болмаса мағынасын жоғалтады. АЖ ақпарат сақталатын, ақпарат көздерінің, ақпараттық жүйелердің аппараттық жабдықнамасынан, ақпарат қолданатын көздерінен тұратын деректер қоры.

Ақпараттық жүйелер жіктелуі

Ақпараттық жүйелер қалай жіктеледі?

Кесте 1. Автоматтандыру саласы бойынша ақпараттық жүйелер жіктелуі.

Аталуы

Ерекшеліктері

1

Қолды (ручные) ақпараттық жүйелер

Заманауи техникалық құралдардың болмауымен ерекшелінеді, яғни барлық іс-әрекеттерді адамдар жасайды. Мысалы, компьтерлік жабдықнама жоқ фирмада жұмыс істейтін менеджер қолдық ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді.

2

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ)

Барлығына белгілі АЖ класы. Ақпаратты жинау, деректер қорының ақпаратың өңдеу, программалық қамтамасыз ету, техникалық құралдардың болуын қамтиды.

3

Автоматты ақпараттық жүйелер

Ақпаратты өңдеудің барлық операцияларын адамнын қатысысыз жүзеге асырады. Автоматты АЖ мысалы ретінде, Интернет іздеу машиналары, яғни Google алуға болады, себебі, іздеудің барлығын робот іздеп жатыр, оған қоса адамның қатысуы мүлдем қажет емес.

 

Ақпараттық жүйелер ақпаратты қолдану сипаттамасы бойынша жіктеледі

Кесте 2. Ақпаратты қолдану сипаттамасы бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі

Аталуы

Белгілері

1

Ақпараттық іздеуші жүйелер

Сақтайды, өңдейді, іздейді және пайдаланушыға керек мәлімет табады.

2

Ақпараттық-талдамалы жүйелер

Білім базасы және сараптама жүйесін пайдалана отырып, мәліметтерді талдамалы өңдейді

3

Ақпаратты-шешуші жүйелер

Қолданбалы программалық қамтамасыз етудің пайдалана отырып, ақпаратты жинақтауды, өңдеуді іске асырады

4

Жағдайлық жүйелер (ақпараттық-талдамалы кешендер)

Әртүрлі объектілер және жағдайларға байланысты бақылау мониторингі, оперативті басқару бойынша жеке және ұжымдық талдамалы жұмыстарды іске асырады

Кесте 3. Архитектура бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі

Аталуы

Мағынасы

1

Жергілікті АЖ

Бір әлектронды құрылғыда жұмыс істейді, басқа серверлер мен құрылғылармен қатынас орнатпайды.

2

Клиент-серверлік АЖ

Бір сервермен жергілікті немесе ауқымды желі арқылы жұмыс істейді

3

Үлестірілген АЖ

Көпсерверлі гетерогенді желімен жұмыс істейді.

  Қолдану саласы бойынша ақпараттық жүйелер төмендегідей жіктеледі:

- ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері;

- техникалық үдерістерді басқарушы ақпараттық жүйелері;

- ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйелері;

- автоматтандырылған жобалау ақпараттық жүйелері;

- автоматтандырылған оқыту жүйелері;

- кіріктірілген ақпараттық жүйелер;

- экономикалық ақпараттық жүйелер;

- медициналық ақпараттық жүйелер;

- географиялық ақпараттық жүйелер.