Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылым тәртібі деген не?

  2. Құрылым тәртібін не үшін қажет?

  3. Құрылымның деңгейлерін қандай батырмалар және символдар арқылы өзгертуге болады?

  4. Құрылым тәртібіндегі сұр сызық нені білдіреді?

  5. Құжаттың бетін қалай нөмірлеуге болады?

  6. Колонтитул деген не?

  7. "Конструктор (Құрылымдаушы)" лентасы қандай баптауларды жүргізуге мүмкіндік береді?

  8. *Беттерді нөмірлеу тәсілдерін сипаттап беріңіз.

  9. *Әртүрлі құжаттар үшін колонтитулдерді қалай баптауға болады? Мысал келтіріңіз.

  10. *Құжаттың бірінші бетінде нөмірді қалай алуға болады?

  11. Сілтемелер не үшін қажет?

  12. Сілтеме қандай бөліктерден тұрады? Сілтеме түрлері?

  13. Сілтемені құру алгоритмін айтып беріңіз.

  14. Айқасқан сілтемелер деген не?

15. Қандай элементтерге сілтемелер құрылады?

16. «Жоғары» немесе «төмен» сөзді қосу (Добавить слово «выше» или «ниже») жалаушасын орнату қандай функция атқарады?

17. Мазмұн деген не?

18. Заттық көрсеткіш деген не?

19. * Айқасқан сілтемені құру алгоритмін айтыңыз.

20. * Көрсеткіш элементін анықтау (Определение элемента указателя) сұхбаттасу терезесі сі қандай функция атқарады окно?

Дәріс №9

Тақырыбы: Рецензиялау. Графиктік объектілерді және диаграммаларды кірістіру.

Жоспары: Рецензиялау. Графиктік объектілерді және диаграммаларды кірістіру.

Мақсаты: Рецензияламен, графиктік объектілерді және диаграммаларды кірістірумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар тізбесі: рецензиялау, SmartArt.

Рецензиялау

Бір құжатпен бірнеше адам жұмыс істейтін кездер болады. Құжаттармен жұмысты ықшамдау үшін Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасын пайдалануға болады

Қалай ойлайсыздар, бар мәтінді өзгертпей құжатта қалай түзетулер жүргізуге болады?

Құжатқа өзгерістер енгізуді қарауға мүмкіндік беретін құралдар Қадағалау (Отслеживание) тақтасында орналасқан. Түзету (Исправления) батырмасы құжатқа енгізілген барлық түзетулерді, оның ішінде кірістіру, жою және пішімдеуді өзгертуді қадағалайды. Қадағалау тәртібінен шығу үшін Түзету (Исправления) батырмасын басу керек (батырма белсенді күйде болу керек).

Шығару (Выноски) батырмасы шығаруларды бейнелеу тәртібін баптайды.

Шығару (Выноски) батырмасы келесі міндеттерді атқарады, олар:

  • Шығаруларда түзетулерді көрсету (Показывать исправления в выносках) (ескерту мен түзетулер шығару ретінде бейнеленеді);

  • Мәтіндегі барлық түзетулерді көрсету (Показывать все исправления в тексте) (барлық ескертулер мен түзетулер тікелей мәтінде көрсетіледі);

  • Шығаруларда тек ескертулер мен пішімдеулерді ғана көрсету (Показывать только примечания и форматирование в выносках) (шығаруларда тек ескертулер мен пішімдеулер ғана бейнеленеді).

Бастапқы құжаттағы түзету (Исправления в исходном документе) батырмасы түзетулерді бейнелеу тәртібін баптауға мүмкіндік береді.

Түзетуді көрсету (Показать исправления) батырмасы құжатта көрсетілетін өзгерістерді белгілейді (ескерту, пішімдеу және т.с.с)

Тексеру аймағы (Область проверки) батырмасы енгізілген түзетулер мен қосылған ескертулердің хронологиялық ретін бейнелейтін қосымша тақтасын ашады.

Ескертулерді қосу.

Құжатқа ескертуді қалай қосуға болады?

Құжатқа ескертуді қосу үшін, тышқанның сілтемесін қажетті жерге қойып, Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасының Ескерту (Примечания) тобындағы Ескерту құру (Создать примечание) батырмасын басу керек. Мәтін қызыл түспен ерекшеленеді және жиекте ескерту жазатын өріс пайда болады (34-сурет)

34-сурет. Ескертуді кірістіру

Құжаттарды салыстыру.

Әр түрлі пайдаланушылар енгізген өзгерістерді қалай көруге болады?

Әр түрлі пайдаланушылар енгізген өзгерістер бар құжаттарды салыстыру үшін Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасының Салыстыру (Сравнить) тобы арналған.

Салыстыру батырмасы және біріктіру батырмасы арқылы құжатқа әртүрлі пайдаланушылар енгізілген өзгерістерді көруге болады.

Аталған командаларды орындағаннан кейін енгізілген түзетулермен бастапқы үшінші құжат пайда болады.

Емле ережесі.

Кез келген мәтінді редакциялауда грамматикалық және орфографикалық қателерін тексеру қажет. Қате жібермеген әлде қайда жақсы болар еді, бірақ кейбір қателер кездеседі, мысалы, қате жаңылыс (жазылған сөзде). Грамматикалық және орфографикалық қателерді жою үшін Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасының Емле ережесі (Правописание) тақтасының Емле ережесі (Правописание) батырмасы арналған.

Word-та грамматика мен орфографияны тексерудің неше тәсілі бар?

Word тексеру мен түзетудің үш түрін ұсынады:

  • автоматты;

  • құжатты қолмен тексеру;

  • автоматты түрде ауыстыру.

Автоматты түрде орфография мен грамматиканы тексеруде Word қателерді теру басында тексереді және қателерді сызады. Грамматикалық қатесі бар сөздерді қызыл түспен, орфографикалық қателерді жасыл түспен астын сызады. Қатені түзету үшін, сызылған сөзді тышқанмен шерту керек немесе тышқанның оң жақ батырмасымен, ұсынылған бірнеше нұсқадан қажетті нұсқаны таңдаңыз (35-сурет).

35-сурет. Қатені түзету терезесі

Грамматикалық және орфографикалық қателерді автоматты түрде қосу үшін, келесі командаларды орындаңыз:

  • Office батырмасындағы Word параметрлері батырмасын басыңыз;

  • Емле ережесі бөліміне көшіп, Word параметрлері терезесі ашылады (36-сурет);

  • Word емле ережесін түзетуде (При исправлении правописания Word) аймағында жалаушасын орнатыңыз , ,;

  • Автоматты түрде ауыстыру параметрі (Параметры автозамены) және Microsoft Office программасындағы орфографияны түзеткенде (При исправлении орфографии в программах Microsoft Office) аймақтарында параметрлер беруге де болады.

36-сурет. Word параметрлерінің терезесі

Қалай ойлайсыздар, егер мәтінде көп шетел сөздер болып, программа бәрін сызады. Осы сызулар алаңдатпай ма?

Мұндай жағдайда автоматты түрде тексерудің сөндіріп, құжатты қолмен тексеру керек. Ол үшін Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасының Емле ережесі (Правописание) тобындағы Емле ережесі (Правописание) батырмасын пайдалану керек.

Авто ауыстыру (Автозамена) командасының қызметі қандай?

Көбінесе мәтінді теруде қате жаңылыстар (басылған сөз) пайда болады, ол қателерді жою үшін Авто ауыстыру (Автозамена) командасы арналған. Ол команда автоматты түрде қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Программа жие кездесетін қателер тізімін және оларды ауыстыру нұсқаларын ұсынады. Тізімдерге жаңа сөздер қосуға болады, ол үшін Авто ауыстыру (Автозамена) сұхбаттасу терезесі сін пайдаланамыз:

  • Office батырмасында орналасқан Word параметрлері батырмасын басу керек;

  • Емле ережесі (Правописание) бөліміне көшіңіз;

  • Авто ауыстыру параметрлері (Параметры автозамены) батырмасын басыңыз;

  • Енгізу барысында ауыстыру (Заменять при вводе) аймағында Ауыстыру (Заменить) өрісінде қатесі бар сөзді енгізіңіз (мысалы, редаГциялау);

  • Енгізу барысында ауыстыру (Заменять при вводе) аймағындағы өріске дұрыс нұсқаны жазыңыз

  • Қосу (Добавить) және ОК батырмасын басыңыз.

Авто ауыстыру (Автозамена) сұхбаттасу терезесі сі арқылы келесі баптауларды жүргізуге болады:

  • сөздің басында екі БАс ӘРіпті түзетуге болады исправлять;

  • сөйлемнің бірінші әріптерін бас әріп қылдырады;

  • кездейсоқ Caps LOCK батырмасын басып қалуды жояды.

Мәтіндер, құжаттармен жұмыс істеу барысында мәтінді оқуда ерекше орын алады, сондытан сөйлемнің құрылымына да көңіл аударған дұрыс. Сөйлемде бір сөз бірнеше рет қайталануы мүмкін. Бір сөзді қайталамау үшін, ол сөзге синоним табу керек. Ол үшін синонимдер сөздігін пайдалануға болады:

  • сөзді ерекшелеңіз немесе сол сөзге тышқанның сілтемесін орнатыңыз;

  • Рецензиялау (Рецензирования) батырмасының Емле ережесі (Правописание) тақтасындағы Тезаурус батырмасын басыңыз;

  • Анықтама материалдары (Справочные материалы) (37-сурет), аймағынан қажетті синонимді таңдаңыз, үшбұрышты шертіңіз және Кірістіру (Вставить) командасын орындаңыз.

Сонымен қатар Синонимдерді контекстік мәзір арқылы алуға болады.

37-сурет. Анықтама терезесі

Құжатты қорғау.

Менің құжатымды оқитын пайдаланушылар құжатқа өзгеріс енгізбеу үшін, не істеу керек?

38-сурет. Пішімдеуді шектеу терезесі

Құжатты өзгертулерден қорғау үшін Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасының Қорғау (Защитить) тақтасы арналған. Құжатты қорғау (Защитить документ) батырмасын басқаннан кейін, оң жақта тақта пайда болады (38-сурет)

Пішімдеуді шектеу (Ограничить форматирование) тақтасында жалауша орнатыңыз, Баптау ( Настройки) (39-сурет) пунктінде қай элементтер пішімделетінің көрсетіңіз.

39-сурет. Баптаулар опциясы, Пішімдеуге шектеу терезесі

Редакциялауды шектеу үшін жалаушасын орнатыңыз, тізілген тізімнен Түзетулерді жазуды (Запись исправлений) таңдасаңыз онда басқа пайдаланушылар мәтінді орын ауыстыра алады, жоя алады және түсіндірмелер енгізе алады. Ал егер пайдаланушылар тек ескертулер ғана қалдырса десеңіз, онда тізімнен Ескерту (Примечания) таңдаңыз, егер өзгерістер енгізуге тыйым салсаңыз, онда Тек оқу (Только чтения) тізімін таңдайсыз.

Қорғау баптауын қосу үшін Құжатты қорғау (Защитить документ) батырмасын басыңыз, батырманы басқаннан кейін сұхбаттасу терезесі пайда болады. Қорғауды алып тастау үшін Құжатты қорғау (Защитить документ) батырмасын басыңыз және Пішімдеу мен редакциялауды шектеу (Ограничить форматирование и редактирование) жалаушасын алып тастаңыз.