Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Мәтін оқылымы – бұл мәтіннің мақсатты аудиторияға түсінікті болуы және онымен қабылдануы.

Мәтін оқылымы келесі факторларға байланысты:

- сөйлем ұзындығы (29 сөзден көп емес)

- мәтін сөйлеміндегі ұзын сөздер (5 буын және одан көп) саны

- мәтіндегі күрделі ұғымдар саны

- мәтіннің ырғақтылығы/біркелкілігі

- мәтін нақтылығы

- мәтіннің айқын күші

Мәтін оқылымын сандық бағалауы Фог (Фог-индекс) әдісі бойынша өтуі мүмкін:

F = (Nwt+Nst)x0,4

мұнда Nwt – сөйлемдегі сөздердің орташа саны;

Nst – сөйлемдегі ұзақ сөздердің орташа саны;

Индекстің мағынасы 10 пункттен асып кетсе, мәтін кез келген аудиторияға оқылымды емес болып саналып, қайта түзетуді талап етеді.

On-line фокус топтың

On-line фокус топтың – бұл on-line сапалы зерттеулердің түрі, нақтырақ айтқанда, компанияның арнайы жасап шығарылған порталында Интернеттегі нақты уақыт тәртіптемесінде интерактивті топтың пікірталастары.

Фокус-топтың бұл сияқты «виртуалды аналогын» пайдалану аз уақыт ішінде үлкен жобаларды аз шығынмен жасап шығарып, одан ары қарай нақтылы зерттеулердің басымдылық бағыттарын анықтауға көмек көрсетеді.

On-line фокус-топтың кезінде қатысушылар, модератор мен клиент бір уақытта өз компьютерлерінің алдында қаланының (мемлекеттің, әлемнің) кез келген жерінде отырады. Белгіленген уақытта олар келісілген адрес бойынша, «Online Chat» сессия ұйымдастырылған, Интернеттегі бетке кіреді. Осы сияқты топтың ды өткізуге қолданылатын арнайы программа, фотоларды, аудио фрагменттерді, бейне клиптерді, және т.б. тестілеу үшін алдын ала зертеулердің құрылғыларына қосуға мүмкіншілік береді.

Оn-line фокус-топтың қандай артықшылықтары бар?

  • таңдау мүмкіндігі, ол географиялық және функционалдық респонденттерге жету шектеулерін алып тастайды;

  • респонденттер мен клиенттер (үйде отырып, жұмыста, қолайлы уақытта) үшін зерттеуде қатысу ыңғайлылығы;

  • клиенттің нақты уақыт тәртіптемесінде топтың қимылдарын бақылау мүмкіндігі, модератормен басқалардан жасырын хат алысу, оның әрекеттерін дұрыстау мүмкіндігін береді;

  • Интернет-өнімдерін және олардың табиғи ортада қызмет көрсетуін тестілеу және веб сайттарды, мәтіндерді, графиктерді, бейне немесе мультимедиа, сонымен қатар дыбыстық және музыкалық үзінділерді қарап шығу мүмкіндігі;

  • уақыт үнемділігі (қатысушыларды іздеу уақыты, нәтижелерді қайта өңдеу уақыты және есеп беру уақыты қысқарады).

Оn-line сұхбат

Оn-line сұхбат ұғымын қалыптастырып көріңіз?

Сұхбат (сұхбат, ағлш. Interview) – бұл интервьюер өз әңгімелесушісіне сұрақтар қойып және ол сұрақтарға жауап алатын екі немесе одан да көп адамдар арасындағы әңгіме түрі.

Сұхбат ер деп әнгімені жүргізуші, яғни, өз әңгімелесушісіне сұрақ қойып сол сұраққа жауап алатын адамды айтамыз.

Сұхбат әртүрлі түрде өтуі мүмкін. Оның ең тиімдісі – бұл жеке сұхбат. Жеке сұхбат процессі кезінде аз уақыт ішінде өте көп ақпарат беруге болады. Тиімділік жағынан екінші түрі ол – бейне байланыспен әңгімелесу. Онда жеке кездескендегі сияқты көлемде, ақпарат алуға болады. Одан кейінгі ол телефон арқылы сұхбат алу. Ал тиімділік жағынан ең азы бұл – хат алмасу.

Аудиоальды және визуальды байланысулардың үйлесуі - дәлме дәл ақпарат жеткізуге мүмкіндік жасайды. Тек оқып немесе естіп қана қоймай әңгімелесушіңіздің түріндегі жестік қимылдарын бақылауда өте маңызды.

Статистика бойынша, жақын арада Интернет-траффиктің 90%-ын видеодан трафик құратын болады, себебі, бұл бір жағынан ең «ауыр» контент, екінші жағынан, бүгінгі күні ол ең танымал. Интернет-ТВ, YouTube және тағы басқа бейнехостингтер аудиториясы қарқынды түрде өсуде.

Бүгінгі таңда сұхбат ұйымдастыру - бұл әртүрлі мақсат қуалаған соның ішінде, белгілі жобаларды дамытуға бағытталған, өнімдерді табысты түрде жүзеге асыру немесе қызмет көрсетудің үйлесімді түрін табу процессі. Телефон сұхбатты, он-лайн (Интернет) сұхбатты, шынайы өмірде өткізілетін әлеуметтік сұхбатты жалғыз ғана біріктіретін – бұл респонденттің бар болуы қажеттілігі, себебі сұхбат қатысушылары оның негізгі құраушылары болып табылады. Және де дәл солардың ойлары сұхбат өткізетіндер үшін өте маңызды.

Соңғы кезде он-лайн сұхбат ең озық әдіс ретінде танымал болып келеді. Ол белгілі бір топ адамдардың нақты белгілі бір затқа немесе құбылысқа байланысты ойларын білуге мүмкіндік береді.

Неліктен дәл он-лайн сұхбат тиімді және жемісті болып саналады?

Біріншіден, Интернет сұхбатында ғана аз уақытта қөп адамдарды сұрап шығуға болады. Сіз респонденттерді өз бетіңізше іздемейсіз, әр қайсысына көңіл бөліп, өз уақытыңызды кетіріп олардың арқайсысынан әлеуметтік сұхбатка қатысуды сұрамайсыз, жеке әр қатысушы сұхбатта анкета толтырып болғанын күтпейсіз.