Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Қағаз өлшемі қосымшасы

Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасын Қағаз өлшемі (Размер бумаги) аймағында А4, А3, А5 және т.б. форматтары бойынша қағаз өлшемін беруге болады «Высота» («Биіктігі») және «Ширина» («Ені») өрістерінде еркін өлшем беріледі. Қағаз көзі (Размер бумаги) қосымшасы «Бөлім» («Раздел») аймағында «Бөлімді бастау» («Начать раздел») өрісінде бөлім қайдан басталатының таңдауға болады. «Бет» («Страница») аймағында туралануды таңдауға болады, олар:

  • «Жоғары жақтан» («По верхнему краю») – үнсіз келісім бойынша алынады, көбінесе осы жағдай пайдаланылады;

  • «Ортасынан» («По центру») – мәтіннің жолдары құжаттың ортасынан орналасады, осы жағдайда мәтін ортадан жоғары және төменге қарай біркелкі орналасады;

  • «Биіктігі бойынша» («По высоте») – мәтіннің ені бойынша туралануына ұқсайды, бірақ осы жағдайда беттің жолдары жоғары жағынан орналасады. Бетте неғұрлым аз жол, соғұрлым олардың арасындағы арақашықтық көп.

  • «Төменгі жағынан» («По нижнему краю») - жолдар беттің төменгі жағында орналасады. Хаттар мен алғы сөздерде жие қолданылады.

«Колонтитулдерді айыра білу» («Различать колонтитулы») аймағында жоғары және төменгі колонтитулдер арақашықтығына мәндер беруге болады.

Монитор экранында беттердің орналасуын Бағдар (Ориентация) батырмасы арқылы таңдауға болады. Беттің екі мүмкін бағдары бар, олар: Кітап беті түріндей (Книжная) немесе Альбомдық түрде (Альбомная).

Беттің өңі (фоны).

Бетке түс немесе айшықты орналастыру үшін Беттің белгіленуі (Разметка страницы) қосымшасынан Беттің өңі (Фон страницы) пунктін қолданамыз,

Беттің түсі (Цвет страницы) пунктін басамыз

Беттің түсін өзгертетін реңді таңдаймыз. Сонымен қатар Құю тәсілдері (Способы заливки) (градиенттік, айшық, текстура, сурет) пунктін таңдауға болады. Осы жағдайда беттің түсі ретінде айшық немесе бейне алуға мүмкіндік болады (20-сурет).

20-сурет. Құю тәсілдері терезесі

Төс етегін «сулы таңба» деп де атайды.

Галереядағы стандартты артқы көріністерді редакциялауға болады

AutoShape 287AutoShape 288Word бетке төс етегін қосатын жақсы мүмкіндігі бар. Төс етегі ретінде мәтін немесе суретті қолдануға болады, ол үшін келесі команданы орындаймыз: Беттің белгіленуі (Разметка страницы) Беттің өңі (Фон страницы ) Артқы көрініс (Подложка ) қажетті төс етегін таңдаймыз.

Қалай ойлайсыз, қай команда арқылы бетке өз артқы көрінісіңізді жасауға болады?

Ол үшін Беттің белгіленуі (Разметка страницы) қосымшасынан Баптауға келетін артқы көрініс (Настраиваемая подложка) командасын таңдаймыз.

Мәтіндік немесе графиктік артқы көріністі қалай жасауға болады?

Мәтіндік артқы көріністі істеу үшін ауыстырып қосқышты Мәтін (Текст) қалпына орнату керек, содан кейін қажетті мәтінді енгізіп, тіл, қаріп, түс, жазудың орналасуы және мөлдірлік параметрлерін баптау керек.

Графиктік артқы көріністі істеу үшін ауыстырып қосқышты Сурет (Рисунок) қалпына қосамыз, содан кейін бейненің орналасуын көрсетеміз.

21-сурет. Баспа төс етегі.

Стандартты артқы көріністерді редакциялау үшін, тышқанның оң жақ батырмасын басып, Қасиеттерді өзгерту (Изменить свойства) командасын таңдаймыз. Артқы көріністі жою (Удалить подложку) командасы арқылы артқы көріністі жоюға болады.