Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Әдебиеттер тізімі

Кез келген ғылыми жұмыс немесе басқа оқу мен байланысты жұмыс түрлеріне әдебиеттер тізімі қажетті жұмыстарының бірі болып саналады. Word-та әдебиеттер тізімін автоматты түрде жасауға мүмкіндігі бар.

Библиография деген не?

Библиография – ол құжаттарда дайындауда пайдаланылатын әдебиеттер және басқа дереккөздер тізімі.

Библиографиялар мен дәйексөздермен жұмыс істеу үшінСілтемелер (Ссылки) қосымшасының Сілтемелер және әдебиеттер тізімі (Ссылки и списки литературы) тақтасы арналған. Жаңа дереккөзді қосу үшін Сілтемені кірістіру (Вставить ссылку) батырмасын басып, Жаңа дереккөз қосу (Добавить новый источник) пунктін таңдаймыз.

Дереккөзді құру терезесінде (33-сурет):

  • дереккөз типін таңдайсыз (кітап, кітап бөлімі, журнал мақаласы, баспалардан шығатын мақалалар, конференция материалдары, веб-торап, іс, фильм, спектакль, аудиожазба жән ет.б. дереккөз болуы мүмкін);

  • әдебиеттер тізімі өрісін толтырасыз, оған автор, аты, жылы және шыққан жылы, баспа атын жазасыз;

  • Сілтемелер және әдебиеттер тізімі (Ссылки и списки литературы) тақтасынан Стиль тізімі арқылы әдебиеттер тізіміне стиль таңдаңыз Қосымша өрістерді бейнелеу үшін Дереккөз құру (Создать источник) терезесінде Әдебиеттер тізімінің барлық өрістерін көрсету (Показать все поля списка литературы) жалаушасын орнату керек. Құжатпен жұмыс аяқтағаннан соң әдебиеттер тізімін автоматты түре орнатуға болады, ол үшін Сілтемелер және әдебиеттер тізімі (Ссылки и списки литературы) тақтасындағы Әдебиеттер тізімі (Список литературы) батырмасын пайдаланамыз. Оның алдында тізімді қайта қарап,түзетулер енгізуге болады, ол үшін аталған тақтаның Дереккөздерді басқару (Управление источниками) батырмасын басыңыз.

33-сурет. Дереккөз құру терезесі

Дереккөздің типіне қарай жиектер өзгеруі мүмкін.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

1-тапсырма. Интернет мүмкіндігін пайдаланып, қазақтың музыкалы жабдықтары туралы ақпарат табыңыз (Асатаяк, дабыл, дангыра, домбра, жетыген, кобыз).

Құжатты редакциялаңыз.

2-тапсырма. Бірінші беттен басқа беттерді нөмірлеңіз, нөмерді беттің төмен және ортасынан орнатыңыз.

Жоғары колонтитул құрыңыз, құжаттың атын және күнді жазыңыз. Ескерту: құжаттың атауын тек жұп беттерде ғана орналастырыңыз.

3-тапсырма

Кез келген құжатты ашыңыз, мәтінге сілтеме, ақпарат дереккөзінің көрсеткішін қосыңыз.

4-тапсырма

Мәтінді теру және пішімдеу қажет.

Қазақтың ұлттық спорт ойындары мен қазғалмалы ойындар

Ат сайысы.

Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.  Аламан бәйге.

Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады. 

Теңге алу.

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. 

«Аударыспақ».

Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын. 

  1. Атауларға стандартты стильдерді пайдаланыңыз.

  2. Негізгі мәтінге жаңа стиль алыңыз.

  3. Құжаттың бірініш бетіне Кіріспе жасаңыз.

  4. "Аударыспак" бөлімді нақтылы мысал келтіру

  5. Нақтылы мысалды мәтінді көмкерілуі арқылы сол жақ жиек бойынша туралау

В деңгейі

1-тапсырма. 3 беттен тұратын құжатты келесі сипаттамалар бойынша пішімдеңіз.

Бірінші бет бағдары: кітап сияқты

Екінші бет жасыл түсті, «Көшіруге болмайды» деген артқы көрінісі бар

Тек үшінші бетке ғана «MS Word 2007 бойынша зертханалық жұмыс» деп колонтитулге жазу қажет.

2-тапсырма. Мәтінге 1-атау (Заголовок 1) стилін қойыңыз. Өз бумаңызда Басты.doc деген атпен сақтаңыз.

3-тапсырма. Құжатқа Құрылым (Структура) тәртібін орнатыңыз. Құрылым (Структура) құралдар тақтасын белсендіріңіз. Құрылым (Структура) құралдар тақтасының батырмасымен танысыңыз.

4-тапсырма. Деңгейді төмен түсіру (Понизить уровень) батырмасы арқылы соңғы үш жолдың стилін 2-атауға (Заголовок 2 ) дейін төмендетіңіз.

5-тапсырма

  1. «Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен қозғалмалы ойындар» мәтіннің әр ойын түрлерін әр бетке орналастырыңыз.

  2. Беттің бағдарын, өлшемін және жиектерін орнатыңыз.

Жиектері: оғары және төменгі жағы– 1см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, бет бағдары– кітап түрінде, қағаз өлшемі – А4.

  1. Барлық абзацтарда символдар өлшемі– 14 пт болу керек. 1,5-аралық шама Бір жарым аралық интервал.

  2. Барлық құжатқа қажетті параметрлерді орнатайық. Абзацтарды пішімдеу:  Қаріп –14. Туралану – ені бойынша, бірінші жол – шегініс –1см, жоларалық интервал – бір жарым.

5. Беттерді нөмірлеңіз: Қалпы – беттің соңында, Туралануы – оң жақтан.

Стильді пішімдеу: 1-тақырып (Зоголовок 1) таңдау үшін қажетті пішімдеуді алыңыз, Туралануы – ортадан, Қаріп – Arial, сызылуы – жартылай қарайтылған, қаріп – 16,

С деңгейі

1-тапсырма

Тапсырманы орындау үшін үш беттен кем емес мәтін бар дайын файлды пайдалануға болады.

1. Кірістіру (Вставка ) қосымшасындағы Мәтін (Текст) тобы арқылы әртүрлі жазулар кірістіру

2.Стильдер, Әсерлер (мысалы, көлем) арқылы Жазуларды (Надписи ) пішімдеу). Жазулар фигурасын өзгерту.

3. Ұйымдастырушы (Организатор) стандартты блоктар ішінен Жазулар (Надписи) таңдаңыз, мысалы, жақшалар, жабыстырғыштар.

4. Ұйымдастырушы (Организатор) стандартты блоктар пайдалана отырып, төмендегі элементтерді кірістіру керек:

· артқы көріністі;

· беттерді нөмірлеу керек;

· втөменгі колонтитулге файл атын жазыңыз;

· файлға титулдық бет қойыңыз.

5. Құжаттың соңына Күн мен уақытты жазу керек. Құжаттардың қасиеті (Свойства документа) командасы арқылы Автор және Автордың электрондық мекен-жайы өрісін қосыңыз.

6. Файлды өз фамилияңызбен сақтаңыз..

2-тапсырма

«Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен қозғалмалы ойындар» мәтініне стильдер орнтаңыз. Жақшада қажетті пішімдеу баптаулары көрсетілген

Абзац стилі:

Тенге алу 1-атау (Century Gothic, 36pt)  Аламан бәйге, ат сайысы. 2-атау (Century Gothic, 12pt) Аударыспақ (Verdana, 12pt, Негізгі мәтінге негізделген, қоныр-жасыл түс)

Таңба стилі:

Тенге алу (қоныр курсив) Аламан бәйге, ат сайысы (Monotype Corsiva, қоныр-жасыл, Негізгі мәтінге негізделген) Аударыспақ (қызғылт сары, 2-атау) .

Құрылым тәртібінде құжаттық құрылымы дұрыс орналасуын тексеріңіз. Атаулар қасында + таңбасы тұру қажет.

Негізгі әдебиет:

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

1. http://www.lina-trofimowa2012.narod.ru/34.ppt