Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Хабардың тақырыбы

Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабардың тақырыбы және негізгі бөлімнен. Тақырып келесідей өрістерден тұрады: Кімге ( Кому-адресаттың аты); Көшірмесі (Копия) – мұнда осы хаттың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары. Тақырып (Тема) - мұнда хабардың қысқаша мазмұны келтіріледі. Электрондық поштамен мәтіндік, мультимедиялық, архивтік және басқа да файлдарды жібере аламыз. Негізгі бөлімде жіберілетін мәтін орналасады.

Пошталық клиенттердің қызметі мен қасиеттері

Электрондық пошта клиенттерінің түрлері өте көп. Windows операциялық жүйесі үшін кең қолданылатын пошталық клиенттер:

  • Microsoft Outlook

  • Microsoft Outlook Express

  • Eudora (www. Eudora.com.)

Пошталық клиеттердің кейбір қасиеттері мен атқаратын қызметтеріне тоқтала кетелік.

Хабарды қабылдау және дербес көру. Бұл барлық пошталық клиенттердің негізгі қызметі .РОР3 серверіне қосылған соң, келіп түскен хабарлар пошталық клиенттің мәліметтер базасына автоматты түрде көшіріледі, осыдан кейін оны дербес режимде оқуға болады (яғни тораптан ағытулы күйде).

Жаңа хабарды даярлау. Бұл функцияны жүзеге асыру үшін бағдарламаның құрамдас мәтіндік редакторы болады. Мұнда алмасу буферін қолдану, мәтіннің қодталуын таңдау мүмкіншіліктері қарастырылған.

Хабарды реттеу. Шығатын және келетін хабарды ретке келтіру топтаудың және сұрыптаудың көмегімен жүзеге асырылады. Хабарларды логикалық қаптамаларға орналастыру топтау болып табылады. Шындығында барлық хабарлар бір ортақ мәліметтер базасында сақталады. Оларды қаптамаларға орналастыру базадағы жазбаларды сүзгілеумен пара-пар.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМА

А деңгейі

1-тапсырма

«Омар Хайям-математик және ақын» тақырыптық газет жасау

  1. Омар-Хайям бумасын құрыңыз

Интернет мүмкіндіктерін пайдаланып, Омар-Хайям туралы ақпарат іздеңіз: өмір баяны, ғылыми іс-әрекеті, поэзиясы, афоризмдері. Мәтіндік құжат ретінде Омар –Хайам бумасына сақтаңыз. Тақырып бойынша суреттер табыңыз, оларды Омар –Хайам бумасына сақтаңыз.

  1. Scribus ашыңыз.

Газетті құру үшін А2 пішімін пайдаланамыз, ол үшін жаңа құжат құру терезесінде келесі параметрлерді орнату керек:

➢Өлшем А2.

➢Құжаттың макеті бір бет.

➢Бет бағдары Портрет.

➢Өлшем бірлігі миллиметр.

➢Бет саны 2.

➢Сол және оң жақтан шегініс 30 мм.

➢Жоғары шегініс 40 мм.

➢Төменгі шегініс 50 мм.

➢Бағандар саны  3

➢Интервал (мәтіннің бағандар арасындағы ара қашықтық) 5 мм

Барлық басқа параметрлерді үнсіз келісім бойынша қойылған параметрлерді қалдырамыз.

Тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы орталық аймақты белсендіреміз. Оның айналасында қызыл жиектеме пайда болады. Ерекшеленген аймақ үш бағанды үлкен мәтіндік блокты қамтиды. Орталық мәтіндік блок ерекшеленіп тұрғанда Стиль Өлшем (Размер) мәзіріне кіріп, 12pt мәнің қоямыз. Ол сіздің газетіңіздің негізгі мәтіннің өлшемі болады.

Орталық мәтіндік блоктың кез келген жерінде екі рет шертіңіз.

Мәтінді енгізу тәртібін белсендіреміз. Мәтіндік ақпараттың көлемі үш бағанды толтыратындай, жеткілікті болу керек.

Одан кейін StoryEditor редакторында мәтінді абзацтарға бөліп, ені бойынша туралау керек.

Мәтіндік блок қосу (Добавить текстовый блок) құралы арқылы материалдардың атауын қосамыз. Мәтіндік блоктарды позициялау барысында атауларға мәтіннің көмкерілу опциясын қосыңыз. Ол үшін атауы бар мәтіндік блок белсенді болу керек және оның қасиетінің терезесін шақырыңыз (F2 пернесін басу). Осы терезеде Кескін (Очертания) қосымшасына көшіп, Блок бойынша кескін (По очертаниям блока) опциясын қосу керек

Бейнені қосу (Добавить изображение) құралы арқылы иллюстрация қосыңыз. Мәтін көмкерілуін қосыңыз – Блок бойынша кескін (По очертаниям блока). Осы опцияны әр графиктік блокқа қолданыңыз.

2-тапсырма

PDF-презентациясын құру.

Scribus-та «Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізген сирек өсімдіктері» тақырыбына pdf-презентациясын құрастырыңыз.

Интернет желісінде Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізген сирек өсімдіктері туралы ақпаратты табыңыз (мысалы, Колпаковский Иридодиктиум, Грейга қызғалдағы, Юнона архидей Юнонасы). Қызыл кітап атауымен бума құрыңыз. Мәтіндік ақпаратты және өсімдіктер бейнесін Қызыл кітап бумасына сақтаңыз.