Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпаратқа қол жетімдік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

Қазіргі таңда бір де бір фирма, бірде бір мемлекеттік ұйым дербес компьютерсіз жұмыс істей алмайды. Компьютерлер адамдардың нағыз көмекшілері болып табылады. Сондықтан ақпратты қорғау қиындыққа түседі. Жеке қызмет салалары ( мемлекеттік басқарма жүйелері, ақпараттық желілер, банктер және т.б.) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатаң және шешілетін мәселелер маңыздылығы мен сипаттамасына сәйкес функционалдың сенімділігіне ерекше талаптар қояды.

Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не?

Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз компьютерлік қорғаныс. Қазірғі заман өмірінде электронды тасымалдаушылар үлкен рольді атқарады. Ақпараттың әртүрлі әлсіз жақтары бар. Олар: үлкен көлем, «ақпараттық қаскүнемдік» мүмкіндігі, жасырын қатынас орнату. Сондықтан ақпаратты қорғау шаралары үлкен мәселеге айналып отыр. «Компьютерлік» ақпаратты қорғау, «дәстүрлі» тасымалдаушылардың қорғанысына қарағанда кең ауқымды.

Ақпараттық қауіпсіздік (information security ағыл.) – ақпараттың анықталуына байланысты, қолдау мен қолжетімділігіне, нақтылығына, толықтығына, анық-қанығына, және аутентификасиясына байланысты аспекттер жиыны.

Ақпараттық қаіпсіздіктің стандартты моделінде үш категория бар:

  1. Құпиялық (англ.confidentiality) - авторланған субъекттерге ғана ақпаратқа қатынас орнатуға мүмкіндіктері бар.

  2. Жинақтылық (англ.integrity) – ақпараттың толықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету; санкцяланбаған ақпаратты түрлендіруді болдырмау;

  3. Қолжетімділік(англ.availability) – пайдаланушылардан ақпараттың мезгілдік немесе түпкіліктілігін уақытша жасырушылығының болдырмау.

Ақпараттық қауіпсіздіктің басты мақсаты не?

Жүйенің құндылықтарын қорғау, ақпараттың нақтылығымен толықтығын қамтамасыз етіп қорғау, бұзу әрекеттерін болдырмау ақпараттық қауіпсіздіктің басты мақсаты болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік - ақпараттың құруы, модификациялануы, қатынас орнату әрекеттері, оның таралуы сияқты барлық іс-әрекеттерді тіркеп отыруды талап етеді.

Ақпараттың кауіпсіздігің қамтамасыз етуінің негізгі механизмдері:

- идентификация және аутентификация;

-қолжетімдікті басқару;

- хаттамалау және аудит;

- криптографиялау;

-экрандау.

Неліктен ақпараттық қауіпсіздіктің қамсыздандыруы көкейкесті мәселе болып табылады?

Бұл мәселе туралы көп фактілер бар. 80% астам компьютерлік құқық бұзушылықтар Интернет ауқымды желі бойынша іске асырылады. Ол ауқымды масштабтағы құқық бұзушы зияткестердің мүмкіндіктерін қамтамасыз етуіне ықпал жасайды.

Ақпараттық қауіпсіздік қандай қауіптерге әкеліп соғады? Қай кезде компьютер қылмыс жасау құралы, ал қылмыс объектісі ақпарат болатын компьютерлік құқық бұзушылықтардың кейбір түрлерін атаңыз.

Компьютерлік құқық бұзушылықтар түрлері:

        1. Рұқсатсыз ақпаратқа қолжетімдік. Құпиялы ақпаратқа қолжетімдік алу, мысалы, пароль таңдау.

Мәліметтер жүйесінің қорғауын бұзатын адамдарды қалай айтады?

Қорғалмаған компьютерге Интернет арқылы хакерлер кіре алады, олар Интернет арқылы файлдардың көшірмесін немесе файлдың өзін алып, оларды заңға қарсы пайдаланулары мүмкін.

        1. Компьютердің жұмысы жүйеден шығуы. Есептеу жүйесінің ресурстары істен шығып, жұмыс істеу қабілеттері төмендейді. Бұндай құқық бұзышылыққа компьютерлік вирустар жатады.

Компьютерлік вирус деген не? Вирустар компьютерге қалай кіруі мүмкін?

Компьютерге вирустар электрондық пошта, Интернет, әртүрлі диск түрлерінен және т.б. арқылы кіреді және келесідей сипаттамаға ие болады:

  • басқа файлдар мен программаларды жұқтырып, көбейюлері мүмкін;

  • вирустар белсенді болған жағдайда сіздің компьютеріңіздің жұмыс істеуіне қоздыратын және бүлдіруші әрекеттер жасайды.

        1. Боямалау (бұрмалау немесе өзгерту), яғни компьютерлік ақпараттың тұтастығын бұзу. Бұл іс-әрекет ақпаратқа қол жетімдіктің заңға қайшы түрі болып табылады, мысалы, референдумда, сайлауда дауыс беру нәтижесінде өзгертулер енгізу және т.б.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көкейтестік мәселе болып отырған себебі қазіргі заманда ақпарат ұлттық стратегиялық ресурс болып отыр.

Ақпаратты қорғау бойынша қандай әлсіз жақтары бар?

Ақпараттық технологиялардың қазіргі заманда кең қолдануы ақпараттың қауіпсіздігіне көптеген кері жағдайларды тудырып отыр. Оларға тоқталсақ:

- адамдардың қауіпсіздігін және экологиялық жағдайын қатматамасыз ететін, маңызды ақпараттық жүйелердің үздіксіздігін және дұрыстығын қажет етуіне кепілдік беру;

- азаматтың мүліктік, азаматтық, әкімшілік және шаруашылық талаптарына сәйкес мемлекеттің және кәсіпорындардың құқығын корғауды қамтамасыз ету;

- заңнамадағы кепілге сәйкес азаматтық құқықты және еркіндікті қорғау қажеттілігі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздігінің жүйесін қамтамасыз етуін жетілдіру мәселелері бойынша бірнеше іс шаралар іске асырылуда. Қазақстан Республикасының ұлттық қаіпсіздігінің Стратегиясына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік Концепциясы әзірленіп, қабылданды. Ол ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қауіпті алдын алуға, болжамдауға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру және ғылыми-техникалық іс-шаралар кешенің іске асыруды қамтиды.

Ақпаратқа қол жетімдік саласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан республикасының халықаралық келісім-шарттарға негізделеді, сонымен қоса Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілер құрылады.

Заңның жобасында көп салмақты аспекттер бар, соның ішінде төтенше шамшыл және белсенді талаптар жариялануда. Заңның жобасы кең қолданылады, сұраныс пен жақсы жазылған процедураларды қамтиды.

Мемлекет әрқайсысына тыйым салмайтын кез келген заңды тәсіл бойынша әр адамға ақпаратты еркін алуға және таратуға кепіл береді.

Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жетімдік» заңының жобасы 5 тараудан және 33 тармақтан құралады.

Ақпаратқа қол жетімдік саласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

2007 жылдың 11 қантарында «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңы Қазақстан Республикасының Конституцисына негізделіп, Заңнамадан және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінен тұрады.

«Ақпараттандыру туралы» заңы ақпараттандырудың құқықтық негіздерін орнатады, электронды ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерді қорғау, пайдалану және құруда пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді.

Аталған заң 9 тараудан тұрады. 7-ші тарауда жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтары және оларды беру тәртібін реттейді. 8-ші тарау электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша құқықтық негіздерін орнатады.

Вирустар және олардың түрлері.

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай – ақ компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай бағдарламаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған бағдарламаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай бастайды.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа бағдарламаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде вирус жұққан бағдарламалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

  • кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады;

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.с.с.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

  • резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан бағдарлама іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадыға көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытқа әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Ал, резиденттік емес вирус жедел жадыға тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген бағдарлама іске қосылғанда ол екпінделе түседі.

Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

Вирус дискідегі кез-келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын альп, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген бағдарламалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.

Вирустар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:

  1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі – бір іс-әрекет істейтін кеңейтулері .соm және .exe болып келегн файлдар, сондай–ақ басқа бағдарламаларға қажет кезінде қолсылатын файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.

  2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы.

Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар “жүктегіш” (загрузочная) немесе Boot- вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады.

3. Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG.SYS файлының штекері құрылғылары көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болғандықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған.

4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар.

Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінің дискінің белгілі бір бөлігіне жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне файлдың соңғы ретінде белгілейді.

5. “Көрінбейтін” вирустар.

Көптеген резиденттік вирустар бұлай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдармен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

6. Өздігінен өрбитін вирустар.

Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар асайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілінде, таңбаланбаған алғашқы бөлігінде аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор бағдарламалар жұмысы қиындайды.

Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік вирустар “таза” компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты “инкубациялық мезгіл” деп атайды.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • информацияны қорғаудың жалпы шаралары,

  • дискіні физикалық зақымданудан сақтау,

  • дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азарту тәсілдерін қарастыру;

  • вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану.

Жалпы ақпараттарды қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.

Детектор - бағдарламалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Детектор – бағдарламалар немесе “фагтар” вирус жұққан бағдарламалар мен дискілерді “Вирус” әсерінен алып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор – бағдарламалар да алдымен бағдарламалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан-соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу бағдарлама иесіне хабарлайды.

Детектор – ревизорлар – доктор – бағдарламамен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі бағдарламалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабар береді. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина – бағдарламалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі бағдарламалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сиқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл бағдарламаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскиййдің Aidstest бағдарламасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл бағдарламаны пайдаланып компьютерді вирустан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, С:) мынадай командамен тексеріп отыру керек:

аidstest с:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда оны мына командамен емдеу қажет:

аidstest с:/f

Тек бағдарламалық файлдарда ғана емес, қалған мәліметтерді де түгел тексеру үшін мына команда орындалады:

аidstest c:/f/g

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:

1. Алдымен асықпай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

2. Дегенмен әрекеті бірден орындалуы керек вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.

3. Егер компьютерге жұққан вирус түрін емдей алатын детектор-бағдарламаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

5. Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрыңғы қалпына келтіріңіз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

  1. Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

  3. Вирустан “емдеу аспаптарын” дайындап қою.

  4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.