Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Тре́кинг (ағылшын тілінен алынған, алшақтық, басындағы әріпті соңғы әріптерден ерекшелеуші)

Scribus редакторында мәтінді контур бойынша орналастыру мүмкіндігі бар. Контур қисық Безье сияқты қисық немесе көпбұрышты болуы мүмкін.

Ол үшін қисық Безье салыңыз. Оны және бір мәтін блогын ерекшелеңіз. «Объект» → «Мәтінді контур бойынша орналастыру» амалдарын орындаңыз.

Мәтін блогындағы мәтінді стильдердің көмегімен де өзгертуге болады.

Стиль дегеніміз не? Мәтін процессорында стильді не үшін қабылдадыңыз?

«Стиль» диалогтық терезесін «Түзету» → «Стиль» мәзірінің көмегімен орындауға болады. «Стиль» диалогтық терезесі келесі мүмкіндіктерді пайдалануға жол береді: гарнитураны, көлемін, интерлиниьяж, әріптерді, әсерлерді, мәтінді түзетуді, мәтін түсін, табуляторын орнату.

79 сурет. «Стильдер» диалогтық терезесі

«Стиль» сұхбат терезесін ашып, оның қосымшалары мен орнатылуын біліп алыңыз. Гарнитурасын өзгертіп, мәтін түсін, интерлиньяжды, қаріпті орнатыңыз.

Стильді құру үшін «Түзету» → «Стильдер» амалын орындаңыз. Пайда болған сұхбат терезесінде «Құру» → «Абзацты стиль» шартын таңдау қажет. Стильдің атын белгілеген соң құрылған стильге қажетті параметрлерді «Қолдану» амалының негізінде жүзеге асыруға болады. Қалыптасқан және сақталған стильді мәтін абзацына қою үшін мәтін блогын ерекшелеп, StoryEditorды (Ctrl + T) ашыңыз. Содан кейін стильді таңдап, «Мәтін блогын жаңартыңыз» батырмасын басу қажет.

Макеттеу – әр түрлі элементтерден макет әзірлеу. (сызықтар, әріптер, титул парақтары, сыртқы беттер, супер сыртқы беттер, түптеуге арналған элементтер). Макеттеу мәтіннің композициялық мазмұнынан және баспа форматындағы иллюстрациядан тұрады. Ең соңғы қалыптасқан өнім макет деп аталады, өндірістегі макет – оригинал-макет.

Қабаттар. Scribus баспа жүйесіндегі шаблондар

Есіңізге түсіріңіз, қай бағдарламада қабаттармен жұмыс жасадыңыз? Олар не үшін қажет?

Қабат - бірнеше объекттер орналасатын, басқа объекттерден тыс өзгертуге болатын басқа қабатта жатқан дерексіз ендік.

Scribus баспа жүйесінде қабаттармен жұмыс жасайтын мүмкіндік бар. Қабаттар түзетуге арналған күрделі жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланылады. Мысалы, баспа бірнеше тілде жүрсе және әрқайсысына монтаж қажет болса. Бұл жағдайда объекттерді бірнеше қабатқа орналастыруға болады, әрқайсысында жасырын және көрінетін композицияның бөлігі болады. Бұл үрдіс парақты макеттеуге ыңғайлы болып табылады.

Қабаттарды басқару, түзету үшін «Қабаттар» сұхбат терезесі бар.

Объекттердің түрлі деңгейінде жұмыс атқару үшін диалогтық терезе қалай шақырылады?

Қабаттарды басқаруға арналған сұхбат терезе «Терезе» → «Қабаттар» мәзірі арқылы орындалады. (80-сурет)

Group 186

8Group 2270-сурет. «Қабаттар» сұхбаттасу терезесі сі

Сіз құрастырған объекттердің қайда орналасқандығы жайлы «Қабаттар» сұхбат терезесінен көрінетін қабат арқылы байқайсыз.

«Қабаттар» терезесінің мүмкіндіктерін қарап шығайық

  1. Тақырып жолы

  2. Қабаттарды орналастыру жүйесі тек PDF – версиямен жұмыс жасайды.

  3. Қабаттың жартылай анықтығы PDF – версиямен жұмыс жасайды.

  4. Қабаттың көріну-көрінбеуі – егер белгі қойсақ, қабат көрінбей қалады.

  5. Қабаттың басылуы

  6. Қабатты бекіту және ашу

  7. Қабаттың төменгі және жоғарғы бөліктерде орналасуы

  8. Күрделі объекттерді көрсету үшін каркасты жүйе пайдаланылады.

  9. Қабат атауы – қабат атауын екі рет бассақ, енгізіледі.

  10. Қабат

  11. Жаңа қабат қосу

  12. Қабатты өшіру

  13. Белсенді қабатты дубляждау

  14. Қабатты бір саты жоғары көтеру

  15. Қабатты бір саты төмен түсіру

«Атау» опциясы қабаттың атауын өзгерте алады.

«Қабаттар» сұхбат терезесін ашыңыз. Жаңа қабат жасаңыз. Тышқанның батырмасын екі рет басып, «мәтін блогы» түзету жүйесінде жаңа атау енгізіңіз. Екінші блоктың «графикалық блок» атауын өзгертіңіз.

«Қабаттар» терезесіндегі «Қабатты басу» опциясы ерекшеленген қабаттың басып шығарылуына жол көрсетеді. Қалыптасқан құжатты басу үшін қабаттың барлығын белгілеу керек.

81-сурет Қабаттың басылуы

Егер «Тыйым салу» опциясы қосылса, ешқандай амалдар орындалмай қалады. (82-сурет)

Group 181

82-сурет Қабаттың кілттелуі

«Құрылым» сұхбат терезесінде «Х, У, Z» салымында белгіленген объекттерді қабаттарға орналастыратын «ең жоғарғы деңгейге», «ең төменгі деңгейге», «Ең жоғарыға», «ең төменге» амалдарын орындайтын батырмалар қатары орналасқан.

Group 178

83-сурет. «Қасиет» терезесіндегі деңгейлер

Шаблондар мен парақ шеберлері

Қай бағдарламада шаблондар бар? Олар не үшін қолданылады?

Scribus баспа жүйесінде дайын шаблондар болады, олардың көмегімен визит карталары, плакаттар, буклеттер мен PDF- презентациялар орындалады.

Шаблондарды пайдалану үшін «Файл» → «Шаблоннан құру» мәзірін қолданып, «Шаблоннан жаңа құжат» сұхбат терезесін шақыру қажет. (84-сурет). «Шаблоннан жаңа құжат» сұхбат терезесінде ғаламтор мүмкіндіктері пайдаланылады және Scribusта шаблондар қолданылады. http://scribusstuff.org/ Шаблонды таңдап, ОК басасыз.

84-сурет. «Шаблоннан жаңа құжат» сұхбат терезесі

Құжат жиі қолданылған кезде шаблондарды құрып, сақтау жұмыстары жүргізіледі.

Бір беттік және көп беттік құжаттардың әзірленуі шаблондарға қатысты. Айырмашылығы, дайын құжаттарда мәтін блоктары мәтінге толы болады, ал, графикалықта – сызбаға толы болады. Жиі қолданыстағы блоктарда мәтіндік және графикалық шаблондар орналасады. Бірақ, осыған орай бір де бір блок толып кетпей, бос күйінде қалады.

Шаблон жасау үшін бетті әзірлеп алу керек. Жиектерін құру, мәтін және графикалық блоктар, бағаналар, тақырыптарын қою. Содан кейін «Файл» →»Шаблон ретінде сақтау» мәзірі орындалады. Scribus программасы шаблонның атауын пайдалануға мүмкіндік береді. Кез келгенін таңдаңыз. Шаблондарды пайдалану үшін жобаларды ашып, сақтап отыру керек.