Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

5. Мәліметтер базасы

Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондай да бұл мәліметтерді бір мезетте екі–үш адам пайдалануға тура келеді. Ал, ол компаниялардың филиадары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндайда мәліметтер базасын қажет еткендер уақытша қалай пайдалана алады?

Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверіне орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары жерделі терминал ролін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен альп отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ –дермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.

5. Бақылау сұрақтары:

  1. Аймақтық желі.

  2. Протоколдар

  3. Желілік тополгиялар.

  4. Желілік техникалық құралдар.

6. Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Жергілікті желі.

Интернеттің негізгі түсініктері.

Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

Барлық компьютерлік желілерден пайдаланудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.

Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресустарды құрайды.

Компьютерлік желідегі аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді. Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес,ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды.

Интернетте жұмыс істеу дегеніміз –– шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандайда бір ережелерге сай өзара қарым қатнаста болатын хаттама деп аталатын бағдарламалар жұбы.Осы жұптың бағдарламасының біреуі сервер, екіншісі –– клиент деп аталады. Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файылдарды жіберу үшін арнайы FTR қолданбалы хаттамасы пайдаланылады.Сәйкесінше интернеттен файл алу үшін мынадай іс әрекеттер жасау қажет:

Компьютерде FTR клиенті болып табылатын бағдарлама орнату;

FTR қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысалы, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент бағдарламасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.