Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Беттердің және бөлімнің бөлінуі.

Беттерді бөлу (Разрывы страницы) опцияны не үшін пайдаланамыз?

ҚAutoShape 311AutoShape 312ұжаттармен жұмыс істеу барысында ағымдағы бет толық толмаса да, кей кезде жаңа беттен бастау тура келеді. Жаңа бетті бастау үшін, келесі команданы орындаңыз:Кірістіру (Вставка ) Беттердің параметрі (Параметры страниц) Бөліну (Разрывы).

Баған (Столбец) пункті арқылы мәтінді келесі бағанға орналастыруға болады.

Графиктік объект қасында мәтіннің көмкерілуін орнату үшін Мәтін көмкерілуі (Обтекание текста) пунктін таңдаймыз. Разрывы (Бөліну) қосымшасыінде Разрыва страниц (Беттерді бөлу) бірнеше нұсқасы бар, олар: Бет (Страница), Баған (Колонки), Мәтін көмкерілуі (Обтекание текста) және Бөлімдер (Разделов): Келесі бет (Следующая страница), Ағымдағы бет (Текущая страница), Жұп беттер (Четные страницы), Тақ беттер (Нечетные страницы).

22-сурет. Беттерді бөлу терезесі

Қалай ойлайсыздар, бөлімдерді басқа бөлімдерден өзара тәуелсіз қалай пішімдеуге болады?

Әртүрлі беттерге әр түрлі параметрлерді пішімдеуге болады, мысалы, құжатпен жұмыс істеу барысында бір бетті альбомдық бет қылдыру керек болса. Осы жағдайда құжатты бірнеше бөлімге бөлеміз.

Бөлімнің бөлінуін жойған кезде,алдыңғы мәтін сәйкесінше келесі бөлімнің пішімдеуін қабылдайды.

Басылмайтын беттерді бейнелеу опциясы беттердің және бөлімдердің бөлінуін көрсетуге мүмкіндігі бар, ол үшін Басты (Главная)орналастыруды ұйымдастыру.

Газеттік беттеуде пайдаланылатындай мәтінді бірнеше бағанға орналастыру үшін Беттерді белгілеу (Разметка страниц) қосымшасындағы Беттер параметрі (Параметры страниц) тақтасындағы Бағандар ( Колонки) батырмасын пайдаланамыз. ( -сурет.???) бейнеленген батырманы басу керек. Бөлінуді пайдаланып, мәтінді бірнеше бағанға Үлгі (Образец) терезесінде баптаудың барлық функциялары көрсетілген қосымшасындағы Абзац тақтасында абзац таңбасы Бағандар (Колонки) батырмасы мәтін орналасуының бес нұсқасын ұсынады, бағандарды икемдірек баптау үшін Басқа бағандар (Другие колонки) опциясын пайдаланамыз.

Бөлімдерді бөлу барысында Басуға болмайтын таңбалар (Непечатаемые знаки) қосу қажет.

23-сурет. Бағандарды баптайтын терезе

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

1 Тапсырма

Екі құжат құрыңыз, өз қалауыңыз бойынша оларға стильдер пайдаланыңыз және олардың стильдерін өзара ауыстырыңыз.

2 Тапсырма

Алдын ала сақталған құжатқа беттер параметрін орнатыңыз.

  1. Бетке келесі өрістер мәнің орнатыңыз:— жоғары (2 см); төменгі (2 см); сол жақ (З см); оң жақ (2 см). 2. Парақты альбомдық қылдырыңыз, Басылмайтын таңбалар (Непечатаемые знаки) батырмасын басыңыз және бос орындармен таңбаларды жойыңыз.

3 Тапсырма

Алдын ала сақталған құжатты ашыңыз, мәтінді бірнеше бағанға бөліңіз, беттің фоның өзгертіңіз.

В деңгейі

1 Тапсырма

Стильдердің барлық түрлерін және типтерін пайдалана отырып, келесі мәтінді теріңіз.

 10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай: 

      1) мемлекеттік; 

      2) мемлекеттік емес болып бөлінеді. 

      2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай: 

      1) жалпыға ортақ қолжетімді

      2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді. 

      3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.        Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады. 

      5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

      6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.