Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Программалық қамтамасыз етудің түрлері (лицензиялық, шартты тегін, тегін) және оларды қолдану ережелері

Кез-келген Электронды-есептеуіш машинасы, тіптен ең соңғы үлгісі, керекті программалық қамтамасыз ету (ПҚ) орнатылуынсыз жай ғана қымбат металл, темір үймегі болып табылады. Қажетті ПҚ орнатылуынсыз ешбір компьютер тіптен ең қарапайым операцияларды да орындай алмайды.

Барлық ПҚ түрлі дискілерде таратылады, лазерлі дискілерде (CD, DVD) немесе халықаралық Интернет желісі арқылы. Кейде программалық өңім компьютердің өз құнынан әлдеқайда қымбат тұруы мүмкін! ПҚ пайдаланушылары қымбат лицензиялық өңімдерін сатып алмайды, ал арзан пиратті көшірмелерін иемденуге мәжбүр.

Программаларды олардың заңды және қаржылай мәртебесіне байланысты үлкен үш топқа бөлуге болады: лицензиялық, шартты тегін (shareware) және тегін (еркін таратылымды) программалар (freeware).

Соңғы уақытта ПҚ легализациялау сұрақтарына көп көңіл бөлініп жүр. Кез-келген программа – ол біреудің зияткерлік жұмысының нәтижесі, сондықтан да иесінің зияткерлік меншігі болып табылады.

Зияткерлік меншік дегеннің анықтамасын айтып көріңіз?

Программаның өзі – жасаушының зияткерлік меншігі, ал сізге тек сол программаның жұмысының нәтижесі сатылады. Мысалы, Сіз өлең тыңдау үшін программа орнаттыңыз. Әрине, Сіз бұл программаны компьютерде өлең тыңдау мүмкіндігіне ие болу үшін орнаттыңыз. Жай ғана ол сізде болуы үшін емес. Яғни, Сізге программа емес, оның жұмысының нәтижесі керек (өлеңді жаңғырту).

Заң жағынан қарайтын болсақ Сіз программаны емес, ал оны қолдану құқығын сатып аласыз.

Лицензиялық программалық қамтамасыз ету – бұл ресми программалық қамтама.

Лицензиялық келісім міндетті түрде сатып алушыға сатып алынған программамен бірге беріледі. Келісім болуы мүмкін:

  • қағазға басып шығарылған (көбінесі өңдіруші оны ПҚ-мен бірге қорапқа салады);

  • программа жазылған компакт-дискі орамында немесе программаның қорабында жазылған;

  • пайдаланушыға программаны орнату барысында электронды түрде беріледі.

Лицензиялық келісімде сатып алушының ПҚ-ға қатысты бүкіл құқықтары, сатып алушы мен өңдірушінің бір-біріне қатысты барлық міндеттері түсіндіріледі. Әдетте коммерциялық программаның Лицензиялық келісімі сатып алушыға көшірмелерін жасап таратуға, декомпиляциялауға, программаның бөліктерін бірнеше компьютерлерде қолдануға және т.б. тыйым салады.

Программаны декомпиляциялау

Программаны декомпиляциялау - бұл техникалық әдіс, құрамында программаның құрылымын зерттеу мақсатында объектілік кодты текстік күйге түрлендіру және эем үшін программаны кодтау.

Программалық өңімнің лицензиялық көшірмесін сатып алу барысында қолданушы шын мәнінде оны қолдануға құқық (рұқсат) алады. Программаға деген авторлық құқық автордың (құқық иесі) өзіңде сақталады, сатып алушының меншігіне тек таратылатын заттық сақтаушылар ғана өтеді, мысалға дискілер. Авторлік құқық программаларға ғана емес, әуендерге, киноларға, суреттерге және т.б. таратылады.

Лицензиялық емес пқ – бұл әуесқойлық, жүктелген, бұзып алынған немесе қарақшыларының базарынан сатып алынған программалық қамтамасыз ету.

Компьютерлік қарақшылық дегеніміз программалық өңімдерді заңсыз жолмен көшірмелерін жасау арқылы ұрлау, яғни программалық қамтаманың авторлық құқықтарын бұзу. Заңсыз тағы болады ресми сатып алынған ПҚ-ны мөлшерінен көп қолдану, көшірмелерін жасау және орнату кіреді. Сонымен бірге, лицензиялық емес программалық қамтамасыз етудің өңдірушілері мен сатушылары көбінесе өңдірушінің программалық өңімінің тауарлық белгілері мен патенттеріне деген құқықтарын бұзады.

Программаның лицензиялық көшірмесін сатып алу барысында сатып алушы шың мәнінде оны қолдануға құқық алады (ерекше емес мүліктік құқық). Ерекше мүліктік құқық автордың (құқық иесі) өзіңде қалады, сатып алушының меншігіне тек таратылатын заттық сақтаушылар ғана өтеді – дискілер және құжаттама.

Лицензиялық программаларды қарақшылық көшірмеден қалай ажыратуға болады?

Барлық программалар негізгі үш схемамен беріледі: ОЕМ, қорапша және лицензия.

ОЕМ – бұл программаны жаңа компьютерге компьютер жинаушысының алдын ала орнатуы.

Программалық өңімнің ресмилігін дәлелдеу үшін арнайы сертификат-жапсырма қолданылады, оны компьютер жинаушысы компьютердің корпусына міндетті түрде жабыстырады.