Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Тақырыбы: Макростар. Үстелдік баспа жүйелері. (2 сағат)

Жоспары: Макростар. Үстелдік баспа жүйелері.

Мақсаты: Макростармен, үстелдік баспа жүйелерімен танысу.

Негізгі ұғымдар тізбесі: макростар, үстелдік баспа жүйелері.

Макростар

MicrosoftOffice программасымен жұмыс істеу барысында автоматты түрде орындауға болатын тапсырмаларды бірнеше рет орындадыңыз ба?

Бір әрекетті бірнеше рет орындамау және жұмысыңыздың тиімділігін әлде қайда жақсарту үшін макросты пайдалануыңызға болады.

Макрос деген не?

Макростар — бұл VisualBasic тіліндеге үлкен емес командалар. Пайдаланып отырған қосымшадағы кез келген әрекетті макрос арқылы автоматтандыруға және де ойламаған орындау мүмкіндіктері бар әрекеттерді жасауға болады.

Файлдарды ашқанда, бұл файл қауіпті, макростар бар деген хабарламаларды көрген боларсыз, сондықтан көбі оны «вирус» немесе «программалау» деген сөздермен сәйкестендіреді. Естеріңізге сақтаңыз, көптеген макростар қауіпсіз болғанмен, уақыттарыңызды да үнемдейді.

Макростар белсенді құжаттарда орындалады. Макростардың кейбір әрекеттері кірістіру позициясына байланысты. Басқалары тек анықталған объектілерге (мысалы, абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген бөлігіне) ғана байланысты болады. Осы жағдайда макросты орындау алдында бұл элементті алу керек. Егер макрос анықталған объектіге бұрылмаса (мысалы, келесі терезеге көшу командасын орындайды), оны кез куелген уақытта жасауға болады.

Макростар екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Егер пайдаланушы тек осы файлмен жұмыс істесе, онда ішкі макростар тікелей құжатқа немесе шаблонға енеді. Егер Normal шаблоны үшін макрос құрсаңыз, онда оларды сол шаблон негізінде жасалған құжаттарда ғана орындауға болады. Мұндай макростардың құндылығы олар құжаттармен бірге қатты дискке және бір компьютерден екінші компьютерге ауысуы.

Word-та макросты қалай құруға болады? Макрос командаларын қандай қосымшаларда кездестірдіңіздер?

Макрос құрудың ең оңай тәсілі — құжаттағы қажетті әрекеттерді жазу. Командалар тізбегін бір рет жазып, осындай әрекетті орындау үшін тышқан сілтемесін шерту арқылы макросты шақыруға болады.

  1. Лентадағы Түрі (Вид) қосымшасындағы Макростар батырмасының астындағы батырманы шертіңіз (49-сурет)

49-сурет. «Макростарды жазу» командасын таңдау

Макросты жазу (Запись макроса) сұхбаттасу терезесінде (50-сурет) макросқа ат қойыңыз және оның сипаттамасын енгізіңіз.

50-сурет. «Макростарды жазу» сұхбаттасу терезесі сі

Макросты тез іске қосу тақтасындағы батырманы немесе пернелер тіркесі арқылы іске қосуға болады. Сонымен қатар, сол сұхбаттасу терезесінде Макросты міндеттеу (Назначить макрос) аймағындағы пернелер немесе батырманы басу арқылы орындауға болады. Егер сізге тез іске қосу тақтасынан макросты іске қосу ыңғайлы болса, онда Макросты міндеттеу (Назначить макрос) аймағындағы батырманы басу керек. Пайда болған Word параметрлері (Параметры Word ) сұхбаттасу терезесінде келесі амалдарды орындаңыз (51-сурет):

  1. Аймақтың сол жағындағы макрос атын ерекшелеп, Қосу (Добавить) батырмасын басыңыз. Макрос тез ске қосу тақтасында пайда болады.

51-сурет. Word параметрлері, Баптау бөлімі сұхбаттасу терезесі сі

  1. Макрос атын және оның белгісін өзгерту үшін, аймақтың оң жағындағы аты бар жолды ерекшелеңіз жәнн Өзгерту (Изменить) батырмасын басыңыз.

  2. Батырманы өзгерту (Изменение кнопки) (52-сурет) терезесінде макросқа келетін белгіні таңдаңыз, содан кейін Бейнеленетін ат (Отображаемое имя) өрісінде атын жазыңыз.

52-сурет. «Батырманы өзгерту» сұхбаттасу терезесі сі

  1. Таңдауыңызды растау үшін ОК батырмасын басыңыз. Макрос белгісі тез іске қосу тақтасында пайда болады (53-сурет ).

53-сурет. Макрос үшін алынған белгісі бар тез іске қосу тақтасы

  1. Макросқа енгізетін әрекеттерді құжатта орындаңыз, мысалы, қаріпті өзгерту немесе файлды сақтау бойынша әрекеттерді орындау. Одан кейін «Макрос» бөлімінде Жазуды тоқтату (Остановить запись) командасын орындаңыз.

  2. Макросты тез іске қосу тақтасында іске қосу үшін макрос бейнесі бар батырманы басыңыз.