Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Программалық қамту қалай жіктелінеді?

Алғашқы жақындауда компьютерде жұмыс істейтін барлық программаларды шартты түрде үш категорияға бөлуге болады (6.1-сур.):

  1. қолданбалы программалар, олар пайдаланушы үшін қажетті жұмыстардың орындалуын тікелей қамтамасыз етеді;

  2. жүйелік программалар, олар әртүрлі қосымша қызметтерді орындайды, мысалы:

  • компьютердің ресурстарын басқару;

  • қолданыстағы ақпараттың көшірмелерін жасау;

  • компьютер құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін тексеру;

  • компьютер туралы анықтамалық ақпаратты беру және т.б.;

  1. инструменттік программалық жүйелер, олар компьютерге арнап жаңа программалар жасау процесін жеңілдетеді.

6.1-сурет. Бағдарламалық қамтамасыз ету категориялары

ПҚ жіктемесін құру кезінде келесі фактіні ескерген қажет: есептеу техникасының ұшқыр дамуы мен компьютерлерді қолдану саласының кеңеюі программалық қамтудың даму процесін күрт жылдамдатып жіберді.

Егер бұрын ПҚ-дың негізгі категорияларын саусақпен санап шыға алатын болсақ (операциялық жүйелер, аударғыштар, қолданбалы программалар кестелері), қазіргі кезде жағдай түбегейлі түрде өзгеріп кетті.

ПҚ-ның дамуы тереңінен (операциялық жүйелерді, программалар жасау тілдерін және т.б. құруға деген жаңаша көзқарастар пайда болды) және кеңінен дами бастады (қолданбалы программалар қолданбалы болуын қойып, дербес құндылыққа ие болды).

Қажет етілетін программалық өнімдер мен нарықта қолданыста жүрген программалық өнімдердің арақатынасы өте жылдам түрде өзгеруде. Тіпті операциялық жүйелер тәрізді классикалық программалық өнімдер үздіксіз түрде дамып, зерделік қызметтерге бөленуде, олардың көбісі бұрында тек адамның зерделік мүмкіншіліктеріне ғана жататын.

Сонымен қатар, өздерін қалыптасып қалған критерийлер бойынша жіктемелеу өте қиынға түсетін, ал кейде тіпті мүмкін болмайтын мысалы, электронды сұхбатшы деген тәрізді дәстүрден тыс программалар пайда болды.

Қазіргі кезде программалық қамтудың келесідей топтары біршама белгіленген түрде қалыптасқан деп айтуға болады:

  • операциялық жүйелер мен қоршамдар;

  • программа жасау жүйелері (аударғыштар, ішкі программалар кітапханалар, реттегіштер және т.б.);

  • инструменттік жүйелер;

  • жинақталған программалар жүйесі;

  • серпінді электронды кестелер;

  • машиналық графика жүйелері;

  • мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ);

  • қолданбалы программалық қамту.

Программалық қамту құрылымы 6.2-суретте келтірілген. Әрине, бұл жіктемені ақырғы жіктеме деп санауға болмайды, алайда программалық қамтуды жетілдіру мен дамыту бағыттарын басқасына қарағанда көрнекі түрде көрсетеді.

Қандай программалар қолданбалы деп аталады?

Қолданбалы программабұл белгілі бір проблемалық сала шеңберіндегі қандай да бір мәселенің шешілуіне ықпалын тигізетін кез келген түрдегі нақты программа.

Мысалы, өзінде компьютерге қандай да бір фирманың қаржылық іс-әрекетін бақылау міндеті жүктелген жерде төлеу ведомостерін әзірлеу программасы қолданбалы болады.

Қолданбалы программалар жалпылама сипатқа ие болуы мүмкін, мысалы, құжаттарды құрастыру мен басып шығаруды және т.б. қамтамасыз етуі мүмкін.

Осыған қарсы ретінде операциялық жүйе немесе инструменттік ПҚ пайдаланушының соңғы қажеттерін қанағаттандыру ісіне тікелей үлесін қоспайды.