Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

1.Жүйелік блок

2.Монитор

3.Перне тақтасы

4.Тышқан

Жүйелік блок

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

  • процессор;

  • жедел жады (RAM);

  • тұрақты есте сақтау жадысы (ROM);

  • қоректендіру блогы;

  • енгізу-шығару порттары;

  • ақпарат тасушылар.

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

Аналық тақша

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі, қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.

Микропроцессор

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды.

Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалалар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ді жасауға керекті элемент болып табылады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактілік жиілігінде жатыр.

Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц), 80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) және Pentuіm - Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.

Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлардың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен жабдықталады. Математикалық сопроцессорлар өзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе жылдамдатылады.

Жедел жады

Компьютердің жедел есте сақтау құрылғысы оперативті жадысы (ОЗУ), немесе RAM – мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадының негізгі мінездемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы.

Тұрғылықты диск

(тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады.

Иілгіш дисктегі диск жетегі

Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5–дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламада (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады.

CD және DVD диск жетектері

CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дисктер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке 400Мб, DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.

Дискілер бір рет жазылатын (CD–R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD–RW және DVD-RW) болады.

Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Дыбыстық тақша

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері: компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдардамаларда талап етіледі.

Желілік тақша

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар – ең танымалы Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.

Монитор

Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.

Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көру үшін қажет.

Мониторлар электронды-сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі, түрлі-түсті және монохромды болады, бір-бірінен көлемі жағынан ерекшеленеді (әдетте кинескоп немесе матрица диагоналы -9 – 42 дюйм (немесе 23-106см) болады).

ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды ғана көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.

Кең тараған адаптерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

Пернетақта

Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавишадан) тұрады, оның екеуі Windows терезелері бейнеленген пернелер.

Пернелік тақта стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгігі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:

  • алфавиттік-цифрлік және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орынның белгісі;

  • функционалдық пернелер: F1 - F12;

  • әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), Prіnt Screen және “*”, “+”, “-” тәрізді пернелер;

  • түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, Page Up, Page Down, BackSpace және бағыттауыш пренелер:

Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелер басқару пернелерінің ролін атқарады немесе цифрлар теру режиміне көшеді.

Бағыттауыш ( ) пернелер менHome, End, Page Up, Page Down пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды.

Delete, BackSpace пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, BackSpace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.

Бір сөзбен, екінші сөз «бос орын» пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.

Іnsert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді.

Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда , мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернелер тақтасындағы кішкене шам жанып белгі береді.

Caps Lock пернесінің негізгі режимі – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптер енгізу.

Ctrl, Alt, Shіft пернелері тіркеу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен бірге пайдаланылып, іртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады.

Esc пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

Пернетақта дегенімізбелгілі бір сигналдарды компьютерге беріп отыратын құрылғы. Олар әріптер алфавиті бойынша орналасады және қосымша түймелері болады. Клавиатура түймелерінің қызметі мынадай:

↓- төменге бір орын жылжыту немесе жолға;

↓- нүтені таңдау,егер нүктелер тобы белсенді болса;

shift+↓ -бірнеше элементті бөліп алу,сол сияқты құжаттағы тексты бір жолға төмен қиып алу;

ctrl+↓ кусорды келесі қайырманың басына қою;

↑ - жоғарыға бір орын жылжыту немесе жолға;

- нүктені таңдау, егер нүктелер тобы белсенді болса;

shift+↑ - бірнеше элементті бөліп алу, сол сияқты құжаттағы мәтінді бір жолға жоғары қиып алу;

ctrl+↑ - кусорды келесі қайырманың басына қою;

← - солға бір жерге немесе символға жылжыту;

← - нүтені таңдау, егер нүкте белсенді болса;

shift+← - бірнеше элементті ерекшелеу, сондай-ақ мәтіннен бір символды солға ерекшелеу;

ctrl+ ← - кусорды келесі сөздің басына жылжыту;

→- оңға бір жерге немесе символға жылжыту;

→ - нүктені таңдау,егер нүкте белсенді болса;

shift+→ - бірнеше элементті бөліп алу,сол сияқты құжаттағы мәтінді бір символ оңға қиып алу;

ctrl+→- кусорды келесі сөздің басына қою;

ALT- программа ағымындағы меню жолдарын белгілеу;

ALT+TAB жіберілген программалар араларын қосу;

ALT+ENTER таңдалған элементтің қасиетін көру;

ALT+F4 ағымдағы элементті жабу немесе программадан шығу;

ALT+BACKSPACE – пргграммадағы соңғы әрекетті алып тастау;

ALT+SPACE меню жүйесіндегі белсенді терезе бейнесі;

ALT+ESC элементтер арасын қосу ашылған кездегі ретпен;

BACKSPACE – кусордың сол жағынан символды өшіру;

BACKSPACE деңгейі жоғары буманы көру (жоғарыға өту);

CAPS LOSK үлкен әріппен жазуды қосу және өшіру;

CTRL+C – айырбастау буферін көшіру;

CTRL+Х – айырбас буферін алып тастау;

CTRL+V - айырбас буферінен қою;

CTRL+A – құжаттағы немесе бумадағы барлық мәліметті қиып тастау;

CTRL+ INSERT - айырбастау буферін көшіру;

CTRL+ B – мәтінді қоюмен форматтау;

CTRL+ I - мәтіндіі курсивпен форматтау;

CTRL+E – қайырманы ортаға дәлдеу;

CTRL+L – қайырманы солға дәлдеу;

CTRL+R – қайырманы оңға дәлдеу;

CTRL+F4- бір мезетте бірнеше құжат ашылуы кезінде белсенді құжатты жабу;

CTRL+ESC – пуск менюін ашу;

CTRL+ENTRE – MS WORD –та жаңа беттің басы;

CTRL+TAB – алға бір үлес жылжу;

CTRL+SHIFT+TAB – артқа бір үлес жылжу;

CTRL+элементті алып жүру – таңдалған элементің көшірмесін алу;

CTRL+ SHIFT+элементті алып жүру - таңдалған элементтің ярлыгын жасау;

CTRL+HOME – курсорды құжаттың басына жылжыту;

CTRL+END – курсорды құжаттың соңына жылжыту;

CTRL+PAGE UP – курсорды келесі беттің басына жылжыту;

CTRL+S – көптеген программада команданы сақтау;

CTRL+О – көптеген программада диалогты шақыру терезесінен ашу;

CTRL+Р – көптеген программада диалогты шақыру терезесінен басып шығару;

CTRL+F2 - MS WORD –та жуықтап көру командасы;

CTRL+↑ - кусорды алдағы қайырманың басына жылжыту;

CTRL+↓ - курсорды келесі қайырманың басына жылжыту;

CTRL+← - курсорды алдағы сөздің басына жылжыту;

CTRL+→ - курсорды келесі сөздің басына жылжыту;

DELETE – белгіленген тексті немесе обьектіні өшіру (жою);

DELETE – документтегі обьектіні оң жағынан өшіру;

DELETE –корзинадағы белгіленген файлды немесе буманы өшіру;

SHIFT+ DELETE – айырбас буферіндегі обьектіні кесіп тастау (файл мен бумадан басқа);

CTRL+ALT+ DELETE –Диспетчер задач Windows диалог терезесін шақыру;

F1 – анықтама немесе көмекші қорытындысы;

F2 – таңдалған файлдың, буманың, ярлыктың атын өзгерту;

CTRL+ F2 - MS WORD-та жуықтап көру командасын таңдау;

F3 - Проводник арқылы файлды немесе буманы іздеу;

F4 - MS WORD-тың соңғы әрекетін қайталау;

F4 – мекен-жай жолындағы тізім бейнесі;

ALT+ F4 – ағымдағы элементті жабу немесе белсенді программадан шығу;

F5 – белсенді терезені өңдеу;

F5 - MS WORD обьектісіне өту;

SHIFT+ F5 - MS WORD –тың алдағы түзетуіне көшу;

F6 – экран терезесі немесе жұмыс столы элементтеріне қосылу;

F7 – көптеген программада дұрыс жазылуды тексереді;

ALT+ F7 – MS WORD-та сөздің емлесінің қатесін тексереді;

F8 – MS WORD-та тексті ерекшелеу режимін қосады;

F9 – MS WORD-та тексті ерекшелеу режимін өшіреді;

F10 – қазіргі программадағы меню жолдарын активизациялайды;

SHIFT+ F10 – ерекшеленген элементке контекстік менюді Ашу;

F11 – Проводникті экранға шығару;

F12 – MS WORD-та Сохранить как терезесін шақыру;

SHIFT+ F12 – MS WORD-та Сохранить командасы;

HOME – кусорды жолдың басына шығару;

CTRL+ HOME – курсорды құжаттың басына шығару;

INSERT – MS WORD-та жазылған текстің ортасына қою режимін қосады;

CTRL+ INSERT – ауысу буферіне көшіру;

NUMLOCK – санды шығару режимі мен және курсорды ауыстыру арасын қосады;

PAGE DOWN – тексті бір экранға алға араластыру;

CTRL+ PAGE DOWN – курсорды келесі беттің басына ауыстыру;

CTRL+ PAGE UP - курсорды алдағы беттің басына ауыстыру;

TAB – мәтінде шегінуді құру;

TAB – кесте ұяшығына өту

TAB – параметрлер арқылы алға жылжу;

SHIFT+ TAB – параметрлер арқылы артқа жылжу;

SHIFT+ TAB – кесте ұяшығынан кері жаққа жылжу;

ALT+ TAB – жіберілген программалар арасына қосылу;

CTRL+ TAB –диалог терезесі арқылы алға жылжу;

CTRL+ SHIFT+ TAB – диалог терезесі арқылы артқа жылжу;

START+F – іздеу терезесін шақыру;

START+Е – Проводникті ашу;

START+D – “Свернуть все окна” командасы;

START+R – “Запуск программы” (ПУСК- Выполнить) диалог терезесін шақыру;

START+L – қолданушылар арасына қосылу;

SPACEBAR- пробел символын енгізу;

SPACEBAR- хабарлама кнопкасын басуды орындайды;

CTRL+ SHIFT+ SPACEBAR- MS WORD-та тығыз мәлесені орнату;

SHIFT+кез-келген әріп – мәтін теру кезінде жазылған әріп;

SHIFT+кез-келген стрелка – Жұмыс столындағы немесе терезедегі бірнеше элементті ерекшелеу, сондай-ақ құжаттағы тексті ерекшелеу;

SHIFT+дисководқа компакт-дискіні салу - компакт-дискінің жылдам жіберілуінен қорғайды;

SHIFT+ DELETE – файл немесе буманы жою;

SHIFT+ DELETE – ауысу буферіне обьектіні кесіп алу;

SHIFT+ F3 – теріп алынған текстің регистрін ауыстыру;

SHIFT+ F5 - MS WORD –та алдыңғы түзелгенге көшу;

"Тышқан тәрізді қол тетік"

Тышқан пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын, қолмен басқарылатын кішкене тетік.

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

  • шығару құрылғысы;

  • мәліметтердің алмасу құрылғысы;

  • енгізу құрылғылары.

Шығару құрылғылары

Принтерлер мен плоттерлер

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиялық түрлері бар.

Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.

Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.

Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.

Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің әрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты және өте жоғары.

Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айналдырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі төмендегідей: жарық сәуле жол бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлегені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

Мәліметтер алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қол жеткізе алады.

Модем (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

Негізгі әдебиет:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

  3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

  1. http://imcs.dvgu.ru/lib/eastprog/revolutio