Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Графиктік объектілерді және диаграммаларды кірістіру. Word қосымшасында графикпен танысу

Құжаттың бетінде орналасқан негізгі элементтердің бірі графиктік бейнелер болып табылады. Word құжаттарында графиктік бейнелердің екі түрі пайдаланылады, олар: суреттер мен графиктік объектілер.

Word құжатына суретті қалай кірістіруге болады?

Басқа программалар жасаған файлдардан суреттер импортталады (Word программасынан басқа), ал графиктік объектілерді Word құралдары (кірістірілген графиктік объетілердің редакторымен) арқылы өзбетінше құруға болады.

MicrosoftOfficeWord программасында қандай графиктік объектілер құруға болады?

Графиктік объектілер фигурадан, диаграммадан, блок-схемалардан, қысық пен түзі сызықтардан және WordArt объектілерінен тұрады. Олардың кез келгені Word құжатының бөлігіне жатады. Олардың қасиеттерін әртүрлі түстер, жиеткер, шекаралар және басқа әсерлердің пайдалану арқылы өзгертуге болады.

Word суреттеріне графиктік объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, фигура және сызықтардан тұратын графиктік объект сурет болып табылады.

Төсемді пайдалану

Word-қа енгізілген графиктік объектіні төсемге орналастыруға және төсем арқылы құжаттағы суреттерді тәртіпке келтіруге болады.

Төсем суреттер арасында және құжаттың қалған бөлігінде жиек түрінде шекаралардың болуын қамтиды. Үнсіз келісім бойынша төсемнің шекаралары мен өңі бейнеленбейді, бірақ төсемге кез келген графиктік объектіге сияқты пішімдеуді қолдануға болады.

Сонымен қатар, төсем суреттің бөлігін ұстауға және суреттер бірнеше бөліктен құрылса ол объектілердің өлшемін өзгертуге көмектеседі.

Құжаттың бетіне төсемді кірістіру үшін сурет қоятын жерге шерту керек.

Кірістіру (Вкладка) қрсымшасында Иллюстрация тобынан Фигураны шертіңіз, содан кейін Жаңа төсем (Новое полотно) таңдап алыңыз (40-сурет)

Төсемнің өлшемін баптау үшін оны ерекшелеп, содан кейін өлшемнің дәл жүйесін орнатуға Өлшем (Размер) тобында көрсетікшке шерту керек немесе Өлшем (Размер) сұхбаттасу терезесінің шақыру батырмасын басыңыз.

40-сурет. Сурет үшін жаңа төсем құру.

Құжаттың бетіне жаңа төсемді орналастыру. Төсемде бірнеше фигураны орналастыр.

Графиктік объектіні пішімдеу.

Фигура қандай элементтерден тұрады? Фигураның қандай элементтерін пішімдеуге болады?

Кез келген фигураның шекарасы мен ішкі құйюы бар немесе шекарасы, мысалы, сызықта, бағыттауыш, қисықта сияқты.

Word-та фигураларды безендіретін дайын стильдер бар. Стильдер Пішім (Формат) қосымшасында Фигуралар стилі (Стили фигур) тобында орналасқан (41-сурет)

41-сурет. Фигуралар стилі. Стили фигур

Фигураға стильді қолданыңыз. Ол үшін фигураларды ерекшелеңіз. Стиль қандай болатының көру үшін Фигуралар стилі (Стили фигур) тобына тінтуірді апарыңыз. Таңдап алған стильді шертіңіз. Фигураға әртүрлі әсерлерді пайдаланыңыз.

Төсемдегі объектілерді тегістеу.

Объектілерді тегістеу үшін оларды ерекшелеу керек, CTRL пернесін басып, ұстап тұрыңыз. Тегістеу (Алдынғы жаққа, Артқы жаққа) командасына рұқсат алу үшін Тәртіпке келтіру (Упорядочить) тобында Тегістеу (Выравнивание) (42-сурет) пунктін таңдаңыз.

42-сурет. «Тәртіпке келтіру» тобы

Тәртіпке келтіру тобында келесі командалар да бар:

Қалып → Мәтінде және Мәтінді көмкерілуімен (Положение → В тексте и С обтеканием текста), бұл команда суретті мәтінге қатысты орналастырады.

Мәтінді көмкерілуі (Обтекания текстом), бұл команда арқылы графиктік бейнені мәтінге қатысты келесідей орнналастыруға болады: Мәтінде (В тексте), Жиект бойымен (Вокруг рамки), Контур бойынша (По контуру), Алмаспайтын (Сквозное), Жоғары және төмен (Сверху и снизу), Мәтін артында (За текстом), Мәтін алдында (Перед текстом).

Бұру (Повернуть) – ерекшеленген графиктік объектілерді бұруға мүмкіндік беретін команда.

Ерекшелеу аймағы (Область выделения), құжаттың бетіндегі ерекшеленген фигураларды көрінетін және көрінбейтіндей жасайды. Графиктік объектілер жиынынан тұратын графиктік суреттерді пішімдеуде пайдаланылады.