Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Айқасқан сілтемелер.

Қандай да бір дереккөз туралы нақты ақпарат қажет болса, не істеуге болады?

Кестелерге, атауларға, тарауларға сілтеме жасағанда нақты ақпарат алу үшін Айқасқан сілтемелер (Перекрестные ссылки) пайдалануға болады.

Қажетті элементке жету үшін Айқасқан сілтемелер (Перекрестные ссылки) қажет.

Келесі элементтерге Айқасқан сілтемелер (Перекрестные ссылки) құрылады:

  • тақырыптар (тараудың, бөлімнің);

  • сілтемелер;

  • белгілерге;

  • атауға;

  • құжаттың атына

  • нөмірленген абзацтарға;

  • кестелерге;

  • суреттерге;

  • формулаларға.

Айқасатын сілтемені құру үшін айөасатын сілтеме басталатын мәтінді енгізіп, Сілтемелер (Ссылки) қосымшасынан Аты (Названия) тақтасының Айқасқан сілтеме (Перекрестная ссылка) батырмасын басыңыз.

Ашылған терезеден (28-сурет) Сілтеме типі (Тип ссылки) өрісінде сілтеу жасайтын элементтің типін таңдаңыз және Сілтемені... кірістіру керек (Вставить ссылку на…) өрісінде құжатқа қосатын мәліметтерді көрсетіңіз. Қиылысатын сілтемелер құжатқа өрістер ретінде кірістіріледі.

28-сурет. Қиылысатын сілтемелер сұхбаттасу терезесі сі.

Сілтеме жасап отырған элементке көшу үшін Гиперсілтеме ретінде кірістіру (Вставить как гиперссылку) жалаушасын қойыңыз. Сөзді «жоғары» немесе «төмен» қосу (Добавить слово «выше» или «ниже») жалаушасы арқылы сілтеменің алдына сөз қосуға болады.

Мазмұнды баптау.

Үлкен құжаттармен жұмыс істеу барысында автоматты түрде мазмұнды құру жие қолданылады. Егер құжат тиісті пішімдермен рәсімделсе мазмұнды құруға көп уақыт кетпейді, яғни кірістірілген құрылым деңгейлері мен атаулардың стиліне сәйкесінше пішінделсе.

Мазмұн – бұл құжаттың аттауларының тізімі

Мазмұнды жинақтау кезеңдері:

    • Word берілген стильдер бойынша тақырыптарды іздейді .

    • Тақырыптар деңгейлер бойынша сұрыпталады.

    • Әр тақырып орналасқан беттің нөмірімен жабдықталады.

Қалай ойлайсыздар, мазмұнды қалай жасауға болады?

Мазмұнды құру үшін:

  • тышқанның сілтемесін мазмұн орналасатын жерге қойып, Сілтемелер (Ссылки) қосымшасының Мазмұн (Оглавление) тобындағы Мазмұн (Оглавление) батырмасына басу керек;

  • қажетті мазмұн пішімін (қолмен немесе автоматты түрде жинау) таңдау керек (29-сурет).

Мазмұнның қосымша баптауларын пайдалану үшін Мазмұн (Оглавление) батырмасын басамыз (30-сурет).

29-сурет. Кірістірілген мазмұн терезесі.

30-сурет. Мазмұн терезесі

Мазмұн терезесінде:

    • Пішімдер (Форматы) тізімінен мазмұн стилін таңдаңыз;

  • әр элементтің беттер номерін көрсету үшін Беттер номерін көрсету керек (Показать номера страниц) жалаушасын қойыңыз;

  • беттер номерін оң жақ жиектен орналастыру үшін Беттер номері оң жақ жиек бойынша (Номера страниц по правому полю) жалаушасын орнатыңыз;

  • мазмұн және беттер номерлері арасында кірістірілетін элементтерді Сызық типін толтырушы (Заполнитель тип линий);

  • Деңгей (Уровни) өрісінде мазмұн деңгейлерінің саның беріңіз (деңгей саны атау сандарынан көп болмау керек);

  • мазмұнды құруды аяқтағаннан соң ОК басыңыз.

«Беттер номері оң жақта орналасқан (Номера страниц по правому полю)» жалаушасы қойылған жағдайда ғана сызықтар типі кірістіріледі.

Басқа стильдерді және мазмұндағы басқа деңгейлер міндетін Параметрлер (Параметры) батырмасын басу керек.

Жасалынған мазмұнға тез түзету жүргізуге болатын қандайда бір тәсіл бар ма?

Жасалынған мазмұнға тез түзетулер енгізу үшін мазмұн өрісінде тышқанмен шертіңіз және Кестені жаңартыңыз (Обновить таблицу) батырмасын басыңыз, ол батырма мазмұндарды жаңартады.

Заттық көрсеткіш.

Келесі элементтерге заттық көрсеткіштер орнатылады:

  • жеке сөз, символдар, сөйлемдерге;

  • бөлімдерге;

  • сілтемелерге.

Заттық көрсеткіш деген не?

Заттық көрсеткіш (Предметный указатель) – беттің орналасуын көрсететін құжаттарда кездесетін терминдер тізімі

Заттық көрсеткішке сөз немесе сөйлем қосу үшін, оны ерекшелеу керек, содан кейін Сілтемелер (Ссылки) қосымшасының Заттық көрсеткіш (Предметный указатель) тобындағы Элемнетті белглеу (Пометить элемент) батырмасын басу керек.

Көрсеткіш элементін анықтауыш (Определение элемента указателя) сұхбаттасу терезесі пайда болады (31-сурет), ол арқылы:

  • көп деңгейлі көрсеткіш жасауға болады (ол үшін Көрсеткіш элементі (Элемент указателя) аймағында қосымша (дополнительный) өрісінде екінші деңгейге орналастыратын мәтінді енгізу қажет);

  • көрсеткіштер қатарына енгізген термин кездесетін беттің номерін беру керек (ол үшін Параметрлер (Параметры) қосылғышын ағымдағы бет (текущая страница) қалпына орнату керек);

  • басқа сөйлемге немесе терминге сілтемеге беру (ол үшін Параметрлер (Параметры) қосылғышын айқасқан сілтеме (перекрестная ссылка) қалпына қосып, сөзден кейін қажетті сөзді теріңіз).

Көрсеткішті орнатқаннан кейін мәтінді редакциялауға тура келсе, онда беттерді номерін қалпына келтіру үшін көрсеткішті жаңартуға ұмытпаңыз.

31-сурет. Көрсеткіш элементінің мазмұн терезесі

Терминді енгізгеннен кейін Белгілеу (Пометить) батырмасын басыңыз, егер Барлығын белгілеу (Пометить все) батырмасын бассаңыз құжаттағы барлық сөздер белгіленеді. Көрсеткішке енген мәтіндер заттық көрсеткіш өрісінде пайда болады және басылмайтын таңбалар шығады {}.

Көрсеткішті қалай қоюға болады?

Көрсеткішті қою үшін:

  • көрсеткіш қоятын жерге тышқан сілтемесін орнату керек;

  • Сілтемелер (Ссылки) қосымшасының Заттық көрсеткіш (Предметный указатель) тақтасындағы Заттық көрсеткіш (Предметный указатель) батырмасын басып, Көрсеткіш (Указатель) қосымшасы белсенді болады (32-сурет);

  • Пішімдер (Форматы) тізімінен көрсеткіштер пішімінің біреуін таңдаңыз;

  • Типі (Тип) қосылғышын шегінісімен (с отступом) қалпына орнатыңыз (қосылғышты шегініссіз (без отступа) қалпына қойсақ, қосымша элементтер негізгі элементтермен бірге бір жолда орналасады);

  • бағандар санын баптаңыз және қажет болса Беттер номері оң жақ жиек бойынша (Номера страниц по правому краю) жалаушасын орнатыңыз, тізімнен Толтыру (Заполнить) символын таңдаңыз, ол элементтерді беттердің нөмірлерінен айырықша лайды.

  • ОК батырмасын басыңыз, құжатта көрсеткіш пайда болады.

Егер көрсеткіштен сөзді жойып тастасаңыз, көрсеткіштерді жаңартқанда сөз қайтадан шығады.

32-сурет. Көрсеткіш терезесі

Көрсеткіштен элементті жою үшін фигуралық жақшада берілген барлық мәтінді жою керек. Көрсеткіш мәтіні көріну үшін басылмайтын таңбаларды бейнелеу тәртібін қосу керек