Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Тақырыбы: Scribus программасының интерфейсі. Жарияланымды құру және сақтау. Бейнені кірістіру және редакциялау. (2 сағат)

Жоспары: Scribus программасының интерфейсі. Жарияланымды құру және сақтау. Бейнені кірістіру және редакциялау

Мақсаты: Scribus программасының интерфейсімен, жарияланымды құру және сақтаумен, бейнені кірістіру және редакциялаумен танысу.

Негізгі ұғымдар тізбесі: Scribus программасының интерфейсі.

Scribus программасының интерфейсі. Жарияланымды құру және сақтау

Қандай үстелдік баспагер жүйелерін( desktop publishers) сіздер білесіздер?

Desktoppublishing с ағылшын тілінен «компьютерлік беттеу» деп –«үстелдегі баспа» қысқаша DTP деп аталады

Scribus (Скрибус) бағдарламасы - баспагер қызметіне арналған кроссплатформалық өнім. Ашық кодпен (GNU) лицензияның шарттарында еркін таратуға жіберілетін бағдарлама. Scribus бағдарламасы кез-келген полиграфиялық өнім шығаруға болады(визиткалар, кітапшалар, хаттар, және басқа да жарнамалық журналдар), сонымен қатар жоғары сапалы құжат басуға болады. Scribus үлкен мөлшерде кәсіби қызметке ие, айталық CMYK түс жасау жүйесі, көптеген мәтіндік форматты импорттауға болады, соның ішінде OASIS(Open Document) және MS Word( antiword арқылы), Юникод мәтіні мен қаріптерін қолдайды, көп қабатты құжаттарды өңдейді, PDF- құжаттарын құру мен өңдей алады, сонымен бірге интерактивті пішінді де, ақпаратты жоғары сапалы кәсіби жабдыққа шығарады.

Scribus келесі операциялық жүйенің басқармасының астында жұмыс істейді: Linux/UNIX, Windows Mac OS X түрлі болжамдарымен, OS/2. Бағдарлама орыс тіліне лайықты жасалған және тасымалдың орыс модулімен жасақталған. Негізгі формат бағдарламада меншікті формат пайдаланылады .sla.gz (Scribus Compressed Document), XML негізделген және беттеудің коммерциялық өніміне импорттамайды, Scribus бірдей және керісінше - InDesign және Quark XPress файлының импортын қолдамайды. Scribus шығару форматтарын - PDF, EPS, SVG және OpenOffice org, EPS/PS, HTML, SVG, PDF құжатының импортын қолдайды.

Scribus қосылуы әдеттегі әдіспен жүзеге асырылады, Windows ортасында қабылданған: іске қосу(пуск) - барлық программалар(все программы) немесе тінтуірмен жарлық үстінен шерту (или щелчком по ярлыку) . .

Біз үстелдік баспа жүйесімен танысуымызды Scribus программасының интерфейс сипаттамасынан бастаймыз.

Бағдарламаның орындалатын файлын қосыңыз

Бағдарламаны іске қосқан кезде сіздің сұхбат терезеңізде Ghostscript жоқтығын ескерту керек. PostScript бұл тілдік бағдарлама, парақтағы тіл сипаттамасын береді, OK басу керек. Алдарыңызда «жаңа құжат» (59-сурет) диалогты терезе ашылады, ол жаңа құжат параметрлерін тағайындайды.

59-сурет. "Жаңа құжат» сұхбат терезесі

"Жаңа құжат" сұхбат терезесінде, құжат макеті, полиграфиялық өнімнің түріне байланысты құжат таңдап алуға болады.

Жеке бет реферат, плакат және т.б түрінде сипатталады.

Бүктемені жасау үшін келесі нұсқауларорындалады: қос бет, екі фальцовка немесе сәйкесінше үш фальцовка.

Фальцовка - кітап және кітапша басылымы парақтарының орналастыруға арналған бет жаю үрдісі.

Сонымен бірге "жаңа құжат" диалогты терезесінде құжаттың өлшемі, бағдарлауы, ені және биіктігі орнатылған. A4 форматы тағайындалған. Параметр ауданына өлшем бірліктерін және құрылатын құжат парақтарының санын қоюға болады. Өлшем бірлік өрісінде пункттер тұрады, ал бет санында бір бет. Егер өлшем бірлік өрісінде мағынасын өзгертсеңіз, айталық, миллиметрге(mm), онда тандалған өлшем бірлік автоматты түрде өрістер мен басқа түзетулер элементінде көрінеді. Өріс ауданында тандалған өлшем бірлігінде құжат шетінен шегіністер жасауға болады. Керек параметрлерді орнатқан соң ОК түймесін басыңыз.

Scribus программасының интерфейсі

Scribus программасының терезесін қарастырайық. Қандай элементтер сізге таныс?

Scribus 1.4.2 интерфейсі. толықтай орыс тіліне лайықталған және басқа операциялық жүйенің Windows (60-сурет) сұхбаттасу терезесіне ұқсас.

60-сурет. Scribus терезесінің интерфейсі

Негізгі терезе астына сіздер тағы бірнеше аспап көресіздер: масштабтау, беттерге навигациялау, деңгейлерге навигациялау және алдын ала көру режимі (белгіше ашық көздей).

Жиі терезеде қосымша диалогті терезе шығады, ол нысандарды және олардың түзету жұмыстарын атқарады.

Аспаптарға шолу.

Scribus программасындағы аспаптар төрт тақтамен белгіленген: "файл", "түзету", "аспаптар" және "PDF-аспаптары" (61-сурет) аспаптар тақтасын орнатуға немесе жасыруға арналған,

61-сурет. Аспаптар панелі

контексті мәзір командалары " Файл", "Түзету", "Аспаптар" және "PDF-аспаптары"

(62-сурет) пайдаланылады. Барлық аспаптар панелі сырт пішінмен орналасуын күйге келтіруден тұрады.

62-сурет. Аспаптар тақтасы күйге келтіру

Аспаптар тақтасы Файл

Айтылмыш тақтада файлдармен операция жасауға көрсетілген аспаптар.

Қандай аспаптар тақтасы Файл түймелері сіздерге таныс? Оларды солдан оңға саңайық.

6. "Валидатор" немесе "басып шығаруға дейінгі тексеріс", қателердің барын тексеретін құжат.

7. «PDF түрінде сақтау», құжатты PDF форматында сақтайтын аспап.

Аспаптар тақтасы Түзету

Қалай ойлайсыздар аспаптар тақтасы Түзету не үшін қажет? Қандай түймелер сіздерге таныс?

Аспаптар тақтасы

Аспаптар көмегімен тақтаде орналасқан, мәтіндік және графикалық тізбектер орнатылады, ең қарапайым графикалық нысандар құралады, суреттер және мәтін өңделіп, түзетіледі.

Кейбір аспаптар панелі түймелерінің мағынасын қарайтырайық

Нысанды ерекшелеу - жұмыс жазықтығында нысанды белсендіру үшін қызмет етеді.

Мәтіндік блок қосу- мәтіндік блок қосып, кейін мәтін жазуға арналған.

Сурет қосу- графикалық блоктарды қосуға арналған.

Кесте қосу- керекті пішімде кесте қоюға және мәтін жазуға арналған.

Блок ішін өзгерту- ерекшеленген блоктың өңдеу тәртібіне кіруге мүмкіндік береді.

Мәтінді Story Editor-ге өзгерту- Scribus редактор Story Editor кіріктірмесінде мәтіндік блокты өңдеу.

Мәтіндік блоктарды байланыстыру – бірнеше мәтіндік блоктар арасында өзара байланысты орнатады.

Мәтіндік блок байланысын үзу - өзінің әрекетіне қарама-қарсы аспапқа мәтіндік блокты Байланыстыру.

Өлшеу- нысандар арасындағы дәл арақашықтықты тексеруге, сонымен бірге көлденең сызықтың бұрышы мен өлшенетін араны тексеруге мүмкіндік береді.

Аспаптар панелі PDF –аспаптары

Тақта аспаптар пішінінің құрудан тұрады, пайдаланушымен сұхбаттасу тәртібінде ақпарат жиыны үшін керек.

Scribus құжатына қосылатын барлық нысандар фреймдер көмегімен қойылады. Мәтінді кірістіру жағдайында, бірінші мәтіндік нысан(фрейм) қойылады, ал кейін осы фрейм мәтінге қосылады. Осы тәрізді суреттің салғысы қойылады, тек мәтін орынына графикалық файл қосылады.

Story Editor (63-сурет) редактор кіріктірмесімен мәтін өңделеді,түзетіледі, құралады.

63-сурет. Story Editor мәтіндік редактор кіріктірмесі

Басқа мәтіндік редакторда жасалған дайын мәтінді көшіріп, Story Editor редакторына қоюға болады. Мәтін дайын болғаннан кейін «мәтінді блокта жаңалап және шығу» (обновить текст в блоке и выйти) түймесін басыңыз . Story Editor редакторы жабылады, ал сіздің мәтініңіз құжаттың мәтіндік нысанында пайда болады. Осы тәрізді мәтіні бар барлық фреймдер толтырылады.

Құжатты сақтаңыз.

Құжатты қалай сақтайды? Дәптерге құжат сақтау алгоритмін жазып алыңыздар.

Дайын құжаттар меншікті форматта сақталады .sla.gz.