Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Қазақстан мәдениеті және ұлттық салт-дәстүр туралы

Киіз үйдің сыртқы әбзелдері — күн сәулесін түсіру және су өткізбеу, жылу сақтау және т.б. қызметтер атқаратын әбзел — туырлық,үзіктүндіккиіз есік. Үйдің сыртқы әбзелдерін бір-бірімен байланыстыру үшін — бау-құрлар (таңғышбас арқанбелдеушалма,желбаубасқұртуырлық бауүзік бау), шаңырақты көтеруге арнаулы бақан қолданылады. Керегенің ішінен түрлі түспен боялған шилер тұтылады.

Кимешек

Жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.

Бөрік 

Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөріксусар бөріккәмшат бөрікжанат бөріктүлкі бөрікелтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқытпүлішқамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт,маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөріктіқазақ халқы сияқты қарақалпаққырғызбашқұрттатарұйғыр т. б. халық тарда киеді .

Тақия 

Тақия

Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелітегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңгемоншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.

Шапан

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.

3-тапсырма. http://kk.wikipedia.org/wiki/, пайдалана отырып, Бурабай (ұлттық пар) туралы ақпарат алыңыз, берілген тақырып бойынша суреттер және фоталар табыңыз.

«Бурабай» бумасын құрыңыз, оның ішінде Бурабай деп аталған құжат, фото және суреттерді сақтаңыз.

Мәтінді редакциялаңыз.

Үлгі бойынша мәтінді пішімдеңіз (қаріп өлшемі, туралануы, сызылуы).

4-тапсырма. Суреттерді құжатқа кірістіріңіз. Үлгі бойынша суреттерді пішімдеңіз (суреттің мәніде орналасуы, өлшемі, шекарасы және аты).

5-тапсырма. Мәтінде берілген мәліметтер бойынша Бурабай да бар жануарлар әлемінің сызба диаграммасын құрыңыз.

В деңгейі

1-тапсырма. Интернет мүмкіндіктерін пайдаланып, мәтінге суреттер тауып, қойыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді үш бағанға бөліңіз.

3-тапсырма. «Көркем жазуды» кірістіріңіз. «Көркем жазуды» пішімдеңіз (мәтіндегі орналасуын, көлемін)

4-тапсырма. Бетке шекаралар орнатыңыз

5-тапсырма. Суреттердің атауын жазу үшін мәтінге жазуды кірістіріңіз

6-тапсырма. Ағаштың әр түрлерінің өсуін көрсететін гистограммасын құрыңыз.

С деңгейі

1-тапсырма. Үлгі бойынша суреттерді пішімдеңіз. Әртүрлі стильдерді пайдаланыңыз.

2-тапсырма. Шапан, тақия, бөрік сөздеріне сілтеме жасаңыз.

3-тапсырма. Құжатқа қоғау қойыңыз

4-тапсырма. Гистограмма және сызба диаграмманың типін өзгертіңіз.

5-тапсырма. Бетке шекара орнатыңыз.

6-тапсырма. Бетке фон жасаңыз

7-тапсырма. Бурабай туралы алынған ақпаратқа сайтта сілтеме жасаңыз.

8-тапсырма. «Бурабай» бумасына мәтінді сақтаңыз.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қазақ ұсақ шоқылы аймағының (Сарыарқаның) солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді. Жер аумағы 83,5 мың га. Саябақ орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –16,7°С, шілдеде –18,6°С. Бурабай сілемдерінде БурабайШортандыҚатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т.б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақ аумағында шағын өзендер мен жылғалар да бар. Бурабай орман сілемінде қылқан жапырақты және аралас жапырақты қалдық ормандар плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді. Онда республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер менжануарлардың реликт түрлері де сақталған. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (мыс., ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т.б.). Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Одан басқа көктеректалырғайбозаршаитмұрындоланақарақат, т.б. өседі. Реликті түрлерден – қырықжапыраққырықбуынплаунқияқөлеңмүкжидек, т.б. бар. Сондай-ақ саябақтың флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Саябақтың фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусінақкісақ қалақорман сусары, т.б. мекендейді. Саябақ аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркітқарақұс, үкі, т.б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т.б. кездеседі. Саябақ ландшафтысының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан. Мыс., «Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт», «Түйе», «Құдыр», «Сфинкс».

757 өсімдіктер түрі бар. Олардың 109 қорғауды қажет етеді. 12-сі Қызыл кітапқа енген. Ағаштың 65 %қарағай, 31 % қайын, 3 % көк терек және 1 % талдар.

Өсімдік әлемінің байлылығының игілігіне қарай фаунасы бай: жануарлардың 305 түрі бар, ол барлық фаунаның 36 % құрайды. Олардың ішінде 40 % сол жерде, 13-Қызыл кітапқа енгізілген..

Өсімдіктер жамылғысы

Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормаңдар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөлшөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендіктеқайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.

Негізгі әдебиет:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

  3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

  1. http://imcs.dvgu.ru/lib/eastprog/revolutio

Бақылау сұрақтары:

  1. Лентаның қай қосымшасы арқылы мәтінге түзетулер, өзгерістер енгізуге болады?

  2. Шығару (Выноски) батырмасының қызметі қандай?

  3. Енгізілген өзгерістер мен түзетулердің хранологиялық ретін бейнелейтін қосымша тақтаны ашатын қай батырма?

  4. Ескерту (Примечания) деген не және оны мәтінде қалай көруге болады?

  5. Рецензиялау (Рецензирования) қосымшасының қай тақтасы құжаттарды салыстырады?

  6. Емле режесін қалай тексеруге болады және тезаурусты қалай жаңартуға болады?

  7. Авто ауыстыру (Автозамена) сұхбаттасу терезесі сінің?

  8. *Құжаттарды тексеру тәсілдерін атаңыз, тексерудің қай тәсілін қалайсыз?

  9. *Қате сөздерді дұрыс нұсқасына қолмен ауыстыру алгоритм тізімінің көрсетіңіз.

  10. *Құжатты қалай қорғауға болады? Мысал келтіріңіз.

  11. Суреттермен жұмыс істеуде төсемді не үшін пайдаланылады?

  12. Мәтінде суреттің орналасуын қалай?

  13. Объектіні қалай юоюға болады?

  14. Бірнеше объектіні бір уақытта ерекшелеуге бола ма?

  15. Фигураны қалай бұруға болады?

  16. Құжаттың бетіне диаграмманы (гистограмманы) қалай кірістіруге болады?

  17. Графиктік объектілердің орналасу тәртібін не үшін ауыстырады?

  18. *Гистограммасы бар диаграмманы аймақтары бар диаграммаға өзгерту алгоритмін жазыңыз

  19. *Салынған диаграмма (гистограмма) мәліметін қалай өзгертуге болады (гистограмманы)?

  20. *SmartArt арқылы саланған диаграмма түсін қалай өзгертуге болады?

Дәріс №10