Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Пернелерге макрос міндеті

Көптеген пайдаланушылар әртүрлі әрекеттерді орындау үшін перенелерді үйлестіру арқылы орындауды қалайды. Сіз, жиі пайдаланылатын макростарға перенелер үйлестіру міндеттеуіңізге болады. Ол үшін:

1. Макросты жазу (Запись макроса) сұхбаттасу терезесінде (54-сурет) Макросты міндеттеу (Назначить макрос) аймағындағы Пернелерге (Клавишам) батырмасын басу керек.

2. Пернетақтаны баптау (Настройка клавиатуры) сұхбаттасу терезесінде Жаңа пернелер үйлестіру (Новое сочетание клавиш) өрісіне тышқан сілтемесін орнатыңыз да, макрос шақыратын үйлесімді басыңыз. Әдетте ол F1-F12қатаң пернелер, сонымен бірге сандармен Alt және Ctrl пернелер үйлестіруін.

54-сурет. «Пернетақтаны баптау» сұхбаттасу терезесі сі

3. Қажетті пернелер үйлестіруі алынған кезде, Міндеттеу (Назначить) содан кейін Жабу (Закрыть) батырмаларын басыңыз.

Макросты жазу

Алдын ала жұмыстары аяқталған соң, макрос жазуға кірісіңіз. Құралдар тақтасының немесе пернелердің макросты міндеттеу терезесін жабқаннан кейін, тышқан сілтемесі пішінді қабылдайды. Енді қажетті әрекеттерді орындауға болады.

Макрос терезесі арқылы макросты орындау.

Макростарды орындау үшін тек пернелер үйлестіруі міндеттері немесе тез іске қосу тақтасындағы батырмалар арқылы ғана емес, сонымен қоса Макрос сұхбаттасу терезесін пайдалану арқылы да орындауға болады. Осы терезені іске қосу үшін лентадағы Түрі (Вид) қосымшасының Макрос тобындағы батырманы басу керек.

«Макрос» (55-суретError: Reference source not found) сұхбаттасу терезесінде орындауға болатын макростардың толық тізімі берілген. Олардың біреуін қолдану үшін тізімнен қажетті макросты таңдап, Орындау (Выполнить) батырмасын басыңыз.

55-сурет. Макрос сұхбаттасу терезесі

Макрос сұхбаттасу терезесі тек макростарды іске қосумен бірге оларды басқару мүмкіндіктері бар, мысалы, өзгерту және жою. Егер MicrosoftWord әр ашқан сайын макростар болса, онда олардың орындалуын автоматтандыруға болады. Ол үшін макросты AutoExec деп атау керек.

Дегенмен, пайдаланушылар үшін әдеттегі MicrosoftWord-тағы командалар макрос болып табылады және Макрос терезесі арқылы орындауға болады (56-сурет). Олардың толық тізімін көру үшін Макростар тізімінен Word командалары пунтктін таңдау кереку.

56-сурет. «Макрос» сұхбаттасу терезесіндегі MicrosoftWord командалары

Үстелдік баспа жүйелері

Күнделікті алуан түрлі кәсіптің адамдары, атап айтсақ, жазушылар, журналистер, ғылыми қызметкерлер, студенттер, кәсіпкерлер: кітап, мақала, баяндама, оқулық, газет, жарнамалық бүктеме, визитка және т.б. түрлерді шығарады барлығының өз кезектерін редакцияларда, баспа және баспаханада күтуі жиі кездеседі.

Қазір заман өзгергендіктен кез келген автор өз еңбегін еркін жариялай алады. Ол үшін компьютерлік технологияның еңбегін пайдаланады. Осы үшін «сенің үстеліңдегі баспа», баспа ісінің негізгі үрдісінің білімдері қажет.

Сіздер баспа жүйесі жайлы білесіздер ме?

Компьютерлік техниканың және программалық қамтамасыз етідің дамуымен шамамен 15 жыл бұрын "компьютерлік баспа технологиялар"(КБТ) деген ұғым туды. КБТ – үстелдік баспа жүйесінің құралдары арқылы басылым дайындау.

Баспа жүйесі –дербес компьютерлер, сканерлеу, шығару және фотошығару құрылғылары, программалық және желілік қамтамасыз ету, терімнің және редакциялаудың мәтіні үшін, құру және суретті өңдеу, түпнұсқа үлгісін дайындау, фотоформалар және түс өзгерту жүйесінен құралған кешен.

Үстелдік баспа жүйесіне қатысты қандай программаларды білесіздер?

Баспа үрдісіне байланысты барлық бағдарламалар келесі топтарға ( кесте-1) бөлінеді:

  1. Суретті өңдеу технологиясы;

  2. Полиграфиялық дизайнның технологиясы

  3. Үстелдік баспа жүйесінің технологиясы

1-кесте. Баспа ісінің компьютерлік технологиялары

Технология

Нысандармен жүргізілетін енгізгі жұмыс

Программалық өнімдер

Суретті өңдеу технологиясы

Құру және мысалмен сипаттау материалдарын өңдеу, дайын суретті өзгерту, материалдық тасығышта құрылғанды цифрлық формаға өңдеу, мысалмен сипаттау материалдарын цифрлық формада жасау.

Adobe Photoshop, Corel Photo-Paint, Fractal Design Painter, Micrografx Picture Publisher

Полиграфиялық дизайнның технологиясы

Дербес графикалық өнімдерді өңдеу: фирмалық белгілер, логотиптар, визиткалар, бланктер, хабарландырулар, жарияламалар, шақыру билеттері, ашық хаттар және т.б

Adobe Illustrator, Corel DRAW, Macromedia FreeHand, Micrografx Designer

Үстел үстіне қойылатын баспа жүйесінің технологиясы

Дербес компьютер көмегімен өнім (газет, кітап, журнал, кітапша,көпбетті құжаттар) шығару. Графикалық технология және полиграфиялық дизайнның нәтижелерін өзіне құрау.

Adobe PageMaker, QuarkXpressCorel Ventura, Microsoft Publisher, Scribus

Үстелдік баспа жүйесінің анықтамасын тұжырымдаңдар.

Үстелдік баспа жүйелері –құжаттар үлгісінің кең спектрін кәсіби баспа үшін электрондық түрде жүзеге асыруға арналған бағдарлама.

Кейбір баспа жүйелерін қарастырайық.

Adobe InDesign – кең көлемді құжаттарға оңтайландырылған, біт бетті бүктемелерден қалың кітаптарға дейін басуға арналған ерекше визуалды құралдардан тұратын соңғы уақытта пайда болған Adobe фирмасының пакеті.

Adobe PageMarker - едәуір күрделі интерфейс және командалық жүйесінен құралған кәсіби дизайнерді бағдарлау, суретшілерді және мамандарды бағдарлау, шұғыл пайдаланушылардың дизайнерлік компанияларда, жарнамалық агенттіктерде, баспаларда бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасайтын Adobe фирмасының тағы бір пакеті.

Scribus программалық қамтамасыз етуді еркін таратылуына жатады. Баспагердің ісінде Scribus полиграфиялық өнім және кәсіби деңгейдегі құжаттарды кең көлемдегі спектр шарттында құру, ең мықты программалық жиынтық болып табылады.

Программалық пакеттерінде көзделген тәсілдің айтылмыш үлгісі:

-мәтін беттеу;

-полиграфиялық суреттерді және түрлі қаріптерді

- мәтіндік процессорларды жоғары деңгейде түзету

-графикалық суреттерді құру

-жоғары сапада құжат тұжырымын қамтамасыздандыру

-және т.б.

Мәтіндік редактор және процессорлар болғандықтан үстел баспа жүйесі не үшін керек?

Мәтіндік процессорларда, айталық Microsoft Word арқылы көп жұмыс атқаруға болады. Ыңғайлы интерфейс және түрлі қондырғылар, ену мүмкіндігі және графика құруға, кестелерді, формулаларды, диаграммаларды, грамматика тексерісі және т.д. Техникалық нұсқауды, рефератты немесе докторлық диссертацияны әзірлеуге, ішкі қолдануға арналған құжат жасауға жеткілікті. Алайда, кітап, журнал, газеттерді сапалы шығаруға мүмкіндігі жетпейді.

Үстел баспа жүйесінің мәтіндік редактор және процессорлардан негізгі ерекшелігі мәтінді еңгізу, түзету емес, ал полиграфиялық үрдісте күрделі үлгілерді қолдану және көп тиражда шығару болып табылады.

Баспа ісінде беттеу — басылым беттерінің (макеттің айғыздарының) мәтіндік және графикалық элементтердің құрастырылуы, үрдістің нәтижесі – айғыздар(полосы)(сызықшалар). Беттеу мәтінді рәсімдеу, сипаттау және мәтіннің орналасуынан құралған.

Баспа үрдісін қарастырайық. Баспа үрдісі деген не? Оның атқаратын қызметі қандай?

Баспа үрдісі – адамзат тарихындағы ең «ежелгі» технология. Оның негізгі мақсатының бірі мәтіннің тираждалуы(қайта-қайта жаңғырту) болды.

Сол себепті баспа үрдісінің негізгі мақсаттары өзгертілмейді:

  1. мәтіннің және графикалық материалының жасалуы

  2. формаға аударылуы тираждау үшін ыңғайлы

  3. меншікті тираждау

Баспа ісінің дамуында, бұл үрдістер алғашында әртүрлі шешілді, барлығы қолдан жазылды, кейін полиграфиялық үрдістер келешек беттің айнадай көшірмесі ағаш тақтада ойылды, оны металл пластинада өшірді, жеке терім және т.б, барлық осы мақсат кеңістік пен уақытқа бөлінген. Компьютерлік технологияның дамуы арқылы барлық баспагер үрдісінің тұрғылықты бейнесін өзгертті. Компьютердің өзгерістері мақсаттың шешімінің үрдістеріне үздік енді және оларды бір жұмыс үстелінде пайдалануға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде компьютерлер барлық баспа-полиграфиялық үрдісте қолданыс тапты, соның ішінде жалғамсыз тираждау, КБТ ұғымы басты бейнемен редакциялық және басу үрдісімен байланысады.

Баспагер үрдісінің бір бөлігі редакциялық үрдіс – басылым ниеті, іріктеп алу, мәтінді түзету және сипаттық материалды, жоба рәсімдеу.

Басып алу үрдісі - барлық полиграфиялық технология кезеңі басып шығаруға дайындаумен байланысқан, (теру, түс өзгерту, мәтін және сурет өңдеу, басылым айғыздарын, басып шығару парағын құрастыру)сонымен қатар басып шығару формасымен.

Баспа немен айналысады?

Басылым – бұл басуды көбейту, өз бетінше дайындалған, редакциялық- баспа дайындығынан өткен, ақпаратты шығаруға енгізілген.

Баспа – өзбетінше рәсімделген, редакциялық-баспа дайындықтан өткен, шығыс мәліметтері және ақпараты бар мәліметті жіберуге арналған баспа шығармасы.

Басылым жасау үрдісі қалай жүреді?

Баспагер үрдісінің кезеңдерін және редактор рөлін қарастырайық.

Басылым шығару дайындығы – бұл кешенді үдеріс,ол келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Даярлаушы кезеңі – бұл кезеңде редактор тақырыптық жоспарды талқылау мен құрастыруға қатысады, тақырып авторларымен келіссөз жүргізеді, болашақ кітап жоспарымен жұмыс жасайды.

  2. Редакциялық кезең – бұл кезеңде қолжазбаның мақұлдауы шешіледі, оның бағалауы мен рецензиялауы, сонымен қатар басылымның өңдеуі мен дайындығы жүргізіледі.

  3. Өндірістік кезең – өндіріске түпнұсқаның түсімімен жасалуына дейінгі тираж. Барлық өндірістік, типографиялық үдерістер редактордың қадағалауымен тексерісінің астында өтеді.

  4. Қорытынды кезеңі - тарату және кітап жарнамасы.

Автор қолжазбаны жазады. Автор – басты қатынасушы. Автор сөзінің грек тілінен аударғанда бастаушы, жаратқан деген мағынаны білдіреді. Автор қолжазбасы баспада өңдеуден өтіп түпнұсқаға айналады. Автор қолжазбасын түпнұсқаға айналдыру үрдісі басылым үрдісі деп аталады.

Редактор – латын тілінен алынған сөз, аудармасы ретке келтіру деген білдіреді.

Редактор міндеті:

  1. орфографиялық қателерді түзету, стильдің жақсартуы.

  2. Дизайн (рәсімдеу, сурет тексеру және басқа да элементтердің сапасын, орналасуын) жасау.

  3. Басылым аппаратын рәсімдеу (титулді парақ, титул айналасы, деректер шығару және әдебиет тізімі).

Өңдеуден өткен түпнұсқа баспа терімінде кеткен қателерді жөндеуге өтеді, онда стилистикалық және грамматикалық қателерді түзетіп, бірегейлендіреді.

Техникалық редактор – басылым форматын, қарпін, композициясын орнатып, кейін түпнұсқа тиражға түседі.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

Тапсырма. Ерекшеленген мәтінге Arial гарнитурасы арқылы тышқанды шерту мен макрос құру н қолдану үшін ға Создайте макрос, с помощью которого можно щелчком мышью применить к выделенному участку текста гарнитуру Arial, полужирное начертание и размер шрифта 10.

1-тапсырма. Лентадағы Түрі (Вид) қосымшасындағы Макростар батырмасының астындағы батырманы шертіңіз. Мәзірден Макросты жазу (Запись макроса) командасын таңдаңыз. Жазу тақтасы пайда болғанда келесіні орындаңыз.

2-тапсырма. Басты (Главная) қосымшасының Қаріп (Шрифт) тобының төменгі жағында сілтеме түріндегі батырманы шертіңіз.

Қаріп (Шрифт) сұхбаттасу терезесі сінен Arial – қаріпін таңдаңыз, сызылуы – Жартылай қалың, өлшемі - 10

57-сурет. «Қаріп» сұхбаттасу терезесі сі

ОК батырмасын басып, жазуды тоқтатыңыз. Ол үшін лентадағы Түрі (Вид) қосымшасындағы Макростар тобының батырмасының астындағы сілтемені шертіңіз, Жазуды тоқтату (Остановить запись) командасын таңдаңыз.Макрос дайын.

58-сурет. «Жазуды тоқтату» командасы

Енді оның әрекетін тексеруге болады. Кез келген құжатты ашып, қажетті бөлікті ерекшелеңіз де, тез ңске қосу тақтасындағы батырма немесе пернелер үйлестіруі арқылы макросты шақырыңыз. Басқа тәсілдерден көрі макрос арқылы мәтінді пішімдеу әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы екеніне көзіңіз жетеді.

3- тапсырма. Интернет мүмкіндіктерін пайдаланып «ҚБТ пайда болғаннан бұрын баспа жүйесінің даму тарихы» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

В деңгейі

1-тапсрыма: Макростарды құру.

  • Кез келген мәтінді теріңіз немесе көшіріп алыңыз (15 сөйлемнен кем емес).

  • Мәтіндегі барлық нүктелерді НКТ деген үйлестірумен алмастыратындай макрос құрыңыз, макросқа батырманы тез іске қосатын тақтаға міндеттеңіз

  • Мәтінге арналған макростың жұмысын тексеріңіз.

2-тапсырма. Интернет мүмкіндіктерін пайдаланып «Баспа жүйесінің дамуының алғы шарттары» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

3-тапсырма. Баспаларда пайдаланылатын баспа жүйелері туралы сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз.

С деңгейі

1-тапсырма: Кестені пішімдейтін макросты құрыңыз, макросқа батырманы құралдар тақтасында міндеттеңіз.

Оқушының аты-жөні

Үй мекен-жайы

 

 

 

 

 

2-тапсырма. «Типография және баспаларда шығаратын баспа өнімдерінің түрлері» таөырыбына хабалама дайындаңыз.

3-тапсырма. Полиграфия, типография, баспа сөздеріне анықтама беріңіз.

4-тапсырма. Өз компьютеріңізге қандай баспа жүйесін орнатр едіңіз? Таңдауыңызды түсіндіріп беріңіз.