Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

5.3 Пәнді оқыту міндеттері

Осы заманғы информациялық технология мүмкіндіктерін және олардың келешектегі дамуын зерттеу; компьютерлердің және компьютерлік желілердің аппараттық және программаалық жабдықтау қалып-күйі мен келешектегі дамуын зерттеу, е-үкімет инфрақұрылымның базалық құрамдас бөліктері және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымымен таныстыру, “E-Learning” электронды оқыту әдістерін зерттеу.

БІЛУ КЕРЕК

  • Әртүрлі қажеттіктерге арналған қолданбалы программалар дестелерін дербес компьютерде пайдалануды;

  • Microsoft Office ортасында Word редакторын пайдаланып қарапайым және күрделі құжаттарды қалыптастыруды;

  • Microsoft Office ортасында Excel электрондық кестесін пайдаланып қарапайым есептеулер жүргізуді;

  • Офистерде пайдаланылатын деректер қорын құрастыруды үйрену үшін Microsoft Office ортасында Access программасын пайдалануды;

  • Графиктік редакторлардың өмірде қолдануымен, ғылыми және болашақтағы қызмет барысында пайдаланылу мүмкіндіктерін;

  • Программалау жүйелері мен оның қолданылуларын.

ҚОЛДАНА БІЛУ КЕРЕК

  • Дербес компьютерде жұмыс істеудің негізгі қағидаларын;

  • Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеудің негізгі қағидаларын;

  • Microsoft Оffice қолданбалы программалар дестесін пайдаланып жұмыс істеуді;

  • Microsoft Оffice дестесінің ең көп қолданылатын программалары - Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Access, Microsoft PowerPoint –та жұмыс жасауды.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны

Информатика пәнінің мазмұны педагогикалық және дидактикалық білімдердің толық жүйесі болып табылады.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

Ап-та-

Тақырыптың аты

Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны

БӨЖ тапсырмалары

1

Информатикаға кіріспе. Ақпарат ұғымы, оның түрлері мен қасиеттері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер және ресурстар

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.

2

Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне өту. Сандық және символдық ақпаратты беру әдістері. Ақпаратты кодтау. ASCII коды. Буль алгебрасы. Компьютердің логикалық элементтері

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Принтерді орнату. Дайын құжатты баспаға шығару. Сканермен тәжірибелік жұмыс.

3

Есептеу техникасының архитектурасы.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Архиватормен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен дағдысы. Антивирустық бағдарламамен жұмыс жасап үйрену.

4

Алгоритмдеу есептерінің негізі. Операциялық жүйе. Файл. Программалық қамтамасыз етудің даму диалектикасы. Программалық қамтамасыз етудің түрлері (лицензиялық, шартты тегін, тегін) және оларды қолдану ережелері.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

(MS DOS, Windows) операциялық жүйелерімен жұмыс істеу.

5

Аппараттық программалық қамтамасыз етудi даму диалектикасы. Дербес компьютерлердің құрылымдық ерекшеліктері бойынша жіктеуі

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Құжат терезесінің түрін баптау. Құжатты қарап шығу тәртіптемесі. Терезелерді бөлу және реттеу

6

Мәтіндік құжаттарды қолдану салалары және түрлері. Мәтінді өңдеу процессінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуі. Құжат терезесінің түрін баптау. Құжатты қарап шығу тәртіптемесі. Терезелерді бөлу және реттеу

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Стильдер. Стильдерді ауыстыру, жаңа стиль құру.

7

Стильдер. Стильдерді ауыстыру, жаңа стиль құру. Беттерді белгілеу

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.

8

Құжат құрылымы. Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер. Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Айқасқан сілтемелер. Мазмұнды баптау. Заттық көрсеткіш. Әдібиеттер тізімі.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.

9

Рецензиялау. Графиктік объектілерді және диаграммаларды кірістіру.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.

10

Макростар. Үстелдік баспа жүйелері.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтырудың тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру.

11

Scribus программасының интерфейсі. Жарияланымды құру және сақтау. Бейнені кірістіру және редакциялау

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтырудың тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру.

12

Мәтіндік блоктар және олардың түрленуі. Қабаттар. Scribus баспа жүйесіндегі шаблондар

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

13

Беттеу. PDF-құжаттарын құру.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

Компьютерлік желілердің түрлері. Интернетте сайттарды қолдану.

14

Электронды коммуникациялардың түрлері. Интернет керек ақпараттың көзі ретінде. Деректемелермен жұмыс істеу әдістері. Контент-талдау, он-лайн фокус-топтың, он-лайн сұхбат, аудиторияны зерттеу

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

“Электрондық үкімет” инфрақұрылымы.

15

Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпаратқа қол жетімдік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. Компьютерлік вирустар туралы түсінік беру. Антивирустық бағдарламалар. Файлдарды архивтеу, архиватор бағдарламалары туралы түсінік беру. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. “Электрондық үкімет” инфрақұрылымы. “E-learning” электрондық оқыту негізі.

Дәріс - 2 сағ., зерт. жұм. - 2 сағ.

“E-learning” электронды оқыту негізі.