Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Қорап – бұл программаның дистрибутиві жазылған компакт-дискі, пайдаланушы нұсқаулары, лицензиялық келісім және бірнеше қағаз буклеттер салынған әдемі корапша.

Бір қорапта тек қана бір программа болады (немесе программалық пакет).

Лицензия – бұл программалық өңімді қолдану құқығын беретін электронды растау.

Лицензиялар көбінесе мекемелерде қолданылады, себебі оңда компьютерлер саны көп және әрбіреуіне қорап сатып алудың мәні жоқ. Бір ғана дистрибутив және лицензиялардың қажетті саны сатып алынады. Бірақ кейбір программалар тек қана лицензиямен таратылады. Мұндай жағдайда сатып алу схемасы келесі түрде болады. Сатып алушы берілген ПҚ өңдеушісінің сайтына кіреді (немесе интернет-дүкен сайтына), лицензияға төлейді, содан кейін ол сіздің электронды жәшігіңізге жіберіледі (әрине, бұл түйінді файл), ал программаның дистрибутиві (яғни программаның өзің) сатып алушы өңдеушінің сайтынан өз бетінше жүктеп алады.

Үй пайдаланушыларына программаның қандай нұсқаларын сатып алған тиімді?

Үй пайдаланушыларына программалардың қораптағы нұсқаларын сатып алған дұрыс. Қорап арқылы қандай программа екені, өндірушісі кім, қорап ашылдыма ашылмаған ба бірден белгілі. Қораптағы нұсқалар лицензиялық нұсқаларға қарағанда шамалы қымбат болады. Лицензиялар көбінесе мекемелер үшін сатылады, бірақ егер Сізге қажетті программа үй пайдаланушылары үшін арналған лицензиямен сатылса – қорықпастан ала беріңіз. Бұл нұсқасы тиімдірек әрі арзанырақ.

Программалық қамтамасыз етудің қандай нұсқалары қатерлі?

Басқа адамдардан көшіру, дискілерді лотоктардан немесе нарықтан сатып алу, тегін құжат айырбастаушылардан, хакерлік сайттардан көшіру қауіпті. Күдік туған жағдайда өңдірушіге түсініктемелер үшін хабарласыңыз (e-mail немесе телефон арқылы).

Қаржылай жақтан программалар ақылы, тегін және шартты-тегін болып бөлінеді. Ақылы программалар ақша арқылы таратылса, ал тегіндері – тегін.

Шартты-тегін программалар ( ағыл. Shareware) – бұл белгілі бір шарттармен тегін қолдануға болатын программалар.

Қазіргі таңда shareware деп нарықта (яғни соңғы аялдамасы өңдіру атты жолмен кетті) иемденген ПҚ-дың түрін, тәсілін және таратылу әдістерін түсінеді, қолдану барысында сынақтан өткізушіге берілген мүмкіншіліктердің шектеулілігі (толық функцияналды емес немесе демонстрациялық нұсқасы), қолдану уақыты (триал нұсқасы ағылш. trial /ˈtraɪəl/ -уақытша) немесе кірістірілген программаны төлеу қажеттігін еске түсіру-блокираторы (NAG) бар нұсқалары. Лицензияда коммерциялық немесе профессионалды (тесттік емес) қолдануға тыйым салу жайында айтып өткен болуы мүмкін.

Мысалы программа үй компьютерінде тегін болуы мүмкін, яғни үй ішінде қолдануға рұқсат етілген. Мұндай программаны кеңсе компьютеріне орнатуға болмайды, ол лицензиялық келісімнің бұзылуына әкеліп соғады. Немесе программа белгілі бір уақыт аралығына ғана тегін болу мүмкін (мысалы 30 күнге), және т.б.. “Лицензиясыз” программа болмайды. Бүкіл программалар лицензиялық. Ресми программа сатып алынды ма немесе сатып алынған жоқ па оған байланысты емес контрафакты болады, егер қолдану барысында лицензия шарттарының ең болмағанда біреуі бұзылса. Біздің құқық қорғау органдарымызды әлбетте программаның төленгелі жайлы айғақ қызықтырады.

Кейбір өндіруші-фирмалар жарнамалық мақсататта және нарыққа программалық қамтамасыз етуін шығару үшін пайдаланушыларға шартты тегін программаларын ұсынады.

Пайдаланушыларға шектеулі уақытқа арналған программалар беріледі (егер де көрсетілген уақыт аралығанда төлемақысы төленбесе, программа жұмыс істемей қалады) немесе программалар шектеулі функцияналдық мүмкіншіліктермен (төлемақысы жасалынса бүкіл функциялары қолжетімді болады). Кейде функциялары түгелдей сақталады, бірақ пайдаланушыға аңда-санда программаның тіркелмеген үлгісі екенін еске түсіргіш болады.

Көптеген компьютерлік құрылғыларды және программалақ қамтамасыз етуді өндірушілерін программалақ қамтамасыз етудің кең көлемде тегін таратылуы қызықтырады. Ондай программалық құралдарға келесілерді жатқызамыз:

  • жаңа бітпеген (бета) программалық өңімдері (бұл олардың кең көлемде зерттеуден өтуіне мүмкіншілік жасайды);

  • жаңа технологиялардың маңызды бөлігі болып табылатын программалық өңімдер (нарықты басып алуға жол ашады);

  • ертерек шығарылған программаларды толықтырушы, табылған қателерді жөндейді немесе мүмкіндіктерін кеңейтеді;

  • программалардың ескірген нұсқалары;

  • жаңа құрылғыларға арналған драйвелер немесе қазіргі программалардың жаңартылған драйверлері.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

1 Тапсырма. Интернеттің мүмкіндіктерін қолдана отырып, «ЭЕМ-нің архитектурасы» тақырыбында кішігірім хабарлама дайындаңыз.

2 Тапсырма. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және жапсарлас құқық» туралы заңы»» жайлы шағын хабарлама жазыңыз.

В деңгейі

1 тапсырма. Интернетті қолдана отырып, «Қолданбалы программалық құрылғылардың топтастырылуы» тақырыбында хабарлама дайындаңыз.

2 тапсырма. СВЧ-плитаға, программаланатын кір жуушы машинаға, бейнемагнитофонға кірістірілген программалық құрылғылар қай түрге жатады.

3 тапсырма. Интернетті пайдалана отырып «Лицензиясыз программалық қамтамасыз етуді қолдану алдыңдағы жауапкершілік» тақырыбына хабарлама жазыңыз.

4 тапсырма. Нақты бір бағдарламаға қатысты лицензиялық ережелерін қалай білуге болады?

С деңгейі

1 тапсырма. «Қызметтік программалық құрылғылардың топтастырылуы» тақырыбында хабарлама дайындаңыз.

2 тапсырма. Пайдаланушының интерфейсін қамтамасыз етудың құралдары деп қай программалық құралдарды айтады? Неге?

3 тапсырма. Графикалық редакторларға жататын программалық қамтамасыз етудың негізгі категорияларын атаңыз? Бұл категориялардың арасындағы түбегейлі айырмашылық неде?

4 тапсырма. «Әмбебап Қоғамдық Лицензияның (GPL) пайда болуы» атты тақырыпқа хабарлама дайындаңыз.

5 тапсырма. Қанша айлық есепті көрсеткіштердің (АЕК) авторлық құқықтың және жапсарлас құқықтардың объекттерін заңсыз қолдануының артынан физикалық, лауазымды және заң беттерге айыпқұл салынады, немесе алу, сақтау, орын ауыстыру немесе авторлық құқықты объекттердің контрафакті даналарың жасау және (немесе) өткізу мақсатында жапсарлас құқықтардың, туындыгершіліктер иемдену немесе авторлар бірлесуіге мәжбүр ету, егер бұл әсерлерде қылмыстық әрекеттер белгілері болмаса.

Бұл қызықты!

MINIX  UNIX-іспеттес Эндрю Таненбаум жазған, компьютерлік ғылым саласында білім беру мақсаттарына бағытталған, қымбат емес минималды операциялық жүйе болып табылады. 3 версиясынан бастап, MINIX бос бола бастады және «маңызды» қолданыс үшін өзгертілді.

1991 жылы,  Хельсинки университетінде оқу барысында Линус Торвальдс операциялық жүйлермен қызыққанда MINIX-тің лицензиясына көңілі толмады, оның қолданысын тек білім беру мақсатында ғана қолданумен шектелді (бұл кез келген коммерциялық қолданысты тысқа шығарды), нәтижесінде өзінің операциялық жүйесін жасауда жұмыс істей бастады, соңында ол Linux болды.

Линус Торвальдс Linux-тің ядросын ​​MINIX-те жасай бастады, сонымен қатар MINIX-ке жазылған қосымшалар, Linux-ке қолданылды. Кейінірек, Linux белгілі бір кемелденуге жеткеннен кейін, Linux өзінің негізінде жасап шығаруларды жалғастыру мүмкіндіктері пайда болды.

«Еркін программалардың» тарихы Ричард Столлман (Richard Stallman) деген адамнан басталады. Тап осы адам «free software» (еркін программалық қамтамасыз ету) терминін алғаш рет қолданды және оның мағынасын нақты түсіндірі. Бірақ ол маңызды жаңа тұжырымдама аштым деп санамады. 70-ы жылдардың соңына дейін программалық қамтамасыз етудың маңызды бөлігі ғылыми мекемелерде өндеңделді — университеттерде. Университеттік дәстүр мәліметтер бір-бірінен жасырып қалуды сирек мадақтайды. Сондықтан программалар таралуы мен модифицасиясы еркін жүрді.

Негізгі әдебиет:

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

1. http://www.allbest.ru/