Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Респондент - бұл сұхбаттың сұрақтарына жауап беретін адам.

Сіз жай ғана топтық сұхбатқа қатысуға шақырту таратасыз немесе оны арнайы білікті адамдарға - мысалы, осы уақытта, танымал болып саналатын ақылы Интернет сұхбат әдісімен айналысатын, ұйымдарға тапсырасыз.

Бұл әдіс шектелген уақыт ішінде көптеген дұрыс жауап алуға көмек береді және тандаудын барлық шарттарына сәйкес, дәл сіздің назарыңыздағы респонденттердің сұхбат жауаптары түседі.

Он-лайн сұхбаттың екінші бір артықшылығы – бұл тек қажетті ағымдағы респонденттерге тапсырыс жасап қана қоймай, сонымен қатар осы рәсімді «кілтке (под ключ)» сәтті тұжырымдамасынан бастап, алынған нәтижелерді санау және талдаумен аяқтап өткізіп беретін мамандарға хабарласа аласыз. Бұл тек сіздің уақытыңызды ғана үнемдеп қоймай немесе сұхбат саулнамасы кезіндегі белгілі бір қиындықтарды ғана жеңіп қоймай, шыныменде, сіздің қарапайым жеке немесе сарапшы сұхбатынызды жоғары кәсіби дәрежеде өткізіп береді.

Виртуалды әлеуметтік сұхбат немесе басқа кез келген, мысалы: назарға ілінетін желідегі сұхбат қалай желі пайдаланушыларды қызықтыра алады? Біріншіден – бұл белгілі бір мөлшердегі ақша сыйы, сонымен қатар, барлық мүмкін болатын түсіндірулер: керекті заттарды төмен бағамен сатып алу үшін бонус купондары, белгілі бір қызмет көрсететін сертификаттар, үлкен ақшалы жүлдесін немесе техника, жылжымайтын мүлік пен автомобиль ұтып алуға мүмкіншілік беретін лоторея билеттері. Әрине бұл сияқты сыйлықтар көп адамдар санын қызықтырады және белгілі болған бірде бір портал респонденттер жетіспеушілігін сезінбейді. Бірақ бұл респонденттер тапсырыс берген адамның барлық шарттарына сәйкес бола алмайды, кейде белгілі бір мамандықтың немесе нақты аукатты адамдары сынауға қажет болады.

Бұл қызық!

Контент-анализ XX ғасырдың 30 жылдардан бастап АҚШ-та әлеуметтік ғылымдарда пайдалана бастады. Бірінші бұл журналистикада және әдебиетте қолданылды. Контент-анализдің негізгі рәсімдері американдақ әлеуметтанушылар X. Лассуэлл мен Б. Берелсон ойлап тапты.

Г. Лассуэлл 1930-жылдың соңында оны саясат пен үгіт насихат салаларында пайдаланды. Лассуэлл контент-анализді жетілдірді, жаңа категориялар мен рәсімдерді еңгізді. Сапалық белгілердің сандық өлшеміне қатты назар аударды.

Жалпы коммуникацияның қуралдарының дамуы осы аймақта контент-аналитикалық зерртеулер санын көбейтті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде контент-анализ АҚШ пен Англияның кейбір мемлекеттік мекемелерімен басқа елдердегі үгіт насихатының ыктималдылығын зерттеу мен шолу жасау үшін қолданылды.

Контент-аналитикалық зерттеулерде жинақталған тәжірбие Б. Берелсонның «Коммуникациялық зерттеулердегі контент-анализ» (50 жылдардың басы) атты кітабында жинақталды. Автор өзі контент-анализ әдісін, сонымен қатар оның түрлерін, критерилерін, сипаттау бірліктерін анықталды. Б. Берелсонның кітабы бүгінгі күнге дейін контент-анализ жайында мол түсінік беретін кітап болып саналады.

Б. Берелсонмен контент-анализге еңгізген өзгерістерінен кейін, АҚШ-та ол әртүрлі ғылыми бағыттарда қолданыла бастады. Тағы бір қызықты әдістердің бірі ол Ч. Осугаданың (1959) «символдар байланыстылығы», ол құрамындағы кездейсоқ емес элементтерді анықтауға көмектесті.

Батыс еуропалық контент-анализ зерттеушілері осы әдісті қолдану үшін, американдық тәжірбиеге жүгінді. Дегенмен, мұнда бірнеше түпнұсқалық сандық-сапалық анализ құрамы әдістемелер пайда болды (Ж. Клейзер, А. Моль).

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

Тапсырма 1. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Телефонияның пайда болу тарихы» жайлы шағын хабарлама дайындаңыз.

Тапсырма 2. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Психологиядағы контент-анализ» жайлы шағын хабарлама дайындаңыз.

В деңгейі

Тапсырма 1. Интернетті пайдалана отырып, «Интернет коммуникациялардың пайда болу тарихы» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

Тапсырма 2. Мазмұны бойынша жеке бас сауалнамалардың жіктеуін түсіндіріңіздер. Мысал келтіріңіз.

Тапсырма 3. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Контент-анализ және Паблик Рилейшенз мәтіндерімен жұмыс» жайлы шағын хабарлама дайындаңыз.

Тапсырма 4. Public Relations тәжірибесінде контент-анализдің қолданылу мақсаттарын түсіндіріңіз.

С деңгейі

Тапсырма 1. «IP – телефонияның пайда болу тарихы» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

Тапсырма 2. Веб 2.0. құралдарына мысал келтіріңіз.

Тапсырма 3. Импакт-фактор қалай есептелінеді? Импакт-фактордың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтіңіз.

Тапсырма 4. Интернетті пайдалана отырып, «Контент-анализдің негізгі кезендері» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

Тапсырма 5. Контент-анализді қолдану кезінде жиі кездесетін қателерді атаңыз.

Тапсырма 6. Кез келген кітап, журнал, немесе газеттен белгілі бір мәтін алып оны Фог әдісі бойынша бағалаңыз.

Негізгі әдебиет:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

  3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

  1. www.academia.edu/869619/

  2. http://www.psyfactor.org/

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұл күндері коммуникацияның көп қолданатын түрлері?

  2. Электронды коммуникациялар қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Пейджер дегеніміз не?

  4. Мобильді байланыстың қандай түрлері болады?

  5. Танымал чаттар қанша?

  6. Интернет орта дегеніміз не?

  7. Интернет-коммуникациялардың қандай түрлері болады?

  8. Асинхронды байланысқа не жатады?

  9. Синхронды байланысқа не жатады?

  10. Форумдар нені білдіреді?

  11. Жаңалықтар топтамасы дегеніміз не?

  12. Блог деп нені айтамыз?

  13. Чат дегеніміз не?

  14. Чаттардың танымал түрлері қанша?

  15. Бейнеконференция дегеніміз не?

  16. Дауыс коференциясы дегеніміз не?

  17. IP-телефония дегеніміз не?

  18. аукометрия ұғымы нені білдіреді?

  19. *Импакт-фактор дегеніміз не?

  20. Контент-анализ дегеніміз не?

  21. Қазіргі таңда контент-анализдің негізгі рәсімдеріне не жатады?

  22. Контент-анализ бірліктері неге байланысты бөлінеді?

  23. Қайда контент-анализ әдісі кең қолданылады?

  24. Мәтін оқылымы қалай бағаланады?

  25. Мәтін оқылымы қандай факторларға байланысты?

  26. Мәтін оқылымын сандық бағалауы қандай әдіс бойынша өтеді?

  27. Фога әдісінің қандай формуласы мәтін оқылымын бағалайды?

  28. On-line фокус топтың дегеніміз не?

  29. Оn-line фокус-топтың ының артықшылықтары?

  30. Сұхбат дегеніміз не?

31. Сұхбат қандай түрлерде өтеді?

32. *Қазақстан мектептерінде on-line сабақтар өткізу үшін қандай программалар мен ресурстар қолданылады?

Дәріс №15

Тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпаратқа қол жетімдік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. Компьютерлік вирустар туралы түсінік беру. Антивирустық бағдарламалар. Файлдарды архивтеу, архиватор бағдарламалары туралы түсінік беру. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. “Электрондық үкімет” инфрақұрылымы. “E-learning” электрондық оқыту негізі.

Жоспары: Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпаратқа қол жетімдік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. Компьютерлік вирустар туралы түсінік беру. Антивирустық бағдарламалар. Файлдарды архивтеу, архиватор бағдарламалары туралы түсінік беру. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. “Электрондық үкімет” инфрақұрылымы. “E-learning” электрондық оқыту негізі.

Мақсаты: Ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік вирустар туралы түсінік беру. Файлдарды архивтеу, архиватор бағдарламалары туралы түсінік беру. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар ұғымын анықтау, “Электронды үкімет” дегеніміз не, “Электронды үкімет” инфрақұрылымымен таныстыру. Электронды оқыту әдістерімен, білімді бағалау тәсілдерімен және “E-learning” ортасында ара қашықтықта оқыту курстарын жасаудың жаңа технологиялары.мен таныстыру.

Негізгі ұғымдар тізбесі: ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік вирустар, антивирустық бағдарламалар, файлдарды архивтеу, архиватор бағдарламалары, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, “Электрондық үкімет” инфрақұрылымы, “E-learning” электрондық оқыту.