Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Құжат терезесінің түрін баптау. Құжатты қарап шығу тәртіптемесі. Терезелерді бөлу және реттеу

MicrosoftWord мәтіндік процессорында құжат терезесінің түрін баптау

Процессордегі құжаттың жалпы баптаулары құжат редакциялануына байланысты емес. Сіз өзіңізге ұнаған терезенің сыртқы түрін таңдап, қызықтыратын дыбыстық схеманы, редакциялау үшін тілді бекіте аласыз және т.б., яғни программаны өз талғамыңызға сай етіп жасай аласыз.

Терезенің сыртқы түрін баптау үшін не істеу керек?

  1. Файл қосымша бетінде Параметлер (Параметры) Жалпы (Общие) пернелерін басыңыз.

  2. Ашылған терезеде «Word-пен жұмыс істеу үшін негізгі параметрлері» («Основные параметры для работы с Word») аумақтың түстік сұлбасын тандау тізімін ашыңыз «Қолданушы интерфейсының параметлері» («Параметры пользовательского интерфейса») батырмасын шертесіз.

  3. Мүмкін болатын үш нұсқаның ішінен біреуін таңдаңыз: «Күміс түсті» (үнсіз келісім бойынша берілген), «Қара», «Көк».

  4. ОК шертіңіз немесе Еңгізу (Enter) басыңыз.

Өз қалауыңызбен баластандырылған түстік сұлбалар, әзірше үшеу. Microsoft өнімдері әрдайым жаңартылуда, жақын болашақта олардың саны өсетін болады. Сіз Word құжатты әрбір түстік сұлбатпен қалай болатынын көре аласыз (7-8-сурет).

7-сурет. Үш түстік сұлбалар

Редакциялау тілін қалай баптауға болады?

Құжатты дұрыс редакциялау үшін келесі баптау қажет болады. Мысалы, егер үнсіз келісім бойынша орыс тілі берілген болса, ал сіз әрдайым тек ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін болсаңыз, уақытты текке кетірген ыңғайсыз болады, себебі әрдайым ағылшын тіліне қайта ауыстыруға тура келеді.

Үнсіз келісім бойынша тілді баптау.

  1. Файл қосымша бетінде ПараметрлерТіл (Язык) пернелерін басыңыз.

  2. «Тілді таңдау баптаулары» («Выбор языков редактирования») үнсіз редакциялау құралдар өрісінде Тіл таңдаймыз. Мысалы біздің жағдайымызда ол орыс тілі. Сәйкес жолды, одан кейін «Үнсіз келісім бойынша» («По умолчанию») пернені шертіп, оны қазақ (ағылшын т.б.) ауыстырыңыз.

Редакциялауға қосымша тіл қосу:

  1. Файл қосымша бетінде ПараметрлерТіл пернелерін басыңыз.

  2. «Тілді таңдау баптаулары» өрісінде ашылатын тізімнен «Қосымша редакциялау тілдерін қосыңыз» («Добавьте дополнительные языки редактирования»), ұсынылған 130 тілден керектісін таңдаңыз.

  3. Басыңыз Қосу (Добавить). «Баптау тілі» («Язык редактирования») аймағында көрінеді, қосылған тілдер тізімнің төменгі жағында.

Қосымша редакциялау тілдерін өшіру үшін «Өшіру» («Удалить») батырмасын қолданыңыз.

Қосылған тілге клавиатураның раскладкасын қосуы

  1. «Қосылмаған» («Не включено») пунктіне шертіңіз, онан соң «Мәтін еңгізу тілдері және қызметтері» («Языки и службы текстового ввода») терезесінің «Жалпы» қосымша бетінде, Қосу батырмасын шертіңіз.

  2. Тілді таңдаңыз, жоғарыда қосқандағы сияқты.

  3. ОК батырмасын шертіңіз немесе Еңгізу пернесін басыңыз.

Кейбір тілдер үшін дұрыс жазуды тексеру құралы орнатылмаған болуы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін, «Тілді таңдау баптаулары» аймағында «Дұрыс жазу» («Правописание») қатарындағы сәйкес тілдін жолында «Орнатылмаған» («Не установлены») пунктін шертіңіз. Сізде үнсіз келісім бойынша орнатылған браузерде, Microsoft сайтының «Жіктеу орталығының» («Центра загрузки») парақшасы ашылады. Ол жақтан сіз қосымша тілдер пакетін жүктей аласыз. Онда сізге керекті қосымша тілдерді тексеру құралдары болады.