Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Стильді құру және өзгерту

Бір құжатқа пайдалану үшін әр стиль негізгі мәтін, атаулар стилі және басқа стильдер жиынтығынан тұрады.

  1. Басты (Главная) қосымшасының Стильдер тобының Стильдерді Өзгерту (Изменить стиль) батырмасын басу керек, содан кейін Стильдер жиынтығы (Набор стилей) командасын таңдайсыз.

  2. Бағыныңқы мәзірде стильдер жиынтығын таңдаңыз (12 сурет). Стильдер жиынтығына тышқанның сілтемесін апарғанда алдын ала көру функциясы іске қосылады және құжат таңдалған стиль параметрлерінің қалпында болады.

Барлық ерекшеленген құжат стильдің жаңа параметрлеріне ие болады.

Стильдің барлық параметрлерін өзгертпей ақ, тек қаріппін өзгертуге болады, ол үшін келесі команданы орындаңыздар:

  1. Басты (Главная)қосымшасының Стильдер тобындағы батырмасын басыңыз, содан кейін Қаріп (Шрифт)командасын таңдаңыз.

  2. Бағыныңқы мәзірде атау және негізгі мәтін қаріптер жиынтығын таңдаңыз (13 сурет). Қаріптер жиынтығына тышқанның сілтемесін апарғанда алдын ала көру функциясы іске қосылады және құжат таңдалған қаріпте бейнеленеді.

12-сурет Стильдер жиынтығын таңдау

13-сурет. Қаріптер жиынтығын таңдау

Стильде тек қана түс өзгертуге болады, ол үшін келесі команданы орындаңыз:

  1. Басты (Главная) қосымшасындағы Стильдер тобының Стильді өзгерту батырмасын басыңыз, содан кейін Түстер (Цвета) командасын таңдаңыз (14-сурет).

  1. Бағыныңқы мәзірде қаріптердің түстер жиынтығын және мәтінге құюды таңдаңыз (14 сурет). Түстер жиынтығына тышқанның сілтемесін апарғанда алдын ала көру функциясы іске қосылады және құжат таңдалған түсте бейнеленеді

14-сурет. Түстер жиынтығын таңдау

Негізі, рәсімделген құжат үзіндісі негізінде стиль құрылады. Жаңадан стиль құрып, оны Экспресс-стильдер галереясына қосуға болады. Ол үшін келесі команданы орындаңыз:

  1. Мәтін үзіндісін ерекшелеңіз.

  2. Ерекшеленген құжатта тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз, контекстік мәзірде Стильдер командасын таңдаңыз, бағыныңқы мәзірден Ерекшеленген үзіндіні жаңа экспресс-стиль ретінде сақтау (Сохранить выделенный фрагмент как новый экспресс-стиль) деген команданы аласыз (15-сурет).

  3. В окне Стильді құру (Создание стиля) терезесінде Аты (Имя) алаңында жаңа стильдің атын жазыңыз және ОК батырмасын басыңыз (16-сурет).

15-сурет. Жаңа стиль құру

16-сурет. Жаңа стильге ат қою

Стильді жою

Экспресс-стильдер жиынынан керек емес стильді жоюға болады.

  1. Экспресс-стильдер галереясынан жоятын стиль атауын белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

  2. Контекстік мәзірден Экспресс-стильдер жиынынан жою (Удалить из коллекции экспресс-стилей) командасын таңдаңыз (17-сурет)

17-сурет. Экспресс-стильдер жиынынан стильді жою

Беттерді белгілеу Беттердің параметрі

Кез келген құжат беттерден тұрады, сондықтан құжатпен жұмыс бастау алдында беттер параметрін қойып алған дұрыс. Беттердің параметрін баптау үшін Беттерді белгілеу (Разметка страницы) қосымшасын пайдаланамыз. Қажетті құжатқа беттердің параметрлерін баптауға Беттердің параметрі (Параметры страницы) тақтасында негізгі батырмалар орналасқан.

Өріс (Поле) батырмасы құжаттың өрістерінің мәнің орнатады. (18-сурет).

18-сурет. Өрістерді баптау терезесі

Егер ұсынылып отырған стандартты нұсқалардың бірі құжатқа келмесе?

Құжатқа өрістердің мәндерінің стандартты нұсқаларынан басқа

баптаулар бар, ол үшін Баптайтын өрістер (Настраиваемые поля) мәзірін пайдаланыңыз (19-сурет).

Әдеттегі құжаттарда түптеуге болмайды

19-сурет. Беттер параметрі

Беттер параметрі (Параметры страниц) терезесінің үш қосымшасы бар: Өріс (Поля), Қағаздың өлшемі (Размер бумаги), Қағаз көзі (Размер бумаги).

Өріс (Поле) қосымшасыі

Өріс (Поле) аймағында өріске төрт мән береміз: сол жақ – 2,5см (1 дюйм), оң жақ – 1,25-1,5 см (жартыдюйм дей), жоғары және төменгі 1,5 – 2см (кейбір құжаттарда төменгі өріс жоғары өрістен үлкен болады), ал өрістердің максималдық мәндері: сол жақ үшін – 3см, қалған жақтары үшін – 2см тең.

«Түптеу» тізімінде түптеудің орналасуы солдан не жоғарыдан алынады. Түптеу кітапшалар, күнтізбеліктер, анықтамалар дайындағанда жие қолданылады.

Екі құжатты тігінен орналастыру үшін тізімді ашып, Бірнеше бет (Несколько страниц) өрісінен парақта 2 бет (2 страницы на листе) пунктін таңдаңыз.

Екі жақты құжаттармен жұмыс істегенде айналы өрістерді пайдаланыңыз. Осы жағдайда сол және оң жақ өрістерді автоматты түрде орындарымен жұп және тақ беттерге ауысады. Ол үшін Беттер (Страницы) аймағында Бірнеше бет (Несколько страниц) пунктінде жазылған тізімнен Айналы өріс (Зеркальные поля) пунктін таңдаңыз.

Үлгі (Образец) аймағында Қолдану (Применить) жазылған тізімнен өзгертуді қолдану нұсқасын таңдаңыз.

  • «Ағымдағы бөлімге» («К текущему разделу») – енгізілген өзгерістер тек қана осы бөлімге қолданылады;

  • «Құжаттың соңына дейін» («До конца документа») – ерекшеленген жерден құжаттың соңына дейін. Егер сіз, мысалы, өрістердің өлшемін ғана өзгертсеңіз, ол өзгерістер тек қана ерекшеленген үзіндіге ғана жасалады;

  • «Барлық құжаттарға» («Ко всему документу») – өзгерістер барлық құжатқа қолданылады.

Колонтитулдер туралы нақты келесі сабақтарда білесіздер.