Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Әлеуметтік желі – бұл контентті сол қатысушылардан құралған көп рет пайдалануға болатын интерактивті веб-сайт.

Сайт ортақ қызығушылықтары бар, пайдаланушылар тобына бір-бірімен байланысуға мүмкіншілік беретін автоматтандырылған әлеуметтік орта. Оларға тақырыптық форумдар да жатады, әсіресе соңғы кездері жақсы дамып келе жатқан салалық. Байланыс ішкі поштаның веб сервисі немесе жылдам түрде хабарлама алмасу түрінде жүреді.

Чат (ағлш. Chat - әңгімелесу) - бұл нақты уақыт тәртіптемесінде компьютерлік желі арқылы хабарламалармен алмасу құралы, сонымен қоса, осы сияқты қарым - қатынас ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін программалық қамтамасыз ету.

Қандай чаттарды білесіз?

Чаттардың танымал 3 түрі бар:

  • HTTP немесе веб-чаттар. Мұндай чат қатысушылар өздері немесе модератормен жазылған соңғы бірнеше фразаларды оқуға болатын қарапайым веб-парақ сияқты көрінеді. Чат парағы белгіленген уақыт аралығында автоматы түрде жаңарып отырады.

  • Бөтен протоколдар үстінен орналастырылған чаттар (мысалы ICQ, QIP, Skype).

  • Телечаттар. Телеканалдарда қолданылады, хабарлама ұялы телефоннан SMS жіберу арқылы жеткізіледі.

Бейнеконференция (Видеоконференция) дегеніміз не?

Бейнеконференциялар (102-с102-с) дегеніміз есептеуіш техниканың аппаратты программалық құралдары арқылы қашықтықта нақты уақыт тәртіптемесінде бір уақытта интерактивті ақпаратты екіжақты жеткізу, өңдеу, қайта түрлендіру және көрсету мүмкіндігін беретін ақпараттық технологияның саласы.

102-с102-с. Видеоконференция

Дауыс конференциясы нені білдіреді? Дауыс конференциясы – бұл жекеленген бөлме түсінігіне негізделген, көптеген коммуникациялар түрі.

Бөлме оңашаланған, қорғанган ақпараттық кеңістік болады. Мұндай бөлмені Communication Services-тің кез келген пайдаланушысы қажетті құқығы болған жағдайда жасай алады.

Communication Services -пен сізге аудиоконференциялар өткізу үшін арнайы, қымбат жабдық керек емес.

Аудиоконференцияға қатысушылар санына шектеу жоқ, себебі онда желіге ен аз салмақ түсіретін қазіргі заманғы дыбыстық кодектер қолданылады. Сапалы келіссөздер (переговоры) дыбыстың берілуі кезіндегі өзгермеуі, арнайы жасалған алгоритмдермен өтеледі.

103-сурет. Дауыстық конференция

Communication Services жүйесінде  екі аудиоконференция түрі жасалған: тең құқылы конференция және селекторлық жиналыс.

Тең құқылы конференцияда әрбір қатысушы өз бетінше өз микрофонын басқарады және диалогқа кез келген сәтте қосыла алады. Мұндай дауыс конференцияның түрі алдын ала құрылған сценарисіз өзекті мәселелерді талқылауға өте қолайлы.

Ал селекторлық жиналыста микрофонды беру құқығына тек қана конференция иесі (бөлмені құрушы) ғана құқылы. Онымен қоса, конференция иесінің эфирге кез келген уақытта құқы бар. Ал қалған қатысушылар конференцияға тек конференция иесі оларға спикер статусын бергенде ғана сөйлей алады.

IP-телефония

VoIp (ағлш. Voice over ip; ip-телефония) – бұл сөз сигналының тасымалын Интернет немесе басқа кез келген ip-желі арқылы қамтамасыз ететін байланыс жүйесі.

IP-телефония (5-с104-сурет).

Сигнал канал байланысы арқылы сандық түрде жіберіледі, артықтарын кетіру үшін, жіберілу алдында түрленеді (сығылады). IP-телефония жүйелерін пайдалану компанияларға-байланыс операторларына қоңырау құнын әлдеқайда төмендетуге (әсіресе халықаралық) және телефонияны Интернет сервистерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

104-сурет. IP-телефония

Бүгінгі таңда көптеген елдерде постиндустриалдық дамудан бірінші кезекте коммуникациялық процесстердің жоғары жылдамдығымен сипатталатын ақпараттық қоғамға өтуін байқауға болады.

Коммуникация Интернет желісі арқылы біртіндеп басқа оның түрлерін ығыстырып жатыр, себебі ол әлдеқайда қолжетімді, жылдам және аумақтық пен мемлекеттік шектеулері жоқ болып табылады.

Бұл қызық!

Ең алғашқы блог Тим Бернерс-Лидің парағы болып саналады, онда ол 1992 жылдан бастап жаңалықтарды жариялаған. 1996 жылдан бастап блогтар кең тарала бастады. 1999 жылдың тамыз айында Сан-Францисконың Pyra Labs. компью­терлік компаниясы Blogger.com сайтын ашты, ол ең алғашқы тегін блогттік қызмет болды.

Интернет керек ақпараттың көзі ретінде. Деректемелермен жұмыс істеу әдістері. Контент-талдау, он-лайн фокус-топтың, он-лайн сұхбат, аудиторияны зерттеу

Интернет бүгін бүкіл адамзаттың мүлігі болды. Ол қарым–қатынаспен оқытудың, коммерциямен көңіл көтерудің жаңа түрлерін туындатып жатыр. Интернет адамзат білімінің барлық саласында аса ірі білім қорын құрып отыр. Виртуальды кітапханалар, мұрағаттар, жаңалықтар ленталары өте көп мәтіндік, графикалық, аудио және бейне ақпараттардан тұратын, миллиондаған компьютерлерді бір ақпараттық жүйеге біріктіретін дүниежүзілік компьютерлік желі болады.

Интернет дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз