Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер.

Беттерді нөмірлеу үшін Кірістіру (Вставка) қосымшасының Колонтитулдер (Колонтитулы) тақтасындағы Беттің номері (Номер страниц) батырмасын бар.

25-сурет. Беттің номері

Беттерді нөмірлеу алдында номерді беттің қай жеріне қоятынымызды (жоғары, төмен және т.б.с) және қажет болса номердің пішімін баптап алған дұрыс.

Беттерде нөмірлер қалай орналасатының қарастырайық.

Егер бетке «құжаттың аты», «тақырып аты», «автор аты», «беттің номері немесе күні» деген ақпараттар жазу керек болса, онда бетке осы ақпараттарды қалай енгізуге болады?

Аталған ақпараттарды енгізу үшін Кірістіру (Вставка) қосымшасының Колонтитулдер (Колонтитулы) тақтасын пайдалану керек.

Беттің жоғары және төмен жағында орналасқан, құжат туралы қысқаша мәліметтерден тұратын аймақ колонтитулдер деп атайды.

Колонтитулдер:

  • құжат туралы (құжаттың аты, тақырыбы, автор аты, күні және т.б.) қысқаша мәліметтерден тұрады;

  • құжаттың әртүрлі бөліктерін ерекшелейді;

  • жұп және тақ беттер үшін құрылады.

Тышқанды екі рет шерту арқылы колонтитулдер арасында және құжаттың негізгі мәтіні бойынша тез ауысуға болады.

Жоғары немесе төменгі колонтитулдерге беттің нөмірлерін енгізу үшін Кірістіру (Вставка ) қосымшасының Колонтитулдер (Колонтитулы) тақтасын пайдалануға болады (-сурет)

26-сурет. Колонтитулдер терезесі

Кірістіру командасын орындағаннан кейін колонтитулдерді редакциялауға болады және де "Конструктор (Құрылымдаушы)" контекстік лентасы шығады.

"Конструктор (Құрылымдаушы)" колонтитулдермен жұмыс лентасын қарастырайық (27-сурет)

"Конструктор (Құрылымдаушы)" лентасы келесі баптауларды жасауға мүмкіндік береді:

  • жұп және тақ беттер үшін әртүрлі колонтитулдерді қоюға;

  • бірінші бет үшін жеке колонтитул;

  • колонтитулдермен жұмыс істеу барысында негізгі мәтінді жасыру;

  • беттердің номерін кірістіру және редакциялау;

  • колонтитулдің орналасуын басқару;

  • колонтитулге келесі объектілерді кірістіруге: ағымдағы күн мен уақытты, суреттерді, стандартты блоктарды.

Әртүрлі бөлімдер үшін жеке колонтитулдерді баптауға бола ма және ол қалай жасалады?

Үнсіз келісім бойынша барлық колонтитулдер өзара байланысты, сондықтан олардың арасындағы байланысты үзу қажет. Ол үшін Алдындағы бөлімдегідей (Как в предыдущем разделе) батырмасын пайдаланамыз және керісінше жағдайда бұл батырманы қоспау керек.. Әдетте құжаттармен жұмыс істеу барысында бірінші бетке номер қойылмайды, ол үшін Параметры (Параметрлер) тақтасында Бірінші бет үшін ерекше колонтитул (Особый колонтитул для первой страницы) батырмасына жалауша қою керек. Колонтитулдерді жою үшін Жоғары/төменгі колонтитулді жою ("Удалить верхний/нижний колонтитул)" пунктін пайдаланамыз.

Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Айқасқан сілтемелер. Мазмұнды баптау. Заттық көрсеткіш. Әдібиеттер тізімі. Сілтемелер.

Қалай ойлайсыздар, сілтемелер деген не және не үшін қажет?

Әртүрлі ғылыми жұмыстарды жазғанда (рефераттар, дипломдық жобалар, ғылыми мақалалар) қажетті атрибут болып сілтемелер саналады. Сілтемелер түсіндірмелер, түсініктемелер, ақпарат көздерінің нұсқасы ретінде мәтінге қосылады. Word-та сілтемелерді автоматты түрде беру мүмкіндігі бар. Программа автоматты түрде сілтемені беттің төменгі жағында орналастырады, оған қажетті қаріп өлшемін таңдайды және егер құжатта қандай да бір өзгерістер болса нөмірлерді сақтайды.

Сілтеме екі бөліктен тұрады: мәтіннен және құжаттың тиісті сөзінің қасындағы сан ретінде.

Сілтемелердің екі түрі болады: жай (мәтін сілтеме тұрған бетте орналасады, яғни беттің соңында) және соңғы (мәтін құжаттың, тараудың соңында орналасады, яғни құжаттың соңында)

Сілтемелермен жұмыс істеу үшін Сілтемелер (Ссылки) қосымшасының Сілтемелер (Сноски) тақтасы арналған. Сілтемені кірістіру үшін құжаттың сілтеме қоятын жеріне тышқанның сілтемесін қойыңыз және Сілтемелер (Ссылки) қосымшасының Сілтемелер (Сноски) тақтасындағы Сілтемені кірістіру (Вставить сноску) батырмасын басыңыз (-сурет??? ). Мәтінде тышқан сілтемесі орналасқан жерде сілтеме және беттің соңында көлденең шекаралық сызық пен қоса оның номері пайда болады. Соңғы сілтемені кірістіру үшін Соңғы сілтемені кірістіру (Вставить концевую сноску) батырмасы арналған. Сілтемелер (Сноски) сұхбаттасу терезесі арқылы сілтеме типін таңдауға болады, және де осы терезе Пішім (Форма) аймағында сілтемелер нөмірлеуінің тәсілдерін көрсетеді, Бастау керек (Начать с ) өрісінде қай номерден бастайтын символын орнатады.

Келесі сілтеме (Следующая сноска) батырмасы арқылы Сілтемелер арасында орын ауыстыруға болады. Сілтемені жою үшін оны ерекшелеп, Delete пернесін басу керек.

27-сурет. Сілтемелер сұхбаттасу терезесі сі.

Айқасқан сілтемелер тек бір құжаттың арасындағы элементтерде құрылады.

Егер жай сілтеменің мәтіні көп болса, Microsoft Word оны келесі бетке көшіреді.

Нумерация сносок может быть не только арабские цифры, но и любые другие символы